Воскресенье, 04.12.2016, 02:51
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Июнь » 27 » РУХАНИ ЖАҢАРУ АЙЫ – РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
РУХАНИ ЖАҢАРУ АЙЫ – РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
18:39

ЕРЖАН   ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазрет,
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз.
Құрметті мұсылман бауырлар!
Әлем мұсылмандары мүбәрак Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол ізгі амалдарды атқаруға ниетті. Сіздерді бір ай бойы жалғасатын ұлық Рамазан айының келуімен құттықтаймын! Алланың рақымы мен кешіріміне бөлейтін, әр игі амал еселеніп жазылатын Рамазанды асыға күткен баршамызға бұл қасиетті ай құтты болсын!
Құран Кәрімде айтылған Рамазан айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде жасалған кез келген қайырлы амалдың сауабын санау мүмкін емес. Сондықтан айлардың сұлтаны болған Рамазан – Алла тағаланың мұсылмандарға берген сыйы әрі нығметі. Қасиеті мен шарапаты мол айда күнәларымыздан арылып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартып, Жаратушыға жақындауға берілген мүмкіндіктер көп. Мүбәрак Рамазанның құндылықтары мен қадір, қасиетін жақсы түсінген ізгі адамдар оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға жасап, Жаратушымызға жалбарынған. Өйткені, адамның осы айда ұстаған оразасы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, барлық сауапты амалдары Алланың мейіріміне бөлеп, разылығын алуға жақындата түспек.
Ораза – Алла мен адамның арасындағы риясыз құлшылық, тек Раббымыздың разылығын көздейтін ұлық ғибадат. Құдси хадисте Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен де артық», - дейді.
Рамазан – рухани жаңару айы. Жерді мекен еткен аң мен құстың, барлық тіршілік иесінің жыл мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру үдерісінен өтетіні белгілі. Ал Алланың адам баласына берген шексіз нығметі, теңдессіз сыйы саналған ораза – күнәға бетпе-бет келуден сақтайтын, жан-дүниемізді, мінез-құлқымызды жақсылыққа тәрбиелейтін, рухани түлеп шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің адам өмірін ізгілікке бастайтынын білген пенденің одан, әсте бас тартуы мүмкін бе?! Олай болса, ораза ұстап, ұлы ғибадаттың сауабынан құр қалмайық, бауырлар!
Иман жолы сабырлық пен тақуалықты талап етеді. Ораза нағыз, шынайы тақуалық пен сабырлыққа жетелейді. Құранда Алла тағала: «Ей, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді. Әрине, сақтанарсыңдар» («Бақара» сүресі, 183-аят), – деп бұйырған.
Биыл шіліңгір шілдеге тұспа-тұс келген оразада ауыз бекітуге күннің ыстығы немесе басқа да себептер кедергі бола алмайды деп сенеміз. Себебі, иманның бал дәмін татқан жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Расында, әр адамға өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі», – деген. Бұл – адам баласы өзінің ниетіне орай, мақсатына жетеді деген сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Екі дүниеде де Алланың ризалығына кенелуден артық бақыт жоқ.       
Қадірлі ағайын!
Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылып, Алла тағала елімізге, жерімізге берекесін, мол ризығын жаудырғай! Мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!

muftyat.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 290 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz