Среда, 17.10.2018, 06:36
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Жас жеткіншектерге
1 2 3 4 5 6 »

Кейбір адамдар ашуланса өзіне келе алмай қиналады. Ашуы жуық арада басыла қоймайтын адамдар болса, мен оларға мынадай кеңес берер едім:
Бұл жөнінде пайғамбарымыздың мынадай хадисі бар: «Егер қатты ашуланған кезде тұрып тұрған болсаң отыр, ал егер отырған болсаң жат, оған да басылмаса дәрет ал».
Мен өзім ашуланған кезде іштей Құран сүрелерін бірнеше қайтара оқимын. Сәлден кейін сабама түсіп, ашуымның тарап кеткенін де білмей қаламын. Сіз де солай етіп көріңіз, оқырман. Пайдасы тиіп қалуы мүмкін.
А. Қалиева.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 200 | Добавил: модератор | Дата: 20.03.2017

Саған жақсы болу үшін, күніне екі рет табиғи суық су құйын.
Жуынған соң 1-2 минут жалаң аяқ жерде тұр. Қыстыгүні қардың үстіне тұру керек.
Ішімдік ішпе және  темекі тартудан аулақ бол.
Табиғатта өзіңді қоршағанның бәрін жақсы көр. Еш уақытта айналаңды түкіріп, былғама. Ол сенің денсаулығың.
Барлық жерде, барлық қарттармен амандас.
Шамаң келгенше науқас, кедей, көмекке мұқтаж жандарға көмектес.
Өзіңнің бойындағы тәкаппарлықты, кеудемсоқтықты, қорқынышты, екіжүзділікті, жалқаулықты, сараңдықты жой. Адамдарға сен және оларды жақсы көр. Сонда айналаңдағылар да сені жақсы көреді.
Бойыңды жаман ойлардан аулақ ұста. Сонда ғана жеңіске қол жеткізесің.
Күніне танымайтын 21 адаммен бар ықыласыңмен  сәлемдес. Мұны дүкенде, дәріханада, базарда жасауға болады. Бұл үшін Алла тағала саған алғыс жаудырады. Жолың ашылады.
Таңертең тұрғанда таңмен, күнмен сәлемдес. Жаратушыға әрбір жұтым су үшін, жұтқан ауа ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 274 | Добавил: модератор | Дата: 07.10.2016

Ағза әбден әлсіреп, сусызданғанда адам есінен тануы, санасы тұмандануы байқалады, теріні басып, шымшығанда оның алғашқы күйге келуі көпке дейін байқалмайды.
Дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, онда науқастың бүйрегі зақымданады. Түсі қуарып, тынысы жиілейді, суық тер шығады, терісі жабысқақтанып, ұйқысы келе береді. Науқастың тамыр соғысы жиілейді, тамыр тез, бірақ әлсіз соғады, адам бірте-бірте есін жоғалтады. Ағзаның тым көп сусыздануы науқастың өміріне қауіп төндіреді. Әсіресе ол жұқпалы аурулар кезінде, аса әлжуаз сырқаттар мен балалар ауырғанда қауіпті.
Ағза сусызданған кезде сұйықты көбірек ішу керек, құрамында түрлі тұздары бар препараттарды (электролиттер), ағзадағы сұйық мөлшерін қалпына келтіретін ерітінділерді ішкен пайдалы. Оларды кез келген дәріханадан табуға болады.
Егер емшек жасындағы, он жасқа дейінгі балаларда сусыздану аңғарылса, сондай-ақ науқас жиі құсса, оны тез арада дәрігерге ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 292 | Добавил: модератор | Дата: 28.06.2015

Ақыл мен ой

Ақыл-мың оқудың басы.       (Ю. Баласағұни.)

Ақыл-ой мен білім-әр адамның сәулеті.        (Ә. Науаи.)

Әркімнің ойлап жүрген бір тілегі бар.       (Р. Хорезми.)

Жанжалдың шоғы қызарса-ақылдың суын сеп.    (С. Сарайи.)

Ойлай білу-мұрындық жіп сияқты.
Оны ұстаған адам мұратына жетеді.          (Ю. Баласағұни.)

Ақыл-шам-шырағың түндегі,
Білімділік-жарық көзі күндегі.                   ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 463 | Добавил: модератор | Дата: 28.10.2014

  Шымкент уезінің қырғызы егде жастағы молда Әли Малдабаев өзінің Бексейіт Мәкішевтің бақсылық ойынын көзімен көргенін әңгімелеп берді. Мысалға, ол жарты құлаш қанжарын қатысып отырғандардың біріне береді екен, сосын ішіне қанжармен соғуын бұйырады екен. Қанжар ұстаған адам қанжармен соққан кезде Бексейіттің жон арқасынан шыққан. Немесе қанжарды аузына сабына дейін сұғындырып желкесінен шығарған.

Мұндайды көрмеген көрушілер Бексейіттің бақсылығынан зәрелері ұшып, тұра-тұра қашатын болған.
Этнографические материалы, выпуск 5
Ташкент 1896 г.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 383 | Добавил: модератор | Дата: 12.10.2014

  Тойда қыз жолдас пен күйеу жолдастың екі жасқа сай болғандары дұрыс. Әсіресе, бұл қыз жолдасқа қатысты. Яғни қыз жолдастың ең бастысы, киген киімі қалыңдықтың көйлегімен үйлесім табуы тиіс. Осындай сәтте жаңылмас үшін қыз жолдастың көйлегі төмендегі бес талапқа сай келуі тиіс:
1.Киген көйлегі тойға сай болуы қажет. Сонымен қатар қарапайым болғаны дұрыс.
2.Талғаммен алынған, өзіне жарасымды болғаны абзал.
3.Сыпайы киіну керек. Ашық-шашық немесе тым жылтыр моншақты болмағаны жөн.
4.Және киген көйлегінің түсі қалыңдықтың гүл шоғымен түстес болуы керек.
5.Сонымен қатар көйлегі мен аяқ киімі, таққан алқа, сырға, жүзігі де бір-біріне сай болуы қажет. Ең бастысы, өзін көңілді ұстауы керек.
А. Қонысбекова.

 

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 692 | Добавил: модератор | Дата: 02.05.2014

Аталар аманаты
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Сол туған тіл атауы-
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Қожаберген жырау.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Көген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: «Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!»-десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмен ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 658 | Добавил: модератор | Дата: 23.02.2014

Күрт көбейіп, жаназа, қонақасы,
Жиі келер жер болды мола қасы.
Барлық жолдың бақиға апаратын
Атақтысы бүгінде-жол апаты!

Теріс іске кей пенде текке еліктер,
Төрден оған орын жоқ-тексеріп көр.
Ұшақша ұшып, ажалға құшақ ашар
Тасып аққан тас жолда көп көліктер.

Келешектен осы шақ сый күткенді,
Ентелейді елемей күйкі істерді.
Қия жолда бір таныс қыршын кетіп,
Бір досымның аяғы гипстелді.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 585 | Добавил: модератор | Дата: 20.08.2013

  Кейбіреулердің үйінде аквариумде балық ұстайтыны белгілі. Бұл тек сән үшін ғана емес, оның денсаулыққа да пайдасы мол. Әсіресе көңіл күйзелген кездері, жүйке ширыққанда, қатты қорыққанда, толқығанда, тағы да басқа жайсыз жағдайларда адам аквариумға назар аударса, ол босаңсуға көмектеседі. Аквариум ішіндегі балықтардың баяу қозғалысы, судың шұрылы жанға жайлы әсер етіп, көңілді тыныштандырады. Жатын бөлмесінде аквариумы бар адамдар ұйқысыздыққа ұшырамайды.   Аквариумның сондай-ақ жиі суықтап қалатындар мен демікпеден (астма) зардап шегетіндерге де пайдасы мол. Өйткені ондағы су булану арқылы бөлме ауасын ылғалдандырады, бұл науқастың тыныс алуын жеңілдетеді.
Тағы бір қызығы, дәрігерлер нейродермиттен зардап шегетіндерге де үйлерінде аквариум ұстауға кеңес береді. Назардың аквариумдегі балықтарға аууы науқасқа дененің қышуын бір ауық ұмытуға, сезінбеуге мүмкіндік береді. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 740 | Добавил: модератор | Дата: 08.08.2013

Білімді кісі тоқ және жайлы өмір көксемейді.

***
Ізгі кісінің қашан болсын айтар сөзі бар, бірақ айтар сөзі бар кісі ылғи ізгі бола бермейді.

***
Адамгершіл кісі ержүрек, бірақ ержүректің бәрі адамгершіл емес.

***
Жетілген кісі деп әділдікті өз пайдасына жеңдірмейтін, қиын кезде өзін қиюға аянбайтын, бірақ ұзақ қиыншылықтың өзінде мойымайтын, уәдесін ұмытпайтын кісіні де айтпаймыз ба?

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 1459 | Добавил: модератор | Дата: 23.07.2013

(«Емші» 18, (214) 2012ж)
  Теледидарда көрсететін жарнамалар сағыздың неше түрлі пайдасын айтып, халыққа мақтаудан ешбір шаршамайды...
  Сағыз тісті сүйек шірігенінен (кариес) сақтайды; тісті ағартады; тістің қызылиегін (десна) нығайтады. Сіз сағызды не үшін пайдаланасыз?
  Дұрыс, деміңізді сергіту үшін. Ал сағыздың бұдан басқа әсерлерін не істейміз? Сағыз шынында тістің жоғары бетін сергітеді. Жоғары қысыммен бөлінген сілекей тістің арасына тұрып қалған астың қалдықтарын тазартады.
  Дегенмен тісті бір «қорап» сағыздың өзі кәдімгі тіс щеткасы секілді тазалай алмайды. Егер сіздің аузыңызда тіс жегісі болса, онда сағыз шайнау барысында бөлінген сілекей бұл үрдісті одан әрі асқындырып жіберуі мүмкін.  
< ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 650 | Добавил: модератор | Дата: 13.06.2013

  Саумалдықтың (шпинат) адамның бұлшық етін жетілдіре алатын қасиеті бар. Мұндай жаңалықты Каролина университетінің ғалымдары ашты.
  Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, шпинаттың 300 грамының өзі бұлшық еттегі оттегі қажеттілігін 5 пайызға азайтады, соның әсерінен ет ұлпалары жылдам дамиды. Тіпті оң нәтижеге көз жеткізу үшін көкөністі үш күн қатарынан осындай мөлшерде жесек, жетіп жатыр екен. Шипалы өнімнің құпиясы-оның құрамындағы нитраттар мен минералдарда. Бұл заттар ұлпаның қоректенуіне жауапты бөлшектері есебінен жасушаның энергиялық тиімділігін арттырады. Каролина университеті мамандарының зерттеуіне спортпен шұғылданатын бірнеше жас жігіт қатысқан.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 458 | Добавил: модератор | Дата: 09.05.2013

  Мамандықты дұрыс таңдау адамға өзінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға, өзі мен отбасы мүшелерін асырауға және ертеңгі күніне сенуге көмектеседі. Қандай таңдауды дұрыс деп айтуға болады?
  Біріншіден, болашақта істейтін жұмыс қуаныш әкелгені дұрыс.
  Екіншіден, жасөспірім осы жұмысқа қажетті маңызды қабілеттеріне: интелектуалды, физикалық, психологиялық жағынан сай болуы және оны істей алуы керек.
  Үшіншіден, еңбек нарығында бұл мамандықтың түрі сұраныста болса жақсы.
  Баланың мамандық таңдауына белгілі бір дәрежеде ата-анасы да ықпал етеді. Сондықтан ата-аналардың мына кеңестерге құлақ түре жүргені жөн:

  Әрбір ата-ана баласының болашағы мамандықты дұрыс таңдауға байланысты екенін есте ұстасын. Баланы бақыл ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 868 | Добавил: модератор | Дата: 25.04.2013

Америкалық жазушы Жульен Смит жастарға арнап ақыл-кеңес қалдырған. 20 жасыңда сәтті адам болуға алғашқы қадамыңды жасай алуың үшін сен мынадай 20 дүниені білуің керек.
1. Әлем сені ақымақ еткісі келеді. Мәселен, банктік жүйені білмейтін адам кредитті өте көп мөлшердегі үстемесімен алып, соңынан сан соғады. Білімсіз адамнан ақша табу оңай. Бақытты, бай және тәуелсіз болғың келсе, мүмкіндігінше білімді болуға тырыс.
2. Білім беру институттарына біржақты сене берме. Олар оқу жоспарын дайындап, оның қате жасалғаны анықталғанша, көп уақыт өтеді де шығады. Біреудің соңынан жүріп оқығанша, көш бастау арқылы білім алу жөн.
3. Мүмкіндігінше көп оқы. Еске сақтау қабілетіңді жақсартып алып, тез оқуға тырыс. Мен білемін, сен бір аптада кем дегенде бір кітапты оқып бітіре аласың.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 596 | Добавил: модератор | Дата: 24.03.2013

Ебі жоқ дәрігердің емі жоқ.
***
Апыл-ғұпыл ішкен ас,
Асқазанға түскен тас.
***
Араққұмар анасының ақ шашын сыйламайды,
Ақшасын сыйлайды.
***
Адам жаладан өлмейді,
Жаладан түскен жарадан өледі.
***
Өшетін өртті өрт деме,
Емі бар дертті дерт деме.
Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 724 | Добавил: модератор | Дата: 31.01.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz