Среда, 26.04.2017, 13:04
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Октябрь » 8 » Жақсының жақсылығын айт...
Жақсының жақсылығын айт...
08:25
Кенді Алтайға исламның шуағын әкелген
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы 50 жаста
Жалғасы...
Ибрагим қажы Өскемен қаласына имам болып тағайындалған кезде Шығыс Қазақстан өңірінде тек Зайсан қаласында ғана бір мешіт болған екен. Аллаға тәубә, бүгінде бұл аймақта Ислам діні кеңінен қанат жайып отыр. Сол кезде облыс орталығынан бүгінгідей зәулім мешіт ашылады деп кім ойлаған.
Ол қашанда ел ортасына өзінің кішіпейілдігімен танылған азамат. Өзінің мағыналы да, мәнді уағыздарымен халықты баурап алады. Ибрагим қажы бір сөзінде: «Мир-Араб медресесінде оқып жүрген кезде ұстаздарымыз: «Имам деген көпір секілді. Оның үстінен әртүрлі нәрсе жүреді. Бәріне шыдау керек»,-дейтін. Расында, алдыңа алуан түрлі адам келеді. Соның бәрінің тілін тауып сөйлеуге тура келеді»,-дейді. Осы ұлағатты сөзді өзінің өмірлік қағидасы ғып ұстанған имам әрдайым өзінің алдына келген жамағатпен шешіле сөйлесіп, көңіліндегісін табуға тырысады.
Өзім Ибрагим қажымен бірнеше жыл бірге мешітте қызмет атқардым. Ол әрдайым имандылықты насихаттап, талай жандардың имандылық жолына келуіне себепкер болды. Осыдан он жыл бұрын Ибрагим қажының 40 жылдық мерейтойына арнау жазған белгілі қоғам қайреткері Төлеухан Қоғабаев ағамыз:
Жас болса да имамның сабырлығы атадай,
Құран сөзін оқыса дауысы бархыт-матадай.
Алла сөзін айтқанда бойына қонып салауат,
Мұсылман қауым бас иіп риза болып жатады-ай.
Өткен күнге көз салсақ биігінен бүгіннің,
Қиын-қыспақ кездерде сүрінбедің, жүгіндің.
Келгенінше шамаңның тыным таппай уағыздан,
Құндылығын таныттың Ислам атты ғылымның
Еңбек етіп келесің он екі жыл тұрақты,
Өзің жақтың еліме мұсылмандық шырақты-деп, Ибрагим қажының азаматтық келбетін суреттеген еді.
Сөз соңында Өскемен қаласының Мұхамади мешітінің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлын мерейтойымен құттықтай отырып, деніңе саулық, отбасына бақыт және дін жолындағы қызметіне табыс тілейміз! Өзіңе әрдайым Алла жар болсын!
Құскен қажы Баймолдин, еңбек ардагері.
Осындайлық жылы лебіздерін Өскемен қаласындағы "Мұхамади" мешітінің жамағаты да білдіріп отыр.
 

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 475 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Муфтият.Kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [264]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2017Создать бесплатный сайт с uCoz