Воскресенье, 23.07.2017, 11:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2016 » Ноябрь » 11 » Тілейбек қажы Соянұлы,Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы: Уәдеге берік болу – мұсылманға тән қасиет
Тілейбек қажы Соянұлы,Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы: Уәдеге берік болу – мұсылманға тән қасиет
23:25

Дана бабаларымыз «Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, емен ағаштың иілгені сынағаны» деп асыл сөз қалдырған. Бұл уәдеге, сертке берік болу керек дегенді білдіреді. Яғни екі сөйлеу деген азаматқа тән емес, ал уәдені орындау нағыз ер азаматқа лайық екенін байқауға болады.
«Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген мақал бар. Бұл да уәдеге берік болуды үндейді. Уәдеге берік болу арқылы адамның сеніміне ие болуға болды. Сенім деген адамдар арасындағы қарым-қатынастың ең бір биік шыңы. Адамның сеніміне тек уәдеге берік болу арқылы ғана ие болуға болады. Адам біреуге берген уәдесінде тұру ол келесі адамды құрметтегеннің белгісі.
Уәдеге берік болу, айтқан сөзде тұру азаматтың іскерлігін, адамгершілігін, жеке жауапкершілігін көрсететін қасиет.
Уәде туралы дініміз исламда да көптеген ғибратты тағылымдар бар. Алла Тағала Құран Кәрімнің Рағыд сүресі, 20-аятында : «Олар, Аллаға берген уәдесін орындағандар және берген сөздерінен айнымағандар» деп, уәде беріп, сөздерінде тұрғандарды мадақтайды.
Тағы да Құранда:«Берген уәделеріңді және жасасқан келісім-шарттарыңды орындаңдар. Өйткені уәде беру жауапкершілікті міндеттейді» (Исра сүресі, 34-аят) деп уәде адамдар арасындағы сыйластықтың бастауы екендігін айтады.
Қасиетті Құранның Нахыл сүресі, 91-аятында «Келіссөз жасасқандарыңда, Аллаға берген уәделеріңді орындаңдар» деген аятпен қазақтың «Уәде-Құдай сөзі» деген мақалымен астасып жатыр. Алла Тағала: «Ей иман келтіргендер! Берген уәделеріңнің шарттарын толық орындаңдар» (Мәйда сүресі, 1-аят) деп әмір еткен.
«Исра» сүресінің 34-аятында: «Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады» дейді Алла Тағала.Біреуге айтқан антты бұзбай, оны орындау, немесе өз шамасына қарай уәде беруді: «Нахл» сүресінің 91-аятында «Қашан серттессеңдер, Аллаға берген серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі» дейді.
Ал әудеде тұрмауды, айтқан сөзді орныдамауды Құран Кәрімде «Сафф» сүресінің 1-2 аяттарында: «Әй мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар. Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зор ашуға себеп болады» деп ескертеді. Уәде берген кезде адам Алла қаласа, Алла бұйырса деп айтып дағдылану қажет. .
Хадистерде: Алла Елшісі: «Кімде-кімде 4 түрлі қасиет болатын болса, ол кісі екіжүзді мұнафықтан ол, аманатқа қиянатшы; сөйлеген сөзінде өтірік айтушы; уәдеге берік емес; куәліктен жалтарушы» деген.
Уәдеде тұрмау, жалған сөйлеуді, Ұлы Жаратушының жаратпайды. Нағыз мұсылман уәдеге берік болып, сөзімен ісі бір арнада тоғысып жатуы керек.

Тілейбек қажы Соянұлы,
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы

 

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 71 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [269]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz