Суббота, 17.11.2018, 13:48
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Статьи » Мои статьи

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы. Қазақстан ұлтының қалыптасуы және дамуы жолындағы Исламның консолидациялық рөлі
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Қазақстан ұлтының қалыптасуы және дамуы жолындағы Исламның консолидациялық рөлі

Бисмилләһир-рахманир-рахим. О, халайық! Аллаһ Тағаладан ізгі жүрекпен шапағат күтіп, жәрдем тілейік. Зерделесек бәрі өзімізге келіп тіреледі екен? Құранда «Расында Аллаһ адамдарға еш зұлымдық қылмайды, бірақ адамдар өздеріне өздері зұлымдық қылады» деген аят бар. Аллаһ кімді дұрыс жолға бағыттаса, оны ешкім  адастыра алмайды. Аллаһтан басқа бас иер ешкім жоқ, Пайғамбарымыз Мұхаммед – Оның құлы (салла Аллаһу әлейҺи уа сәллам), Аллаһтың кітабы – шын мәніндегі шынайы сөз…
Дін ғасырлар бойы қоғамның қалыптасып дамуына  айтулы үлес қосты. Бұған айқын мысал Ислам діні, ол 7 ғасырдан бері көптеген мемлекеттердің территориялында тәуелсіздіктің, мемлекет нығаюының және тұрақтылықтың кепілі болып келді.
Б.э. 9 ғасыр біздің республикамыз үшін ерекше шақ, осы кезде ислам адами қызметтің өзіндік бейнелі кешенді саласы ретінде кеңінен тарады.  Бұл кешенді салаға айнала қоршаған шынайы дүние, рухани құндылықтар кірді, мұның қазақтардың отырықшылық мәдениетін қалыптастыруға қажеті жоғары еді. Сонымен өзіндік таным құралы ретінде ғылым және техниканың, көркемөнердің және философияның дамына алғышарт жасалды.
Қалалардың пайда болып өркендеуіне байланысты көшпенділіктің қалыпты салты және өркениетті ислам мәдениетінің жарасымды тоғысуына негізделген өзіндік табиғи  мәдениет өркен жая бастады. Жаңа мәдениеттің шапшаң қарқын алуына ислам көзқарасының игілікті мақсаттары қатты әсер етті. Бір-біріне адамгершілікпен қарап, төзімділік туы астында Жоғары шындыққа бет бұру бір кезде бірде-бір империя көрмеген қыруар халықтар мен мемлекеттерді ислам дініне біріктірді.
Ислам Шығыс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Тарихи мағлуматтарға жүрінсек, алғашқы мешіттер мұнда 17 ғасырдың аяғында пайда болғанын көрсетеді. Алайда бұл деректердің де жоққа шығар түрі бар, соңғы тарихи жаналықтар ислам мәдениетінің 9 ғасырдың ортасында дами бастағанын көрсетеді. Қазақтардың көшпенділік өмір салты жоғары діни талаптарды терең сезініп, ақпаратты шапшаң қабылдап отыруларына мүмкіндік берді, мұның өзі рухани даму мәселесін қамтамасыз етпей қойған жоқ.
Ал қазіргі кезеңнің өткенмен салыстарғанда өзгерісі ұшан-теңіз. Ислам дінінің шарықтап дамуы кеңінен бағаланып, зерттеліп, пікірталастар да тууда. Қазір дүние жүзінде 1 млрд. 200 млн.  мұсылман бар. Соңғы жылдары ислам дініне сенушілер мүлдем көбеюде. Париждегі танымал мешітке жұма сайын 100 000-дай адам барады, Москва тұрғындарының үштен екісі өздерін мұсылманбыз деп есептейді. Дүниежүзілік қоғамдық жүйеде ислам қатысы айтарлықтай.
Тәуелсіздік алуымызға байланысты Қазақстан территориясында өскендік аз емес, халықтың 70 пайызы ислам дініне сенеді. Ал Өскеменде мешітке келушілер саны 1998 жылмен салыстырғандаекі есеге өсті. Ислам дініне көзқарас дұрыс қалыптасуда. Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев ислам түркі халықтарының байырғы діні деді. Бас Мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының бастығы Ә. Б. Дербісәлиев: «Қазақстанның тұрақты дамып келе жатуын әлеуметтік, экономикалық, саяси факторлармен қатар діни фактор да қамтамасыз етуде» деп анықтап көрсетті.
Осы сөздерді жазарда бұдан 11 жыл бұрын Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысына өкіл имам етіп тағайындаған кезі есіме түсті. «Кенді Алтай өлкесіндегі қазақтарымыз орыстанып кетіпті» – деген қауесет хабарды естіп жүруші едім. Не де болса тәуекел  деп бір Аллаға сиынып, Республикамыздың Шығыс аймағына келіп, іске кірістім. Мен келегеннен кейін көп ұзамай Батыр бабамыз Қабанбайдың 300 жылдық мерейтойына байланысты Тарбағатай ауданының сол кездегі орталығы Ақжар селосында бүкіл облыс жұртшылығы мен көршілес елдерден келген қонақтар қатысқан ас беріліп, хатмүл-құран оқылды. Ұйғарым бойынша осы діни рәсім маған жүктелді.
Бір Аллаһ Тағаланың кеңшілік рахымының арқасында, бұрын ашық түрде жүргізілмеген құран қатымға мыңдаған жұртшылық қатысып ұйып тыңдап, шын пейіл ықыласымен қол жайып, бата жасады. Осы қауым ішінде үстемдігі әлі жүріп тұрған коммунистік партияның облыстық, аудандық басшы қызметте істейтін үлкен ағаларымыз  ешбір шімірікпестен ақ ниеттерін білдіріп, батаға қол жайды. Осы бір сәтті орындалған тапсырма менің көңіліме үлкен тоқтау салып, толқу-толғанудан айыққандай болдым.
Қазір бірнеше жылдардан кейін көзім жеткендей, Шығыс елі орыстанып кетті деген сөз ғайбат екенін айтқым келеді. Оған дәлел ретінде іргесі қозғалмаған Зайсан, Тарбағатай, Марқакөл, Күршім, Өр Алтайдағы Катонқарағай, Үлкен Нарын, қала іргесіндегі Ұлан, Самар ауданының мұсылмандарының ислам дінін сақтап, одан қол үзбей келгенін айтқанымыз орынды шығар, ал орыстанудың шығуы ауылы аралас, қойы қоралас, тіршілігі бір беткей орыс халқымен қоныстас болғандықтан олардың тілін қабылдап, оны өмірде жете пайдаланудың кейде той томалақты бірге өкізіп, ән айтып, би билеудің әсерінен туындаған болуы керек. Әйтпесе діннен безіп мұсылмандығын ұмытып, орыстанған қазақ жоқ.
Иншаллаһ, бүгінгі істің барысы облыс мұсылмандарының имандылыққа бой ұруы жоғарыда айтқандарымыздың толық дәлелі бола алатыны даусыз. Бұл күндері облыс мұсылмандарына 40-қа жуық мешіт қызмет көрсетуде. Бұлардың ішінде діндар азаматтарымыздың жомарттығымен өз қаражаттарына салдырған Самат Рамазановтын Қалжыр ауылындағы мешіті, Серік Ақтановтың Жамбыл ауылындағы, Қайырғазы Оңғарбаевтың Самар ауылындағы, Мұхаметрахым Көксегеновтың Каратал ауылындағы, ерлі-зайыпты Аэлита-Мейрамбектердің Зайсан қаласындағы орталық мешітін айтуымыз керек. Осыған қоса Өскемен қаласының төл тумасы Мұхамадиев Қазыкен үлкен мәрттік көрсетіп, құны 62 миллион тұратын мешіт тұрғызуда. Сондай-ақ, жергілікті мұсылман қауымы мен имамдардың ауыл-аудан әкімдерінің қолдауымен көпшілік игілігіне берілген салтанатты мешіт ғимаратының қатарына Глубокое ауданындағы «Ақтас» мешіті, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы «Байжігіт» мешіті, Күршім ауылындағы Күршім мешіті, Қараөзек ауылындағы «Айтқұл ата» мешіті, Шемонаиха, Лениногор қалаларындағы мешіттерді айтуымыз орынды.
Осы жерде дін мемлекеттен бөлек делінсе де халық қамы, ел болашағы үшін екеуінің де мақсат-мүддесі бірдей  екендігі  даусыз ақиқат.
Өткен жылдары облыстық мешіт діни қоғам ретінде едәуір игілікті істер атқарды, әр айда алқа мүшелерінің бас қосуымен өмірге байланысты мәселелер қаралып, белгіленген шаралар жүзеге асырылуда. Мешіт жұмысының басты бағыты халық арасында Ислам дінінің құндылығын уағыздап, кең көлемде түсінік жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Мешітіміз ислам әлеміндегі діни мерекелерді кең көлемде атап өтуімен  де, елдің жүрегіне жол тауып келеді. Бұл күндері мешітке келушілерге «Оразаның баға жетпес байлығы», «Иман нұры жауған шақ», «Құран аяты» парақшалары, діни кітаптар, газет таратылады.
Орталық мешіт имам-молдалары исламға қызмет етуде түрлі қоғамдық орындарда, мектеп, мекемелерде, музей және әскери орындарында,түрмелерде болып, уағыз-насихаттар жүргізіп келеді. Қазіргі күнде тәжірибе анықтағандай өкінішке орай молдаларымыздың  діни уағыз жүргізуге білімінің кемшін соғып жатқандығы байқалады. Әрине, бұл бір күнде шешілуге  келмейтін, келешектің ісі екені мәлім. Дегенмен, келешекке сілтеп уақытты бос өткізуге болмайтынына көзіміз жеткендіктен Өскемен орталық мешіт медресесінде тұрақты молдалардың білімін көтеру жұмысын жүргізіп отырамыз, ай сайын молдалар кеңесі өтіп тұрады, оған қосымша… Қ.М.Д.Б. – ның 2001 жылы 21-маусымдағы кеңейтілген алқа мәжілісінде қаралған мәселелерге байланысты Діни басқарманың талабына сай облысымыздың Өскемен аймағы бойынша шілде айының 10-16-сы аралығында аудан имамдарының білімін көтеру оқуы өткізілді. Онда имамдар кеңейтілген діни тақырып бойынша түсініктер, ақша-қаражат, есеп жұмыстары жайында, іс қағаздары мен шаруашылық жұмыстар туралы, т.б. келелі мәселелер жайында толық мағлұмат алды. Семинарда аудан имамдарына түрік мемлекетінен келген ұстаз Мұстафа Шал мен орталық мешіт молдалары және облыстық ақсақалдар алқасының мүшелері сабақ өткізді.
Семинардың соңғы қүні облыс әкімнің бірінші орынбасары Талғатбек Жәмшитұлы Абайділдин  имамдармен кездесті. Тамыз айының басында аудан мешіттерінің есепшілерімен, олардың атқаратын міндеттері, әсіресе, ақша қаражат, мешіт мүлкінің толық есепте болуы туралы екі күндік семинар өткізіліп, оған түсінік беруге Орталық мешіт қызметкерлерімен қоса облыстық салық инспекциясынан, әділет  басқармасының өкілдері шақырылды.
Халық тілегін қабыл алған Аллаһ Тағаланың кеңшілігімен қайта оралған мұсылмандығымыз ел тарихында ерекше  орын алатын зор бақыт, үлкен қуаныш деп білеміз.  Өткен он жыл ішінде дінімізді жолға қойып, дамыту барлық жерлердегідей, біздер үшін де тарихи кезең болғаны даусыз.
Алайда, осы айтылғандармен  тағы басқа кемшіліктерді болдырмау жөнінде молдаларымыз бен алқа мүшелері шын ниеттерімен қызмет атқарып, бір Аллаһ Тағалаға сыйына отырып, мұсылмандарымыздың кемеліне жеткізе жүргізуге  күш-жігерін аямайды демекпіз. Бұл жерде, иншаллаһ, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының  кейінгі бір жыл ішінде басшылықты түбегейлі өзгертіп,  күнделікті ісімізге дейін бағыт-бағдар  беріп отырғаны үлкен көмек. Ислам дінінің халық арасында лайықты орын алып, күшейіп, нығаюына  толық мүмкіндік туды деп ойлаймын.
Категория: Мои статьи | Добавил: модератор (27.12.2009)
Просмотров: 1394 | Теги: Мақалалар | Рейтинг: 4.9/9 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Мои статьи [11]
Поиск
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz