Понедельник, 05.12.2016, 13:33
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2014 » Май » 13 » Өскемендегі игі шаралар
Өскемендегі игі шаралар
23:48

Қайырымдылық шарасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылдан бастап үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берді. Соның бір бағыты қайырымдылық шаралары еді. Осы басымдық берілген үш бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Адамдардың ең жақсысы – басқаларға пайдасы тигені»-деп, айтқан өнегелі сөзі бар. Осыған орай 9 мамыр жұма күні мешітте  Құмашева Гулнар Мәуітбекқкызына дертке шалдыққан баласын емдету үшін мешіт имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлының  ұйытқы болуымен 50 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

 Тазалық жасау - мүмін ісі.

Салауатты өмір салтын сақтап, әлеуетті өмір сүрудің бір негізі. «Қоршаған ортаға көңіл бөліп, бай табиғатымызды қорғай білу», – дегенін де жадымыздан шығармаған дұрыс. Мамыр айының 11 – і күні  мешіт имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы бастаған жамағат аулада тазалық жұмыстарын жасап, ағаштар отырғызды. Мешіт ауласына 10 түп алма ағашы және 5 түп қайың отырғызылды.  Хадисте айтылғандай: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады»,-дейді. Олай болса, Аллаһ тағала жасаған істерге разы болып, сауаптан жазсын.

 Насихат түбі - береке

Қаладағы № 44 орта мектеп гимназиясында  оқитын оқушылардың ата-аналарымен бірге «Исламдағы бала тәрбиесі»-атты кездесу өтті.  Бұл жиынға «Мұхаммади» мешітінің найб имамы Машайых Абдулхан қатысты. Ол өз кезегінде асыл дініміздегі ең үлкен нығметтердің бірі балаға жақсы тәрбие беру жөнінде ғибратты насихат айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл кездесуге мектептегі 7, 8, 9-шы сынып оқушыларының ата-аналары да қатысты. Мұндай жиыннның берер пайдасы мол екенін ата-аналар өз кезегінде айтып, кейін де жалғасын тапса деген ниеттерін білдірді.

 «Мұхамади» мешітінің баспасөз қызметі

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 411 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Май 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz