Суббота, 03.12.2016, 00:46
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Ноябрь » 20 » Өскемен аймағына жаңа өкіл имам тағайындалды
Өскемен аймағына жаңа өкіл имам тағайындалды
20:34

ҚМБД-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Өскемен аймақтық өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамдығына Ермек Тасболатұлы Мұқатай тағайындалды. Жаңа өкілді қасиетті жұма күні, жұма намазы алдында ҚМДБ-ның Дін істері бөлімі басшысы Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы мешіт қызметкерлері мен жамағатына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Әріден, «2011 жылдан бері Өскемен аймағына өкіл имам болған Нұрлан қажы Байжігітұлы ислам дініміз үшін өңірде өлшеусіз көптеген еңбектер сіңірді. Оның тікелей атсалысуымен облыс орталығына сәулетті мешіт бой көтерді» дей келе, игі істері үшін ҚМДБ және Шығыс жұртшылығы атынан үлкен алғысын білдіріп, иығына ақ шапан жапты. Жамағат бір сәт көз жасын сығып, Нұрлан Байжігітұлының алдағы қызметіне табыс тілеп, жүректі сөздері мен шынайы алғыстарын білдірді.
Өз кезегінде Алланың қалауымен өзіне сенім артқан ҚМДБ-ң төрағасы Бас Мүфтиге әрі қызметіне әркез қолдаушы болған Өскемен халқына ыстық ықыласын білдіріп, Алланың үйі мен мешіт жамағатын жаңа өкілге аманат етіп, Алладан баршаға амандық, елімізге берекет, жерімізге бейбітшілік тіледі.
Шығыс Қазақстандық жамағат атынан Бақдаулет ақсақалымыз ақ батасын берді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы басшысы М.Мұхамеджанов облыс әкімі Д.Ахметовтың «Алғыс хатын» табыстап, еліміздегі ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты сақтауда қосқан зор үлесі үшін жылы лебізін білдірді. Жаңа өкілге қызметтік табыстар тіледі.
Сөз кезегінде жаңа өкіл Нұрлан Байжігітұлының аймақта атқарған істерінің бүгінгі қарқынын бәсеңдетпей, әрі қарай сол демде жалғастыратына сенім білдірді.
Нұрлан Байжігітұлы ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфтидің бұйрығымен Ақтөбе облысы бойынша өкіл имам, облыстық «Нұр Ғасыр» мешіттінің бас имамы болып тағайындалды.
Ермек Тасболатұлы бұған дейін Астана қаласы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 192 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [235]
Жаңалықтар [246]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz