Воскресенье, 25.02.2018, 04:23
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » FAQ [ Добавить вопрос ]

Сұрақ:

Құрметті Ибрагим қажы балам! Мынау екі сұрақты өзіңнің атыңа балама жаздырып отырмын. Тегінде Қатонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылы маңының тумасымын. Жас ұлғайғанмен діни білім алмай өстік қой. Әлі күнге бұл жайда көп нәрсені білмейміз, айып етпессіз.

Сауалдарым:-Кедейшілікке қарсы және түрлі науқастардан айырылуға көмектесетін дуалар бар деседі жұрт, осы рас па? Рас болса, мән-жайын білсем деймін.

 

Бәтима апаң, 69 жастамын. Өскемен қаласы.

 

Жауап:

Бәтима апай!

Кез-келген адамның қандайда болмасын жақсы тілек тілеуіне, сырқатынан айығуына қажетті  дұғалар баршылық. Оның бәрін кеңінен білуіңіз үшін біздің Мұхамади атындағы мешітімізге келіңіз. Ал сіздің күмәндарыңыз «Кимаяий СААДАТ» дуасының қасиеттерін оқығанда шешіледі. Осының алтыншы, жетінші қасиеттерінде былай деп жазылған: «Кімде-кім кедей болып, үнемі жарымай жүрсе, осы дуаны намаз оқысын. Кедейлігі кеміп, Аллаһ мол мал, дәулет береді». Кімнің бойында жазылмас созылмалы дерті болса, оқитын дуасының мәні «жетінші қасиетінде» айтылған.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Сұрақ:

Менің жасым алпыстан асса да зейнеткерлікке шыққан соң ғана көп жәйіттерге мән беріп, білмейтінім көп екенін сезіп жүрмін. Зырян, Күршім, бұрынғы Үлкен Нарын аудандарында тұрып келдім. Қазір Өскеменде баламның қолындамын. Сонымен сұрайын деген сауалыма тоқталайын. Көп жерде мәйітті жерлегенде оны қоюшылар дәрет алуы керек пе, жоқ па? Тұстастардан сұрасаң «қайдағы-жайдағыны айтпай тұра берші» деп сыбырлайтындары, қылжақтайтындары бар.

 

Назар Жетпісбаев

 

Жауап:

-Мәйітті жерлегенде қабыршылардың дәреті болмаса залалы жоқ. Алайда, жаназа намазда жүріп, я бой дәретсіз болмауы керек. Өйткені  намаз парыз-кифая.

 

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Вопрос:
- Почему в школах Казахстана не дают элементарных знаний о религии, ее роли в жизни общества? Мне кажется, что такие знания необходимы сейчас, в эпоху ее расцвета. Такие знания позволили бы избежать нежелательных связей с сектами и экстремистскими течениями..
 
Маржан К., Усть-Каменогорск

Ответ:
-Спешу обрадовать Вас тем, что согласно информации агенства "Казахстан Сегодня" в 2009 году предмет "Основы религиоведения" становится обязательным в старших классах школы. Подробнее можете прочитать в ссылке. Ссылка на "Kazakhstan Today" обязательна

Ибрагим кажы Карнакбайулы


Сұрақ:

-Алуан  тамақтардың дәмін келтіру үшін түрлі шараптар қолданып жатады. Осыған қалай қарайсыз?

Меңдігүл, аспаз, сырттай оқимын.


Жауап:


-Ислам дінінде ол харам ас болып есептеледі. "Күшті арақ емес қой, аз мөлшерде" деген пікірлердің бірін де қостауға болмайды.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Сұрақ:
-Бас ауырғанда, кісі іреніштен құтылғысы келгенде оқылатын дұғалар бар дейді, рас па?
Майсара, тегінде Зайсан ауданының тумасымын, қазір Өскеменде, базарда сауда жасаймын.

Жауап:
-Майсара, ондай аяттар бар екені рас. Оның мән-жайы, атап айтқанда, толық мәнісі туралы біздің Мұхамади атындағы мешітке келіп білуіңізге болады.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Сұрақ:

-Мектептерде дінтану сабағы өте бастайды десіп жұрт, осыған қалай қарайсыз?

Бекболат, 10 сынып оқушысы


Жауап:

-Бұл бір қуанышты жай деп ойлаймын. Ақпарат құралдарында жаңа оқу жылында он-он бір сынып оқушылары дінтану мен автокөлік сабақтарын оқитын болады деп жарияланғанын білеміз. Дінтану дәрістері жөнінде толығырақ білгің келсе, Мұхамади атындағы мешіттің табалдырығын аттап, бізбен жолығуыңа болады.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы



Сұрақ:

-Сіз діни қызметкер болғандықтан ислам діні жайында оқитыңыз белгілі секілді. Басқа қандай кітаптар оқисыз? Қандай мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді жақсы көресіз.

Нәзира, Сәуле - студенттер


Жауап:

-Қызметтен бос уақыттымда ислам діні туралы әдебиеттерден басқа да кітаптар оқимын. Ақыл-нақылдар көп қой, бірді-екілісін атайын:
«Білмегеніңді сұраудан қорықпа,
Сұрамаған түк те үйренбейді».  (С. Сарайи)

«Білген ерден білім толтыр бойыңа,
Ізгі сөзден ес кіреді ойыңа».       (М. Қашқари)

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Сұрақ:

-Құрылысшы болып істеймін. Бригада мүшелерінің біразы басқа ұлт өкілдері, еттерінен дәм татуларымызды өтінеді.

Манап.

Жауап:

-Сұрағыңыз түсінікті. Қысқаша түйіндесек, ислам жолымен сойылмаған мал еті халал емес.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Сұрақ:

-Алуан тамақтардың дәмін келтіру үшін түрлі шараптар қолданып жатады. Осыған қалай қарайсыз?

Меңдігүл, аспаз, сырттай оқимын.

Жауап:

-Ислам дінінде ол харам ас болып есептеледі. «Күшті арақ емес қой, аз мөлшерде» деген пікірлердің бірін де қостауға болмайды.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Сұрақ:

-Құрметті Ибрагим қажы! Мен техника тіліне әуес едім. Ініме жазғызып отырмын. Оның жасы отыз алтыда.  Мен елуге таяп қалдым. Мұны тәптіштеп айтып отырғаным мынау: інімнің басы ауырады, тісі қоса сыздайды, өзі математика ғылымының кандидаты. Мен «Ибрагим қажы ем салады екен, соған барып науқастарыңа  қарсы ем салдырып, дұға оқытып алсаңшы десем, «менікі» «давление» (қан қысымы жоғары) содан деп дес бермейді. Осыған не дейсіз! Әлде сіз дем салады деген сөз рас емес пе?

Бақытбек, Өскемен қаласы
 

Жауап:

-Дем салып, дұға оқитыным рас. Ал енді сіздердің жағдайларыңызға келсек, құдайға шүкір, бостандығымыз өзіміздегі еркін ел болып отырмыз. Ініңіз сіз айтқанға сенбесе, шипалы қолды дәгігерлеріміз көп қой. Солардың біріне барар. Әркімнің еркі өзінде. Осы тұста бұл жөнінде көптеген сауалдар түсіп жатқанын  айта кеткім келеді. Біздің мешітке келушілер де көп сұрақтар қояды. Өзіміз үйреніп алсақ қайтеді деседі. Мұның мән-жайын мешітке келіп білулеріңіз болады. Өйткені дұғалар қасиетіне шек келтіріп, сенімсіздіктер білдірсеңіздер қиындау болады.
Бақытбек!
Қысқаша осы. Біздің Мұхамади атындағы мешітке келіп, кеңірек сұхбаттасуыңызға болады.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы



Сұрақ:

-Мұсылманның музыкаға қалай қарайтынын білгім келеді. Қақапалы аспаптарда ойналатын шығармалар ғана танылады деген рас па? Ән-күйсіз өмір қызықсыз секілді...

Солтан, әуесқой әншімін.


Жауап:

-Музыка жайлы көп толғанбай қысқасына көшсек, мұсылман дінтанушыларының пікірін қостаймыз, яғни солардың пікіріне қосыламыз. Олардың ойынша егер ән-күйіңіз құдайдан безінуге, адамдарда кездесетін анайы жануарлық сезімдерін оятуға, сөйтіп кісіні кінәлі болатындай жолға мегзеп тартса, бұл-харам. Адамгершілікті сақтауға кедергісі көрінбесе, тыңдай беруге болады. «Құлағы сақтың-ойы кең»,-деп Ю. Баласағұни данышпанымыз да бекер айтпаса керек.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы



Сұрақ:

-Бір-бірімізді мұсылмандық емес мерекелермен құттықтасақ күнә болып санала  ма? Мешітке жаңадан барып жүр едім...

Сәбира. Қатонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы.

Жауап:

-Қадамың құтты болсын, Сәбира. Мейрамдармен құттықтаудың ешқандай сөкеттігі жоқ, мұнда ешқандай кінә жоқ. Сізді және жерлестеріміздің бәрін еліміздің Конституциясы  күнімен мен де құттықтап қояйын. Денсаулықтарыңыз мықты болып, бақытты өмір сүрулеріңізге тілектеспін.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы



Сұрақ:
-Өзім аздап спортпен шұғылданушы едім, пайдасын білем, бірақ жас келе сусып барамын. Құдайдың құдіреті, қан қалай қуалай ма, немене, енді балам бокспеншұғылданғысы келеді. Менің жасым  болса, өткен-кеткенді ойға алатын өткелге жеттім... Сұрағым ислам  діні бойынша, бокспен айналысу харам деседі, рас па?

Бөкей, Өскемен қаласы.

Жауап:
Рас. Алайда мұны тарс еткізіп осылайша түсіндірудің өзі қиын. Өйткені баяғыкезде спорттың бұл түрі болмағаны белгілі, сондықтан дінтанушыларымыз бұл жәйітті жан-жақты түсіндіріп, кең мағлұмат береді. Өскеменде тұрады екенсіз,қолыңыз тигенде Мұхамади атындағы мешітке келіп әңгімелесуіңізге болады. Жалпы денсаулық үшін шыныққан дұрыс қой, тек бет-ауызды соққылағанда кісінің зақымжанары анық.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Сұрақ:
Асүйде ыдыс-аяқ жуып жатқанымды кіріп көрген бірге жұмыс істейтін жолдасым: «мұның еркек адамға ыңғайсыз шаруа» дегені бар. Жалпы бірнеше кісіден естідім. Осыған ислам діні бойынша көзқарас қандай?

Бердібек, токарь болып жұмыс істеймін.

Жауап:
Мұсылман-еркектердің мұндай абзал іспен шұғылдануына рұқсат етіледі.Тазалық сенімнің бір түрі.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Сұрақ:
-«Қыз Жібек» туралы фильм көргенімде мен ұмытып қалдым, әйтеуір жақсы қызды түрі туралы ән шырқайды. Соның мәтінін білесіздер ме, бұл жайында не дейсіздер?

Серікболсын, 20 жастамын, айып етпеңіздер.

Жауап:
-Қайда тұратыныңды айтпапсың, Серікболсын. Сені сөге қоятындай ештеңе жоқ. Бойжеткендердің сымбаты мен көркі «Қыз Жібек» жырында былай келеді:

«Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары,
Жазғы түскен сағымдай.
Төсінде бар қос анар,
Нар бураның санындай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Іздеген ерге табылды-ай...»
Дегенмен, әркімнің өз сүйгені бар. Халқымыз «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу, махабаттың отына күйген сұлу» деп бекер айтпаған. Мұсылмандардың бұл жайындағы ой-пошымдарын кеңірек білгің келсе, Мұхамади атындағы мешітке қобалжымай-ақ кіре беруіңе болады.    

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы


Сұрақ:
-Әйел кісінің имам болғаны дұрыс па?

Н. Әбдірахманов

Жауап:
Әйел кісінің ер кісілерге имам болғаны мүлде дұрыс емес. Әйелдің әйел кісілерге имам болғаны мәкрух хәлде болады. Бұл жағдайда имам болған әйел жамағат болған әйелдермен бір сапта тұрады, алға шығып кетуі мәкрух («al Fikh alaL-mazhabil-Arba'a» 1/417).
Хазіреті Айша анамыз бен Үмму Салама (р.а.) әйелдерге имамдық қылып олармен бірге бір сапта тұратын. (Abu Da'ud. “Sunan”: Kitabus-solat: 2)
Әйелдер жамағат болып намаз оқыса, азан мен тәубір айтпайды. Егер айтса, мәкрух, күнәһар болады. (Fatava-I Hindiyye: 1/66).

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Сұрақ:
-Ислам діні бойынша спорттың шығыстық түрі «жекпе-жекке» қалай қарау керек? Мұсылмандардың спорттың осы түрімен шұғылдануына бола ма?

Өмірсерік

Жауап:
Бұл жағдайға жауапкершілікпен қарау қажет. Егер адам спорттың аталған түрімен басқаларды өлтіруге, не зақым жасауға қамданған болса, тыйым салынады. Ал егер денемді шынықтырам, басқаларды да денсаулықтарын түзетуге қамқорлық жасаймын, үйретемін десе, мұндай игі қадамдарға ешқандай тосқауыл жоқ.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Сұрақ: 
-Еркек мұсылмандардың алтын жүзік тағуына бола ма?

Аэлита

Жауап:
-Жалпы еркектердің әсемдіктердің пайдалануына шек қойылмайды. Тек әйел мұсылмандарға рұхсат етілген, ал еркек мұсылмандарға қолдануға тыйым салынған екі зат бар. Ол-алтын әшекейлер және таза жібектен тігілген киімдер.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Мәйіттің туыстарына көңіл айту.
Мәйітті жерлеу жөніндегі қысқаша мағлұматтар А.Зулай. Р. Мухитдинов құрастырған «Жаназа рәсімдері» атты кітаптан алынғанын ескерте отырып, қайтыс болған адамдар туыстарына айтарымыз-бұл жөнінде толығырақ «Мұхамади» мешітіне келіп, не болмаса хабарласып білулеріңізге толық мүмкіндік бар демекпіз.
Мәйіттің туыстарына пайғамбарымыздан жеткен дерек (Бухари, Муслим), бойынша: «Иннә лилләһи мә ахазә, уә ләһу мә ағта, уә күллу шәйин ғиндәһу биәжәлин мүсәммә, фасбир уәхтәсиб»,-деп көңіл айту сүннет. Сол сияқты «Ғаззамаллааһу әжрәкә», «Ахсаналлааһу ғазәәкә»,-деп айтса да оқасы жоқ. (МАҒЫНАСЫ: Расында алу да, беру де Аллаһтан. Барлық нәрсе Аллаһтың жазған тағдырымен болады, сабыр қыл және сауаптан үміттен).
Осы дұғадағы мағынаны беретіндей етіп қазақша көңіл айтуға болады. Мысалы: Арты қайырлы болсын, жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын және т.с.с.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Добавил: Нуржан (модератор)

Жүздесуге мүмкіндік болмай жатса себебін қысқаша түсіндіріп телефонмен өз білгеніңізше көңіл айтудың ешқандай сөкеттігі жоқ, Нұржан.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Добавил: Нуржан (модератор)

Талант!
«Көркем мінез» жайлы сауалыңның көлемі аз болғанымен жауабын толығырақ алуыңа болатын ұя-біздің Мұхамади атындағы мешіт деп есептеуіңе толық мүмкіндігіңіз бар. Менің өзіме-ақ кел! Мешіт қызметкерлерінің қайсысы болсын құшақ жая қарсы алады.
Ал әзірше беретін жауабымыз, хадистерде көрсетілген мына қағидаларды оқырсыз дейміз: Жақсы болғың келсе, сыртыңды ғана түземе, сырыңды түзе. Өмірдің ой-шұқыры, кедір-бұдыры көп, бірде тасып, бірде тартылып жататын арналы өзен сияқты. Адам өзінің қысқа өмірінде бірде ойда, бірде қырда көрінеді. Сол шақтарда өз әлін білмейтін адамдар асып-тасып, сабыр-салмағынан, ақыл арнасынан айрылып қалады. Қарын тойса, Құдайын ұмытып, кешегі досын танымайтындарға халқымыз:
Тасыма, жігіт, тасыма,
Тасыған жетер басыңа!
Ителгідей томсарсаң,
Кім келеді қасыңа?
Күшігендей солқылдап,
Күлгенің не досыңа?-

деп басу айтып, сабасына түсіріп, кеңес береді.


Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Добавил: Talant (Talant)

Бұл жағдайға жауапкершілікпен қарау қажет. Егер адам спорттың аталған түрімен басқаларды өлтіруге, не зақым жасауға қамданған болса, тыйым салынады. Ал егер денемді шынықтырам, басқаларды да денсаулықтарын түзетуге қамқорлық жасаймын, үйретемін десе, мұндай игі қадамдарға ешқандай тосқауыл жоқ.

Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Добавил: Талант (Talant)

Кәдуілгі мұсылманның мінез-құлқын көрсету қажет. Ибағатпен амандасып, ислам дінінің шарттарына орай жақсылық нышандарын жасаудың ешқандай артықтығы жоқ. «Мұхамади» мешітіне келіп толығырақ жауаптарға қанығайын десеңіз, мешіт есігі ашық. Күтіп алушыларымыз баршылық.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
Добавил: Талант (Talant)

Кішкентайларды сүндетке отырғызу туралы сұрақтарыңызға жауап беріп отырған «Мұхамади» мешітінің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлының көмекшілері деп білесіздер. Бұл жайында толығырақ мешіттен және облыстық балалар ауруханасынан білуге толық мүмкіндіктеріңіз бар.
Мешіттің телефон нөмірі-26-59-93
Аурухана кезекшісі-57-38-21, 62-38-21
Добавил: Талант

Сұрақ: Көркем әдебиеттерде ескіше ай аттары кездеседі. Қапелімде ажырату қиын. Соған көмектессеңіздер жақсы болар еді.
Гүлжан, 10 сынып оқушысы

Жауап:

Ай аттары

Жұлдыздардың белгілеріне және қазіргі күнтізбе айларына сәйкес келуі

Көне түрік тілінде

Арапша

Қазақтың халық күнтізбесінде

Қозы

Жамал

Наурыз

Тоқты (март-апрель)

Үді

Сәуір

Көкек

Торпақ (апрель-май)

Ерентұз

Зауза

Мамыр

Егіздер (май-июнь)

Құшық

Саратан

Маусым

Шаян (июнь-июль)

Арслан

Әсет

Шілде

Арыстан (июль-август)

Бадай басы

Сүмбіле

Тамыз

Бикеш (август-сентябрь)

Олкі

Мизан

Қыркүйек

Мизан (сентябрь-октябрь)

Шаян

Ақырап

Қазан

Сарышаян (октябрь-ноябрь)

Иа

Қауыс

Қараша

Мерген (ноябрь-декабрь)

Ұғлақ

Жади

Желтоқсан

Ешкімүйізі (декабрь-январь)

Көнек

Дәлу

Қаңтар

Шушы (январь-февраль)

Балық

Үт

Ақпан

Балық (февраль-март)


Сұрақтар:
-Марқұмдардың жетісі, қырқы, жылы жайлы білгіміз келеді.
Ақылбек, Зейнеп, Өскемен қаласы

Жауаптар:
-Мәйіттің жетісін, қырқын немесе жылын берудің шариғатқа қатысы жоқ. Ол халықтың әдет-ғұрпына жатады. Мұндай белгілі күндерді арнайы белгілеп, құдайы ас тарату шариғаттың қатаң талабы емес. Қайтыс болған кісінің жақындары шама-шарықтарына қарай жетісі, қырқы, жылы демей-ақ кез келген күні сауабын бағыштап қайыр-садақаларын жоқ-жітіктерге, мұқтаж жандарға берулері абзалырақ. Ал таныс, туған-туыстарын жинап ас берулеріне де қарсы емес. Шариғатта міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап өлінің атынан үлкен мал сойып садақа бересің деген үкім жоқ. Қысқасы, істесең сауап, істемесең күнә емес амалға жатады.
/ҚМДБ-ның 2000 жылдан бастап шыққан Пәтуалар жиынтығының бір бөлігі, А., 2008,60/

Би өнері
Сұрақ:
Қазақта би өнері бар дейді, осы рас па?
Арайлым, 9 сынып оқушы

Жауап:
Қазақ билері халықтың өмірін, салт-санасын, көңіл-күйін бейнелейді. Қазақтағы "Қара жорға", "Ортеке", "Аю биі", "Дауылпаз", тағы басқа билер өмірінің бейнесі, онда малшылық, аңшылық тұрмыстары көрінеді.
Қазақ билері мереке-мейрам, тойларда биленеді. Мал күзетінде далаға от жағып қойып, қыз-келіншек, жас-жігіттер билеген. Ертедегі қазақ билерінің кейбіреуін ат үстінде билеген. Бишілер жерге билеп келіп секіріп атқа мініп, аттың о жақ-бұ жағына түсіп, ат үстінде тік тұрып билеген. Мұндай билерді орындау өте шеберлікті талап еткен, олар өзі билеумен бірге атты да биге көндірген. Мұндай билердің көркемөнерлік сипатымен қатар, спорттық шынығу сипаты да басым болған.
"Қара жорға" биі жорға аттың жүрісін елестетсе, "Дауылпаз биі" сұңқар, қаршыға, лашын сияқты құстарды айдындағы ақ қазға салуды, саятшылық өмірді бейнелейді.
М. Қани

Бұл-түйенің сүтінен ашытылған екінші қымыз. Бірақ мас қылмайды. Майлы келеді. Қарынды ашқызбайды, мәйекті, денсаулыққа өте жақсы. Майлы болатыны-түйе суды аз ішеді. Ылғи құрғақ шөпті:-бүрген-бұтаны түйеқарынды, торанғыны, қарағанды, қалақайды, жарыпақты, қаңбақты, шеңгелді, көкпекті жейді. Медиен далада, шөлде жүреді. Керуеннің жүгімен бетпақ далаларда жүргенде екі өркешіндегі майды сусын етеді. Саумал сықылды түйенің сүтін де шайға қатса өте жақсы. Ертедегі қолы жеткендер түйе сүтінен басқаны, өте-мөте сиырдікін шайларына қоспаған.

Негізінен бастанғы сұрау-ересек адамдар қонаққа басқа жаққа кетіп, үйде жастар жағы қалғанда, құрбылары одан бастанғы беруін өтініп, бастанғы сұрайды. Яғни, тамақ асып құрбыларын жинауын сұрайды. Бұл жастардың бас қосып, сауық-сайран құратын кештер ұйымдастырудың сылтауы.

-Бұл жайында «Мұхамади» мешітіне келіп толығырақ білуіңізге болады. Қысқаша айтарымыз-тітіркенудің қажеті жоқ.
Хажжаж ибн Артод Атадан дем салу туралы сұрағанда ол: «Ей, Ирак халқы, бұл істің жамандығын тек сіздерден естідік. Біліңдер! Ғибадат жасау денемен орындалады, дұрыс ғибадат жасау үшін Аллаһтың үкімдерін біліп орындау уәжіб болған болса, денсаулықты сақтау уәжіб болады. Ғибадатты орындау ілімді үйрену және оны амалда қолданғанның зияны жоқ, себебі үкімдердегі сөз көңілмен орындалады. Сондықтан, емшіліктегі сөздер жөнімен және тәжрибелерге негізделген болса, одан пайдалану мүмкін.  Дем салудан қайтарылғандық туралы болған хабардар баршылық. Жәбир (р.а.) риуаятында: «Нәби (с.ғ.с.) дем салудан қайтарған еді.» Әмір ибн Хазмның үйінде шаянға қарсы дем салынатын еді. Олар Нәбиге (с.ғ.с.) кекесімен «Сіз дем салудан қайтарған едіңіз» деп айтатын. Сонда Расулуллуһ (с.ғ.с.) мен одан бірер зиян көріп тұрғаным жоқ, бұл жұмысты досына қуат беруге шамасы келетін адам істесін. Мүмкін, шипа дуадан болды деуден қайтарылған болар. Бірақ, шипа Аллаһтан, ал, дуаны оған себеп деп білсе, онда зияны жоқ» деген болатын.

Бір мағнасы Ә. Марғұланның "Қазақтың халық музыкасындағы Қорқыт дәстүрі" деген еңбегінде айтылады. Онда былай делінген:
"Ақын" деген сөздің өзі "ағыннан" шықса керек. Атақты қазақ күйшілерінің аттарының өзен суымен байланысты болуының бас себебі осы. Осы дәстүрді өзіне мұрас еткен ақын-күйшілер бұрын дала кезіп, қобызды далада өзен, сулардың жағасында, күмбездер қасында тартатын болған. Мәселен, өткен ғасырдың орта кезінде жасаған атақты Жұмағұл ақынның дала кезіп, біраз өмірін өзен суының жағасында өткізуі аңыздағы Қорқытты еске салады. Жұмағұл таң рауанынан далаға шығып, күнге қарап қобыз тартып, жыр толғайтын болған. Оның қобызының үнін ұшқан құс, жүгірген аң, жер-су, тау-тас бәрі-бәрі тыңдайды. Бұл сарынды Қорқыт әңгімесімен салыстырып көрсек, екеуінің үндестігі ашықтан-ашық көрініп тұрады.


Сұрақ:
-Автобустың ішінде өскен тырнағымның тазалығын оқыс қарап қалып едім, қасымда отырған кісі: "Айналайын, мұның ұят қой. Өзін сыйлайтын қара көз қыз-келіншектер бұлай істемейді",-деді. Мен бірдеңе дегенше кезекті аялдамадан түсіп өз жайына кете барды. Ешкім ештеңе демеуші еді, таң қалдым. Осыған сіздер не айтасыздар?
Гүлбаршын, Өскемен қаласы
Жауап:
-Өзіміздің төл дініміз туралы алуан әдебиеттерде бұл шынында хошталмайды. Негізінде әйел адамға сорайтып тырнақ өсіруге, немесе оны жалғауға болмайды. Өскен тырнақтың астына шайтан балалайды деген ұғым бар. Қыз-келіншектердің оларын қайта-қайта қарап, тыраштанып жүретіндері белгілі ғой. Кір-қоқыс жиі жыйналып қалады. Ал осы нәрсені біле тұрып тырнақ өсірген дұрыс емес делінеді.


Жауап:
-Бұл сұраққа қысқаша былай деуге болады.
-Қазақ тіліндегі мешіт сөзі араб тіліндегі бас ию, құлшылық ету сөзінен туындап, бас иіп сәжде қылатын, құлшылық ететін орын деген мағынаны білдіреді.
Аллаһ Тағала айтады: "Шын мәнінде мешіттер Аллаһ Тағалаға тән. Ендеше (мешіттерде) Аллаһ Тағаламен бірге ешкімді шақырмаңдар (Аллаһ Тағаладан басқа нәрсеге дұға етіп, құлшылық қылмаңдар)".
Құранда:
"Алланың мешіттерін шынай түрде Аллаға, ахирет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі",-деген.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Сұрақ:
-Кітап оқып отырғанда "хуснихат" сөзін кездестіріп едім. Анық мағнасын біле алмадым. Бұған қандай жауап айтар едіңіздер?
Талшын, жоғары сыныпта оқимын, Өскемен  қаласы.

Жауап:

-Хуснихат (көрнекі жазу, әсемдеп жазу) төрт талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, әріптер бір деңгейде ұсақ, не ірі болсын. Екіншіден, бірыңғай формада болсын. Үшіншіден, ол көрікті әрі көз тартатындай болсын. Әдетте бұл қаламның үшкірлігі мен қолдың бейіміне байланысты. Төртіншіден, жазу барысында оның үлкен-кішілігіне назар аудару керек. Бұл орайда ғалымдар "жақсы жазылған хаттың оқылуы да жақсы, жеңіл болады" дейді. Хуснихат кәдімгі сұлу да көркем көрінетін дөңгелек жүзге, сұңғыла сымбатқа, ал жаман хат реңсіз, ұсқынсыз жүзге, қолапайсыз қозғалатын келіссіз кейіпке ұқсайды.
И. Сапарбаев

Сұрақтар: Осы бас діндегілер 13 саннан неге қорқады. Әр кім әр қалай дейді. Дұрысын білгім келеді.
Сәкен, Өскемен

Жауаптар: -Негізінен мұны ұстанушылар басқа діндегілер екені рас. Түрлі әдебиеттерде бұл туралы айтылады.
Христиан дінін ұстанушыларда он үш деген санды жек көрушілік ежелден бар. Орта ғасырларда бұл цифрды дауыстап айтудың өзіне тыйым салынған. Аңыз бойынша бұл күні жын-перілер өзінің ойнағын өткізіп, он екі жын-періге он үшінші болып шайтанның өзі қатысады-мыс.
Айдың он үш күні байсалды капитандар болсын, теңіз қарақшылары болсын сапарға шықпаған.Теңізшілер арасында осы күні жолға шығып опат болған кемелер туралы аңыз көп.
Дүние жүзіндегі көптеген авиакомпанияларда он үшінші нөмірлі ұшақ жоқ, бірде-бір кемеде мұндай нөмірлі каюта болмайды. Американың аспанмен тілдескен көп қабатты ғимараттарында он екіншіден кейін бірден он төртінші қабат келеді.
Айтқандай, американдықтар осы ырымның өзін коммерциялық негізге қойған. "Нью-Йорктегі ырымшылдар қоғамы" тиісті ақыға 13 саны жоқ күнтізбе шығарып береді. Бұл қоғамға өмірі осы санға әйтеуір бір жанасымы бар адамдар мүше бола алады. Қоғамның президенті болып немістің ұлы сазгері Рихард Вагнер жарияланған.  Ол 1813 жылы туған, он үш жасында музыкалық училищені бітірген, он үш опера жазыпты, тіпті латынша жазғанда оның аты-жөні де он үш әріптен тұрады екен.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы

Сұрақ:
-Сәби перзентханадан шыққанда, менің ойымша, ұсақ-түйек қателіктер жіберілетін сияқты. Оларды елеп-ескермеу кішкентайлардың денсаулығына дұрыс ықпал жасамайды… Осы жөнінде пікірлеріңізді білсек.
Нариман, Өскемен қаласы

Жауап:
-Ойыңыз өте дұрыс. Үлкен-кішіге пайдалы болар жәйіттерге көңіл бөліп отыру қажет. Әсіресе оның "еңбегіне" де назар салған дұрыс.
-Бала өсе келе еңбектер қатаяды. Кіші еңбек толығымен 3 айға қарағанда қатайса, үлкен еңбек 12-15 айда қатаяды. Бас сүйегінің маңдай, төбе, қарақұс және самай сүйектері бала 3-4 жасқа қарағанда толығымен қатаяды.
Жаңа туған сәбидің омыртқасы жұмсақ, аяқ-қолы жіңішке, денесімен салыстырғанда қысқа.
Нәрестенің кеудесі дөңес, ол кейінірек тегістеледі. Қабырғалары жұмсақ, сондықтан оның денесі иілгіш келеді.
Туылғаннан кейінгі алғашқы апталарда нәресте ана құрсағындағы дене қалпын сақтауға тырысады, сондықтан аяқ-қолын көбіне бүгіп, денесіне қысып ұстайды. Сәбиді құндақтаған кезде аяқ-қолын тым қатты тартпаңыз-сүйектерін зақымдап алуыңыз мүмкін.
Дені сау жаңа туған сәби ыстық пен суықты, дәмді жақсы сезеді. Мысалы, тәтті берсеңіз, рахаттанғанын көресіз, ал ащы не қышқылды татып көргенде бет-аузын тыржитып, жылайды.
Айы-күні толып туған баланың барлық шартсыз рефлекстері-ему, жұту, жарыққа реакциясы, ұстау рефлексі жақсы дамыған.

Сұрақ:
-Сіздерден буынды тазарту туралы оқыдық. Буынды тазарту жөнінде мағлұмат болса деп едім.


Жауап:

-Сауалыңыз орынды. Бұған мән берген өте дұрыс. Мамандардың ойы осыны толықтау түседі.
Бауыр арқылы бүкіл денемізге ірі қан тамырлары өтеді. Бауырды  қан тазартқыш және коректік заттарды химиялық жолмен бойға сіңімді ететін ірі лаборатория десек те болады. Бауырдың өндіретін затының бірі кәдімгі өт. Бауыр қызметі бұзылып, оның жолы бітелсе өт ағзаға жайылып, кәдімгі сары ауру кеселі басталады. Бауырдың жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны бірнеше дүркін, кемі 5 рет тазалау керек. Өйткені бауыр төрт бөліктен тұрады. Бір тазалағанда оның бір бөлігі ғана тазарады.
Енді бауырды тазартудың И.И. Нестерев ұсынған тәсіліне назар аударыңыз. Ол үшін бір апта бойынша әзірлік шараларын жасап, күн сайын жылы ванна қабылдау керек. Жылы судан соң міндетті түрде салқын сумен шайыныңыз. Соңғы ванна бауырды тазалаудан бір күн бұрын жасалады. Бір апта бойына (егер уақытыңыз аз болса үш күнде жетеді) тек жеміс-жидек, көкеніс жеп, қолдан сығылған алма, қызылша шырынын (4-5 алма мен қызылшаның бір бөлігі) көбірек ішу керек. Күн сайын клизма жасалады. Осының бәрін ыждаһатпен орындасаңыз, онда дайындығыңыз жақсы өтті деп есептейміз. Ал енді тазарту алдындағы жауапты сәттерге нақтырақ тоқталайық.
1-ші күні таңертең клизма. Жеміс, көкеніспен жеңіл ғана түстік жасалады. Күні бойы алма шырынын ішесіз.
2-ші күні және 3-ші күні де осылай таңертең клизма жасап, көбірек алма шырынын ішу керек. Сағат 15 шамасында бауыр тұсына грелка қояды. Осылай бауыр шайғанша жүреді.
Сағат 19-20 шамаларында бауырды тазалауға кірісесіз. Алдыңызда 2 стақан. Бірінде оливка майы (егер ол болмаса пісте майы) және лимон шырыны. Әрбірінің мөлшері 300 гр болсын. Олар алдын-ала 30-35 градусқа қыздырылып қояды. Алдымен майды үш ас қасықтай мөлшерде ұрттайды да артынша нақ осындай мөлшерде лимон шырынын ұрттайды. Арада 15 минут өткізіп барып тағы осылай ұрттайды. Осындай әдіспен екі стақандағы май мен шырынды тауысасыз. Грелканы 2-3сағаттай  ұстаңыз.
Жалғасы бар…

Сұрақ: -"Шәкілдеуіктің "құпиясын" айтсаңыздар. Біреу олай, біреу былай дейді…"
Нүрзән, Ұлан ауданы


Жауап:
-Шығыс Қазақстанда (көп жерінде) шәкілдеуік деп жүргеніміз-шындығында күнбағыс дәні, бір жерде шемішке, екінші өңірде пісте аталып жүр. Оның пайдасы-қысқаша айтқанда, А, Д, Е, дәрумендері бар. Мұның өзі қандағы холестерин мөлшерін азайтып, қартаюды баяулатады. Басқа да пайдалы жақтарымен қатар ол тістің эмалін бұзып, қарайтып жібереді екен. Бүйрек пен жүйке ауруларына соқтырып асқазан, соқырішек науқастарына себепші, осы науқастар содан бастау алады.
Мамандар аптасына жарты стақан ғана шағу керек дейді. Өйткені семіздікке де ұшырататын көрінеді.
Сондықтан қандай жағдайда болса да, ылғи ескерткеніміздей, дәрігерлермен кеңесе жүргендеріңіз жөн.

Сұрақ:
-Адамға терең ой салатын "Ақыл қалта" кітабын қайдан алсам екен?
Қожанов Қайрат


Жауап:
-Қадірменді Қайрат! (және басқа да оқушыларымыз) Сіздің атаған кітаптың авторы Мырзагелді Кемелдің бұл бағалы туынды-"Ақал қалта" Астана қаласындағы "Аударма" баспасынан 2007 жылы басылып шыққан. Осы кітаптың Сізге ұнаған үзіндісі 131 беттен алынғанын атап көрсеткенбіз.
Ал сізге жауап беріп отырған блог модераторы деп білерсіз. Сіздің кітапқұмарлық жәйіттіңізді қатты қолдаймыз. Кітап-адамның досы, жан серігі екенін ұмытпай жүргеніңіз дұрыс.
Ал Мырзагелді Кемелдің "Ақыл қалта" кітабын қайдан алу керектігі туралы біздің ойымызға көңіл бөліңіз: біріншіден өзіңіз тұратын жердегі кітапханалардан қараңыз сондағы мамандар да ақылдарын береді (жоқ болса). Сон-соң кітап магазиндеріне (дүкендеріне) кіріп көріңіз, олар арқылы тапсырыс беруге болады.
Тіпті болмай жатса, "Аударма" баспасымен хабарласыңыз. Оның орналасқан тұсы: 01000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 87.1 "Астана Полиграфия" А.Қ.01000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 87.Осы мекенжайдағы мекемелер арқылы, бәлкім, кітап авторымен де хабарласуыңыз мүмкін. Алайда адрестер өзгеріп кетсе, анықтама бөлімдерінен анықтап алуды ұмытпаңыз. Құрметті Қайрат! Хабарласып тұрыңыз. Бұдан басқа да амалдары табылса айтармыз. Жаныңызды жадыратып, алға ұмтылуға әсер ететін құндылықтар жайлы айнала қоршаған жұртқа әйгілі ете жүру де бір ғанибет емес пе?!


Сұрақ:
-Бауырды тазарту жөнінде "жалғасы бар" депсіздер. Таба алмадым.
Дәмила

Жауап:

 -Жалғасын "Салауатты өмір салты" аталған бөлімнен оқыңыз.

Сұрақ:
-Дәріханалардан адыраспан, қарандыз жайлы сұрап, солар қосылған дәрі-дәрмектер алмақшы едік, орысша оның қалай аталатынын біз де білмедік, дәріхана қызметкерлері де білмейтін болып шықты. Осыған көмектессеңіздер екен.
Қарлығаш, Алмас, Зырян қаласы


Жауап:
-Адыраспан-"гармала обыкновенная аталады, ал қарандызды-девясил высокий" дейді екен.
Басқа да дәрілік өсімдіктер аталуын "Салауатты өмір салты" айдарынан біле жатарсыздар.

Сұрақ:
-Қазір өзіме де "ес кіре бастаған" секілді. Баяғыда көрші атамыз өлім жайлы жиі ойлай бастағанда қайта-қайта адам бойына қажетті үш қасиет туралы айта беруші еді. Сол кезде шала тыңдаппын. Бүгінде ойыма түссе, ол қандай қасиеттер екен деймін.
Бекен, Зырян ауданы


Жауап:
-Көрші атаңыз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадистеріне орай айтуы мүмкін. Онда : "Үш түрлі қасиет бар. Міне, осы үшеуіне ие болған адамдарға Алла қиямет күні мейіріммен қарап, жәннатқа кіргізеді. Олар:
1.Тату-тәтті тұрған жұбайлар;
2.Ата-анасына мейірімді болғандар;
3.Қол астындағыларға қадірлі болғандар",-делінген.

Қадірменді Сәния!
Сіз атаған және басқа да әдебиеттер туралы толық мағлұматты өзіңіздің тұрағыңызға жақын орналасқан кітапханалар қызметкерлерінен ала аласыз. Өйткені кітаптардың дүкендерге түсуі сиреп бара жатқаны баршаға мәлім.
Модератор
Добавил: Сания

Қадірменді Талғат Амангелдіұлы!
Өтінішіңізге, рахмет. Жақсылыққа ұмтылыс жанды жадыратады.
Ал өтінішіңізге байланысты айтарымыз, өзіңіз көтерген тақырыптар төңірегінде алдағы уақыттар да көптеген уағыздар тыңдай аласыз. Ибрагим қажы Қарнақбайұлы тілектеріңізді құп көріп отыр.
Модератор.
Добавил: Талғат Амангелдіұлы

Қымбатты Қайрат Қожанов!
Сіздің сұрағыңыз қысқа болғанымен, оның астарында білмекке құмарлығыңыз байқалып тұр. Бұған сәйкес біз де қысқаша жауап берсек, «дін мәселесі ушығып тұр» демей-ақ қалың қауымның ислам дініне аңсары көбірек ауып тұр дер едік. Білімге құмарлық қашанда әр алуан ой өрбітеді. Сондықтан біз ислам дінінің қанафиттік бағытын ұстанып келе жатқанымыз өзіңізге белгілі болар деп ойлаймыз. Ал бұл жөнінде көбірек біле түскеніңіз келсе, Қазақстан діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған әдебиеттерді оқыңыз. Мешіттерге барып олардың қызметкерлерімен пікір алысып тұрыңыз дер едік.
Модератор.
Добавил: Қожанов Қайрат (massaget)

Бұл жөнінде осыдан біраз бұрын «Өмір өрнектері» айдарынан біраз деректер айтқанбыз. Алайда Сіздің сауалыңызға орай сол кеңестерді қайталап назарларыңызға ұсынамыз.
Кекештік тұтығу деп те атайды. Ол сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру.
Кекештік әдетте мектеп жасына дейінгі ер балаларда жиі кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесінің тұрақтылығын төмендетуін туғызатын жағдайлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық) ролі зор. Сонымен бірге кейде балаға араласып жүрген тілі мүкіс адамдарға еліктеп сөйлеуі де әсер етеді. Сондай-ақ баланы тәрбиелеуші адамның тілінің мүкістігі мен басқадай кемшіліктері де кекештіктің ұлғаюына ықпал жасайды. Баланың туған-туыстары мен тәрбиешісінің жылдам сөйлеуі, баланы қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда болуының басты себептері. Тілі кешігіп шыққан балаларда да кекештік кездеседі. Ол көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда және оқушыларда жиі көрініс береді. Кейде кекештік сырқаттанып тұрғаннан кейін (тұмау, көкжөтел, қызылша), сондай-ақ, қатты шошынудан, отбасыдағы айқай-шудан да пайда болуы мүмкін. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорғаншақ, ұялшақ, тұнжырыңқы болады. Оның тіліндегі кемшілікке еркінен тыс қолын ербеңдетіп әрекет жасауы, бет-әлпетінің, денесінің оғаш қимылы қосылады.
Ответил:Модератор
Добавил: Сейдінбек Рамазан

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының  Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 7 тарауында сіздің сұрағыңызға жауап таба аласыз. Егер де  сіздің меншігіңіздегі пәтер ортақ меншіктегі  мүлік болса онда аталған кодекстің  33 бабына сәйкес:
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.    Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен табыс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған табыс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ табыс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.
Қазақстан Республикасының  Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 34 бабына сәйкес:  Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуінің келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың бiреуi мәмiле жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi қажет болады. Екінші жұбайдың тек қана оның талап етуі бойынша оның келісімі болмаған себептері бойынша және егер басқа тарап осы мәмiленi жасасуға екінші жұбайдың келiспеуі туралы бiлгендiгi немесе көрінеу бiлуге тиiс болғандығы дәлелденген жағдайларда ғана сот ерлi-зайыптылардың бiреуiнің ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билік ету жөнiнде жасасқан мәмiлені жарамсыз деп тануы мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың бiреуi жылжымайтын мүлікке иелік ету жөнінде мәміле және нотариатта куәландыруды және (немесе)  заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді қажет ететiн мәмiле жасасуы үшiн екінші жұбайдың нотариатта куәландырылған келiсiмiн алу қажет.  Аталған мәмiлені жасасуға нотариатта куәландырылған келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап үш жыл iшiнде мәмiленi сот тәртiбiмен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
Ал, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі деп  Қазақстан Республикасының  Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 35 бабына сәйкес
1. Мыналар:
      1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
      2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi;
      3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
      2. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жинаған мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншiгi деп таниды.
Сондай-ақ, ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 36-бабына сәйкес, егер некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкi не олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады.
ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 37-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу: Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуға тиіс.Дау туған жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау сот тәртiбiмен жүргiзiледi.Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша қандай мүлiктің ерлi-зайыптылардың әрқайсысына берiлуге тиiс екендiгiн айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы берiледі. Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды және балалары өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi. Ерлi-зайыптылар өздерiнiң кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi есебiнен салған салымдары сол балаларға тиесiлi болып есептеледi және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлген кезде есепке алынбайды.Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде ортақ мүлкiн бөлген жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде бұдан әрі жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды. Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап талап-арыз ескіруінің үш жылдық мерзiмi қолданылады.
Сондай-ақ, аталған кодекстің  38-бабына сәйкес, егер ерлі-зайыптылардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу және осы мүлiктегi үлестерiн айқындау кезiнде ерлi-зайыптылардың әрқайсысының үлесi тең деп танылады. Егер жұбайлардың бiреуi дәлелсiз себептермен табыс таппаса немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн екінші жұбайдың келісімінсіз отбасының мүдделерiне нұқсан келтiрiп жұмсаса, сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн негiзге ала отырып және (немесе) ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн негiзге ала отырып, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi олардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеуге құқылы. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде ерлi-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздерiне берiлген үлеске барабар түрде бөлiнедi.
Сөйте келе, аталған баптарға сүйене отырып меншігіңіздегі пәтер ортақ меншік деп саналса күйеуіңіздің әрекеті заңға сәйкес деп саналуы мүмкін, алайда бұндай әрекеттер  сіздің құқықтарыңыз бен бұл меншікке деген тең құқықтылық сақталуы тиіс. Ал бұл пәтер аталған кодекстің 35 бабына  сәйкес сіздің жеке меншігіңіз деп саналса, жұбайыңыздың әрекеті заңға қайшы. Алайда ең алдымен бұл меншікті сіздің жеке меншігіңізтуралы соттың заңды күшіне енген  шешімі қажет. Сондықтан да, бұл мүліктік  мәселені сот қана шеше алады.

Юрист Адина А.
Добавил: Назгуль Айтпаева

Жауап. Сәлеметсіз бе. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 282 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай мiндеттемелер теңгемен көрсетiледi. 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңының  38 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады.Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма қол төлеп және қолма қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады.  
     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 282 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезiнде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалған жағдайларда және шарттарда немесе оларда белгiленген тәртiппен жол берiледi.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады. Алайда бұл бапта валюталық операциялар жүргізілуі мүмкін жағдайлар көрсетіледі. Оларға:
тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болатын операциялар; 
өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар; 

валюталық операциялар жүргізу жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу; 
номиналдық құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;
тазартылған құйма алтынды сатып алу және сату жөніндегі операциялар; 
аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары; 
шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру; 
бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар; 
жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар; 
жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз аударуы немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметi қайырымдылық қызметiн жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi; 
жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi; 
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен көзделген жағдайларда салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар.
 Аталған тізім толық болып табылады, ал қалған резиденттер арасында жасалатын операциялар тек ұлттық валютада жүзеге асырылуы тиіс.

Юрист Адина А.

Добавил: Bagdaulet

1-50 51-55
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Поиск
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz