Четверг, 08.12.2016, 12:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2015 » Апрель » 11 » Татымды тәрбие
Татымды тәрбие
20:56

Қыс ызғары қайтып, көктем күшіне енген сайын еріген қар айналаны көк жайсаң қылып, төңірек те көгере бастады. Сенбіліктер жиілеп ағаш отырғыза бастағандар қатары да молайды. Жан жадыратар, көңіл тоғаяр мезгіл кімге ұнамасын?!
Біздің мешіттен шыққан үлкенді-кішілер де үйлеріне бірге тарқаса алмай, есіктің алдында әңгіме-дүкен құрар сәттері бар еді. Солардың бірі-екі ойлы болып тұрғандай көрінген Балтабай ақсақал бірдеңе айтқысы келгендей болып, мен бос орындыққа қарай беттеуімді мегзеді.
Тегінде Қатонқарағай ауданынан балалары жұмыс бабымен Өскеменге қоныс тепкелі біраз жыл болған. Зейнеткер өткен күндерін еске ала береді.
-Менің ой үстінде тұрып қалғанымды сіз байқағаныңызды аңғардым. Содан үн-түнсіз кетпейін деп тоқтатқаным ғой. Бір әңгіме айтып берейін деп едім,-деді.
-Құлағым сізде.
-Осы бір қызық-өзіме солай көрінеді. Мына ағаш отырғызғандарды көріп жақсы істердің жандана түсетініне мән берсеңіз, еріксіз танданасыз... Ауылда мен орта мектептің жанына таяу тұрғам. Сонда байқағаным – мына тәрбие де толастамайтын ұшы-қиырсыз дүние екен.
Ауырып-сырқағанда есік алдында жатқан ағаш бөрененің үстінде оқушылардың іс-қимылына қарап, ұзақ отырушы едім. Мұғалімдердің бастауымен жас шыбықтарды отырғызып, жаздай күтіп жүруші еді. Интернатта жатқан балалар өздері отырғызған талдарды сырттай «меншіктеніп» алатынын көзбен көрдім, кейбіреуінің мақтаныштарын құлағыммен естідім...
Ал енді мен сізге әлгі таң қалған нәрселерімді айтайын... Енді шәкірттің оқу жағдайын білмеймін, әлгі отырғызған ағаштарды әкелгенде, күтіп баптағанда аса жауапкершілікпен жұмыс істеген оқушыларды көріп жүрдім. Өзіміздің ауылдың балалар ғой, құдайдың құдіреті, осы істе белсенділік көрсеткендердің көбі өскен мына деген азаматтар болып шықты: біреуі-орденді тракторшы, енді біреуі ауданның ауыл шаруашылығы басқармасында бас бухгалтер, біреуі шаруашылық директоры, тіпті араларында ұшқыштар да бар.  
Ал енді әлгі жұмысқа неғайыл қарағандардың жолы болмады, біразы әке-шешелерінің зығарданын  қайнатып әлекке түсірді, кейбірі «жұмыс таба алмай жүрмін» деп ойды-қырды безіп кетті... Сырт қарағанда түкке тұрмайтын оқиға сияқты. Неліктен дейсіз ғой?
-Неліктен?.. Сіздің ойыңызды білейік.
-Менің ойымша, мәселе-оқушылардың ағаш отырғызуында ғана емес, мана сіз уағыңызда атап өткендей тәрбиеде, татымды тәрбиеге адам болайын деген жас өспірім құлақ қойып, оның дәмін тата біледі. Сон-соң білгенінен айырылмайды. Сондықтан үйдегі-түздегі тәрбиеге ата-ана, шектен-қалдың қауым ылғи тиісінше көңіл болып отырса, шіркін... Ата-аналар қолдары бос кезінде кішкентайларын мешіт табалдырығын аттатып көрсе деймін. Құдайға шүкір, қазір, бүгінгі таңда, бұған мүмкіндіктер бар ғой, ия. Бұған сіз не дейсіз?
-Бұл енді үлкен мәселе. Сіздің пікіріңізді кім де болса, қостайды деп ойлаймын. Татымды тәрбие-таптырмас арқа сүйер қолғабыс қой. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір сөзінде «кімнің шашы елім деп, дінім, бала-шағам деп ағарса, оның шашы қияметте нұр болады» деген. Асыл дәстүрімізді ұмытпағанымыз жөн ғой...

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы,
Мұхамади атындағы Өскемен қалалық мешітінің бас имамы

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 206 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [239]
Жаңалықтар [261]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2016Создать бесплатный сайт с uCoz