Вторник, 19.09.2017, 21:52
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2017 » Май » 25 » ШҚО: Күршімде «Рухани жаңғыру және руханияттағы имамның рөлі» атты конференция өтті
ШҚО: Күршімде «Рухани жаңғыру және руханияттағы имамның рөлі» атты конференция өтті
09:53

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау, және II Республикалық имамдар форумының құжаттарын насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында «Рухани жаңғыру және руханияттағы имамның рөлі» атты конференция өтті.

Шараны ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі және «Күршім аудандық мешіті» ұйымдастырды.

Аудандық «Мәдениет үйінде» өткен алқалы жиынға ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкіл имам Ермек қажы Мұқатай және өңірге қарасты ауыл, аудан, қала, облыстық мешіттің имамдары мен молдалары түгелдей жиналды.

Сонымен қатар, жиынға Күршім ауданы әкімі С.Чукаев, облыстық «Дін мәселелелерін зерттеу орталығының» мамандары және аудандық ардагерлер, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен дінтанушылар, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Аудан басшысының құттықтау сөзімен ашылған жиында сындарлы баяндамалар жасалды.

ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкіл имам Ермек қажы Мұқатай өз баяндамасында: «Руханиятта имамдарымыздың рөлі аса зор. Имамдар қашанда рухани қызметтің алғы сапында болуы тиіс. Біз II Республикалық имамдар форумының құжаттарын таныстырып, насихаттау шарасын бастадық. Бұл жұмыс іркіліссіз ұдайы атқарылуы тиіс. Заман талабына сай «зияткер имам» қандай болуы тиіс деген барлық талаптар осы құжатта анық жазылған», - деп атап өтті.

Жиында баяндама жасағандар рухани жаңғырудың маңыздылығына тоқталып, осы бағыттағы күн тәртібіндегі мәселелерді саралады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 55 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [270]
Поиск
Календарь
«  Май 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz