Воскресенье, 30.04.2017, 10:11
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Октябрь » 1 » Жүректер «соғысы»
Жүректер «соғысы»
16:25
Осы айдың басында қалың жұртшылықтың ойын толғандырар қариялар күні, мұғалімдерге арналған күн сынды атаулы шақтарымыз бар. Оларды құттықтай отырып, атақты ақын, жазушыларымыздың шағармаларынан үзінділер ұсынамыз. Оның бірі ұлы жазушымыз, атақты ұстаз Мұхтар Әуезовке арналыпты, екіншісі де елеңдетпей, ойлантпай қоймайды.
Қадыр Мырза Әлі
«Өмір шіркін...»
Өмір шіркін мұндай қиын болар ма!
Қартыңды алар тағдыр сені тонарда.
Қайғырсақ та,
Қуансақ та,
«Қайттік?»-деп,
Алдыменен жүгіреміз соларға.

Балдырғандар болса мейрам-мерекең
Қариялар тіршіліктің тері екен.
Бірер күнге кетіп қалса қарттарың
Болады екен кеткендей бір берекең.

Көр олардың бізге қояр талабы,
Тасыдың ба,
Тәубеңді еске салады.
Үйді айтасың,
Үйің түгіл ауылда да
Қариясыз ауыл болмай қалады.

Аумаса деп төбемізден нұрлы күн,
Ойлайды олар бүкіл ауыл бірлігін.
Ауырдың ба?
Бұршақ салып мойнына
Тілейтіні сенің ғана тірлігің!

Асқар таулар оңайлықпен шөкпейді.
Біздің көрер қызығымыз көп дейді.
Олар барда
Ажал екеш ажал да,
Кейінгіге
Бір сүрінбей жетпейді.


Оразақын Асқар

Ұлы ұстаз
О, Мұха! Бір мереке сіздің сабақ,
Асыға күтуші едік біз күн санап.
Қашан деп хабарласып үлкендер де,
Жастар да жағалайтын жаңа талап.

Болмайтын кешігетін, қашатындар,
Жан-жақтан жабыла есік ашатын бар.
Кететін бізбен бірге студент боп,
Шын ғалым, нағыз сыншы, жас ақындар.

Өзге курс тіпті басқа факультеттен,
Ұл, қыз бар сабақтарын тастап кеткен.
Өзге оқу орнынан келген де көп,
Қалуға бір кездесіп алғы шеппен.

Тар болып аудитория түгіл зал да,
Екі адам бір орынға сығылғанда,
Жететін «келе жатыр» деген хабар,
Тыйым сап дереу қыбыр, сыбырларға.
Жалғасы бар...
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 401 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [264]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz