Воскресенье, 25.02.2018, 10:58
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
1 2 3 ... 56 57 »

Құранның әрбір сүрелері өзіндік қасиетке ие. Олардың Алла Елшісіне (с.ғ.с) түсу мерзімі мен уақытына қарай өзіндік сыры мен тарихы бар.
Әрбір сүре қанша зерттелсе де, әлі де толық ашылмаған құпияға толы екендігі күні бүгінге дейін айтылуда. Талай ғалымдар Алланың сөзін зерттеумен өмірін өткізсе де, қасиетті Құранда құпия әліде көп. Құрандағы тылсым сырға толы сүрелердің бірі-«Бақара»  сүресі.
Бұл сүресін оқу туралы және маңыздылығы жайлы ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген екен: «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді». Демек, бұл сүренің маңыздылығы мен басымдылығы оның адамды аздырушы шайтанға жол бермеуінде жатса керек. (Ахмад, Муслим).
Ислам ғұламаларының аталаған сүре туралы танымдық ойларын жалғастырсақ: Ибн Масғұд (р.а): ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 52 | Добавил: модератор | Дата: 04.08.2017

Уважаемые земляки!

Подходит к концу месяц Рамадан, но все чаще прихожане и посетители сайта просят еще раз напомнить расписание оразы, последующих за ней праздников и времени  молитв. К Священному месяцу Рамадан Духовное Управление Мусульман Казахстана подготовило РАСПИСАНИЕ ОРАЗА, согласно которому мусульманам будет легче ориентироваться во времени соблюдения поста. Скачивайте расписание с краткими комментариями ЗДЕСЬ.
С уважением, Ибрагим кажы Карнакбайулы.

Категория: Ораза қабыл болсын! | Просмотров: 99 | Добавил: модератор | Дата: 17.06.2017

Әрбір үйде, тіпті кеңсеге де сән беріп тұратын, әрі керек кезі көп айна жайлы айтылатын әңгіме көп. Кейбіреулер оны үйге береке кіреді десе, енді біреулер сыйлыққа айна беру араға сызат түсіреді деп жатады. Ал оны үйдегі өз орнына қою табыс пен береке шақырады екен. Ендеше оның орны қайда екенін біле жүріңіз.
Деректерге сенсек, айна кіре беріс есікке қарама-қарсы орналаспауы тиіс екен. Егер олай тұрса есіктен кірген кіріс айнаға шағылысып, шығып кетеді деген наным бар. Сондай-ақ үй иелері түрлі кедергілерге тап болып, жүйке жүйесінің тез шаршауына соғуы мүмкін.
Айнаны жатын бөлмеге қоймаңыз. Қойған күнде де одан ұйықтайтын төсек көрінбеуі керек. Бұл үйде немесе ерлі-зайыптылар арасында дау-жанжал шығуына себеп болуы мүмкін. Немесе адам ауруға шалдығып қалуы да ғажап емес.  Бүгінде жатын бөлмеге қоятын жиһаздарда төсектің бас жақтаулары айнамен көркемделеді. Мүмкін болса ондай жиһазға жоламағ ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 178 | Добавил: модератор | Дата: 26.04.2017

Ассалаумағалейкүм, би Наурызбай,
Жігітке дәулет бітсе көңілі жай.
Кетпейді жүрегімнен өлгенімше
Шекерсіз бесінде ішкен үш кесе шай.

Дегенің «қонақ кәде» қайдан шықты,
Шекерсіз бесінде ішкен шайдан шықты.
Сабада күмпілдеген қымыз тұрып,
Күбіден быршып кеткен айран шықты.

Қартайсаң түрлі қайғы түседі еске,
Байпаңдап біз ақсақ нар ерген көшке.
Үйіне Науанжанның қонайын деп,
Қонаға шабан көкпен келдім кешке.

Науанжан қылған істің бәрі бекер,
Қыпшақты Қарабалық қылдың нөкер,
Көрмедім келін иттей көргенсізді,
Салмады дастарханға жалғыз шекер.
Көп беріп көргендінің қызын алсаң,
Үйіңе мейман келсе, құрмет етер.
Аз ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 122 | Добавил: модератор | Дата: 24.03.2017

Мен өзім көптен бері тамақтанудың белгілі бір ережесін қатты ұстанамын. Сондықтан болар деп ойлаймын, қатарластарымнан әлдеқайда сергек те белсендімін. Ол мына «рецептің» арқасында:
- Таңқурай қандағы қанттың мөлшерінің бір деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Әрі диабетке қарсы тұрады. Қыс кезінде оның кептірілген өнімін қант қоспай, шай етіп ішуге болады.
- Көк шайды күніне екі рет бір стаканнан тұрақты ішкен жағдайда ішекті обыр кеселінен сақтайды.
- Сәбізді тұрақты үзбей жеп тұрсаңыз, сіздің теріңізде обыр кеселі болмайды.
- Суда піскен картопта қан қысымын төмендететін калий көп.
- Қатты ірімшік ағзада болатын сілтілі қышқылдың тепе-теңдігін сақтайды. Әрі тіс эмалінің бұзылуына жол бермейді.
- Саумалдылық көз жанарының көруін арттыратын және көз ауруларына қарсы тұра алатын лютеинге бай.
- Сарымсақ күнделікті бәрімізге керек. Бәрінен бұрын ер кісілерді простатит обырына ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 224 | Добавил: модератор | Дата: 23.03.2017

Сұрақ: Мен мектептің жоғары сыныбында оқимын. «Елестеттің көктемді» бір ән болушы еді. Соны таба алмады. Мүмкіндіктеріңіз болса, осыған көмектессеңіздер екен.
Күлзипа, мектеп оқушысы
Жауап: Тегінде мұндай жәйіттерді өздеріңіз білуге тырысыңыздар. Өйткені бұл баршаға мәлім, ән «Шақырады көктем» деп аталады.
Әні: Ә. Бейсеуов,сөзі: Т.Молдағалиев

1. Елестеттім көктемді гүл ашқан,
Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.
Алыстарға жетеле, еремін.
Сені ғана бақыт деп сенемін.

Қ-сы:
Арманымдай алдағы,
Ақ шуақтай таңдағы,
Аялай бер арманым, аялай бер!
Сандуғаштар жырлаған,
Көктемдерге бір барам,
Шақырады біздерді көгорай бел!

... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 118 | Добавил: модератор | Дата: 20.03.2017

Кейбір адамдар ашуланса өзіне келе алмай қиналады. Ашуы жуық арада басыла қоймайтын адамдар болса, мен оларға мынадай кеңес берер едім:
Бұл жөнінде пайғамбарымыздың мынадай хадисі бар: «Егер қатты ашуланған кезде тұрып тұрған болсаң отыр, ал егер отырған болсаң жат, оған да басылмаса дәрет ал».
Мен өзім ашуланған кезде іштей Құран сүрелерін бірнеше қайтара оқимын. Сәлден кейін сабама түсіп, ашуымның тарап кеткенін де білмей қаламын. Сіз де солай етіп көріңіз, оқырман. Пайдасы тиіп қалуы мүмкін.
А. Қалиева.

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 126 | Добавил: модератор | Дата: 20.03.2017

Алғыс білдірудің маңызы өте зор. Қазақта «қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз бар. Біреудің шынайы алғысына бөлену адамға үлкен рухани әсер береді.
«Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас», деген дана бабаларымыз. Мұнда алғыс алудың бақыт пен жақсылықтың бастауы екендігін ұрпақ санасына сіңірген. Исламда адамдардың бір-біріне алғыс айтудың маңыздылығына терең тоқталған тағылымды хадистер бар. Ұлы Жаратушы Алла Тағала өз пендесіне бір- біріне айырықша құрмет етуді, алғыс айтуды бұйырған.
Асыл дініміз, тура бағытымыз исламда алғыс жайлы кеңінен айтылады. Алла Тағала қасиетті Құранда Ибраһим сүресінің 7-аятында  «Раббың былай бұйырады: Ант етеміз, егер шүкір етсеңдер расында сендерге нығметтерімде еселеймін және де ант етеміз, көз жұма қарасаңдар, шүбәсіз, менің азабым өте ауыр»,-дейді.
Яғни Алланың берген нығметтеріне шүкір ету, ұлы Жаратушыға алғыс айт ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 166 | Добавил: модератор | Дата: 19.03.2017


Қазір секпілді лазер арқылы, химиялық жолмен дүркін-дүркін пилинг жасау арқылы кетіреді.
Сондықтан ең дұрысы-сұлулық салондарына, дерматологиялық кабинеттерге барып, секпілді бір кетіртіп алып, одан әрі күн көзінен жиекті қалпақ киіп, қолшатыр ұстап, сыртқа шыққан сайын күн әсерінен қорғайтын фотоқорғаныштық кремдер жағып, мейлінше сақтанып жүру.
Беттегі секпілді, пигменттік ақтарды ағартып, көрінбейтіндей жасауға болады. Енді өзім білетін мына емдік тәсілдер туралы айтсам деймін. Керек болса қолданарсыздар.
Дайындау және қолданылуы: 2 ас қасық ақжелкен (петрушка) ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап, айнаға қарап, секпілдің байқалмайтынын көруге болады.
Л.Хасанова,
Қап ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 272 | Добавил: модератор | Дата: 20.01.2017

Алыс жолдан келген жолаушының немесе сол елдің адамының ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп барып, сәлем беруі қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» дегендей, жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін де жол бар. Егер сәлем ер адамға қатысты болса, «сәлем берді» деп айтылады.
Сәлемнің басқа түрі де бар. Мысалы, сыйлы ата, ене, қайынағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да да иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем етуі керек. Ондайда біреу: «Келіңіз сәлем істеп жатыр», деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. Сәлем әйел адамға қатысты болса, оны «сәлем етті» ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 235 | Добавил: модератор | Дата: 04.11.2016

Қазіргі таңда үнемі отырып жұмыс істейтін, қимыл қозғалысы аз қызметпен айналысатын адамдар арасында бел омыртқа жарығы деген дерт жиі кездеседі. Отыра беріп, омыртқаға салмақты мөлшерден тыс салғандықтан, осы ауруға шалдығатындар қатары күн сайын көбейіп келеді.
Омыртқа-адам денесін тік ұстап тұрған тірегі, ішкі ағзаларды сыртқы әсерлерден қорғап тұрған қалқаны. Сондықтан адамның денесі сау болуы үшін, омыртқаны үнемі жаттықтыру,  остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет. Жарық ауруы 35 жастан жоғары орта буын арасында жиілейді деген болжамдар бар. Ол остеохондроз деген жайбасарлау ауруының асқынатын кезі болса керек. Алайда қазір бұл жас шамасы жасарып келеді. Остеохондрозбен жастар жиі ауыратын болып кетті. Бұл да қимыл-қозғалыстың аздығын көрсетсе керек. Бел омыртқаның жарығы бала туған әйелдерде жиі кездеседі. Өйткені босанған әйелдің омыртқалары жайылып, арасына жұлын қысылып қа ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 243 | Добавил: модератор | Дата: 17.10.2016

Қорғасынмен уланған кезде қолданылатын емдік тәсіл
Қорғасынмен уланып қалған кезде мына қарапайым халықтық тәсілді қолданып көруге болады. Ол үшін ең алдымен апельсин қажет болады.
Апельсиннің қабығынан дайындалған қайнатынды 2 ас қасық апельсин  қабығына 0.5л қайнаған су құйып, бетін жауып қояды. Оны баяу отта бес минуттай қайнатып алу керек. Сосын жиырма минут көлемінде тұндырып қояды. Кейін қайнатындыны сүзіп алып, дайын болған болған соң, әрбір бес сағат сайын бір стақан мөлшерінде жылы күйінде қабылдайды. Қосымша ем ретінде күнделікті 200 г қышқыл апельсин  шырынын ішуді ұсынамыз. Шырынның емдік әсері өте мол.

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 197 | Добавил: модератор | Дата: 07.10.2016

Саған жақсы болу үшін, күніне екі рет табиғи суық су құйын.
Жуынған соң 1-2 минут жалаң аяқ жерде тұр. Қыстыгүні қардың үстіне тұру керек.
Ішімдік ішпе және  темекі тартудан аулақ бол.
Табиғатта өзіңді қоршағанның бәрін жақсы көр. Еш уақытта айналаңды түкіріп, былғама. Ол сенің денсаулығың.
Барлық жерде, барлық қарттармен амандас.
Шамаң келгенше науқас, кедей, көмекке мұқтаж жандарға көмектес.
Өзіңнің бойындағы тәкаппарлықты, кеудемсоқтықты, қорқынышты, екіжүзділікті, жалқаулықты, сараңдықты жой. Адамдарға сен және оларды жақсы көр. Сонда айналаңдағылар да сені жақсы көреді.
Бойыңды жаман ойлардан аулақ ұста. Сонда ғана жеңіске қол жеткізесің.
Күніне танымайтын 21 адаммен бар ықыласыңмен  сәлемдес. Мұны дүкенде, дәріханада, базарда жасауға болады. Бұл үшін Алла тағала саған алғыс жаудырады. Жолың ашылады.
Таңертең тұрғанда таңмен, күнмен сәлемдес. Жаратушыға әрбір жұтым су үшін, жұтқан ауа ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Жас жеткіншектерге | Просмотров: 199 | Добавил: модератор | Дата: 07.10.2016

Қарасу
Қырық жыл Қарасуға бара алмадым,
Сағыныш жүректегі бар арманым.
Шерімбай жағасында жүгіргенде,
Балалық қуаныштан жаралғанмын.

Осынау балалығым-бақытым да,
Осынау балалығым-жақұтым да.
Білемін, қайта маған келмейсің ғой,
Бермейді, бермейді ғой ақысын да.

Қарасу-сағынышым көңілдегі,
Қарасу-сағынышым өмірдегі.
Есіме түскен шақта елжіреймін,
Тербетіп бал дәуреннің сезімдері.

Қасиетіңді өлеңмен жаза алдым ба?
Қазыналы Қарасу көз алдымда.
Алмасын орыс шалдың ұрлаушы едік,
Асыр сап айтақыр мен бозаң құмда.

Қарбызы Қарасудың қандай еді?!
Қандай еді, дәмі де балдай ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 261 | Добавил: модератор | Дата: 12.09.2016

Адамдардың саусақтары сияқты тілдері де бір-біріне ұқсамайды.
Балалар тізе сүйегінсіз туылады.
Адамның бойындағы бактериялардың жалпы салмағы 2 кг болады.
Адамның аузында 40 000 бактерия болады.
Әйелдерге қарағанда ер адамдар көбірек терлейді.
Жүзден асқандардың көпшілігі (80 пайызы) әйелдер.
Ерлерден гөрі әйелдер көзін екі есе көбірек жыпылықтатады.
Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.
Адамның бойындағы ең күшті бұлшық еті-тілі.
Басқаларға қарағанда, көк көзділер ауруға сезімталдау.
Тез оқығанда көз аздау шаршайды екен.
Адам миының 80 пайызы судан тұрады.
Адамның өмір бойы өсетін мүшесі-мұрын.
Бурыл сақал қара сақалға қарағанда тезірек өседі.
Адам қызарғанда оның асқазаны да қызарады.
Адам денесіндегі жылудың 80 пайызы басынан шығады.
Адамның қалпына келмейтін жалғыз нәрсесі-тісі.
Бір шаш 3 кг салмақты көтере алады.
Адамны ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 226 | Добавил: модератор | Дата: 22.08.2016

Момынның бесінші рет үйленген келіншегі перзентханаға түсті. Сол күннен бастап Момын ішіп кетті.
-Апа,- деп  мұңын шақты келіні енесіне,-балаңыз мен осында жатқан соң бұрынғы әйелдеріне кетіп қалды-ау, шамасы. Міне, екі күн болды төбе көрсеткен жоқ.
Енесі үйіне үнсіз қайтты. Келсе үйде Момын мас болып, ұйықтап жатыр. Ертесіне келініне тағы келген енесіне:
-Келін, а келін,- деп айқай салды төменнен.
Терезеден келіннің басы көрінді.
-Сен бекерге күдіктенгенсің. Момынжан бұрынғы әйелдеріне бармапты. Ес- түсін білмейтін адамды олар неғылсын. Үйде жатыр теңкейіп.

 

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 227 | Добавил: модератор | Дата: 22.07.2016

Қазір секпілді лазер арқылы, химиялық жолмен дүркін-дүркін пилинг жасау арқылы кетіреді. Бірақ бұрынғылары кеткенмен, орнына қайтадан жаңалары шықпасына кепілдік жоқ.
Сондықтан ең дұрысы-сұлулық салондарына, дерматологиялық кабинеттерге барып, секпілді бір кетіртіп алып, одан әрі күн көзінен жиекті қалпақ киіп, қолшатыр ұстап, сыртқа шыққан сайын күн әсерінен қорғайтын фотоқорғаныштық кремдер жағып, мейлінші сақтанып жүру.
Беттегі секпілді, пигменттік ақтарды ағартып,  көрінбейтіндей жасауға болады. Енді өзім білетін мына емдік тәсілдер туралы айтсам деймін. Керек болса қолдананарсыздар.
Дайындау және қолданылуы: 2 ас қасық ақжелкен (петрушка) ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15минут қайнатып содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмытрқа сарыуызын қосып мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Пайдалы кеңестер | Просмотров: 299 | Добавил: модератор | Дата: 11.07.2016

Замана
Уа, замана, дауылсың,
Қыдыра көшкен ауылсың.
Тоқым салмай, жайдақтап
Әркім мінген жауырсың!

Уа, замана, бөрісің,
Кедейдің шықпас төрісің.
Ата-бала тартысқан
Қызықты көкпар терісің!

Уа, замана, ескісің,
Ертеңгі білмес кешкісін.
Кедейлердің өткіздің
Шегене айдап ешкісін...

Уа, замана, қырланған,
Аунаған жерің сырланған.
Не төбелер бос қалып,
Не ерлер келіп құрланған.

Басы бүрлі бәйтерек-
Бұлтқа жетіп ырғалған,
Жеткен күні бір ажал
Ара салып түбінен,
Жермен-жексен бір қылған!

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 437 | Добавил: модератор | Дата: 22.06.2016

Ораза ұстағанда дастарханның басты мәзірі болған құрма-жай ғана жеміс емес, ол денсаулықтың қоймасы.
Құрма құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанда жақсы көмектеседі.
Құрмада  В1 және В2 дәрумендері бар. Бұлар да миды және жүйке жүйесін тынықтырады.
Қабығы мен сүйегінде көп мөлшерде дәрумен болғаны үшін сүйегін де сорып жүруге кеңес беріледі.
Құрма қақыраққа және жөтелге жақсы септігін тигізеді.
Қан тамырларын жұмсартады және тамыр қатаюының алдын алады. Одан бөлек  қанды тазалайды және қан қысымын да реттейді.
Арабтар кофе басқа да ішетін сусындарымен бірге міндетті түрде құрма жейтіндіктен шығар, оларда холестерин аз болады.
Қуық және бүйрек қабынуына шипа. Суы бүйрек тастарының ыдыруына өте пайдалы.
Қарағай жаңғағымен (кедровый орех) бірге желінетін болса, бауырды тазалайды және қуаттандырады,
Құрмада А дәрумені мол болғандықтан к ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 293 | Добавил: модератор | Дата: 07.06.2016

Уважаемые земляки!
К наступающему Священному месяцу Рамадан Духовное Управление Мусульман Казахстана подготовило РАСПИСАНИЕ ОРАЗА, согласно которому мусульманам будет легче ориентироваться во времени соблюдения поста. Скачивайте расписание с краткими комментариями ЗДЕСЬ.
С уважением, Ибрагим кажы Карнакбайулы.

Категория: Ораза қабыл болсын! | Просмотров: 1447 | Добавил: модератор | Дата: 05.06.2016

С мая территория возле Восточно-Казахстанской областной мечети «Халифа Алтай» преобразилась. Сотрудники ТОО «Озеленитель» высадили цветы, разработали ландшафтный дизайн. Все эти мероприятия проходят в канун священного месяца Рамадан.
Цветы различных сортов с помощью сочетания на клумбе и правил высадки создали единую композицию в виде казахских орнаментов. Со стороны смотрится красиво и эстетично. Цветочные клумбы в национальном стиле прекрасно выглядят на фоне красавицы-мечети.
– Мечеть – одно из самых посещаемых мест, – говорят сотрудники ТОО «Озеленитель. – Она по праву считается одной из замечательных достопримечательностей Усть-Каменогорска. Именно поэтому она требует особого ухода и внимания. Благоустройство и озеленение территории делает мечеть более привлекательн ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 283 | Добавил: модератор | Дата: 29.05.2016

Сұрақ: Алдыңғы сандарда сіздер, қан  қысымы жоғары болған жалған жағдайда не істеу керек екенін айттыңыздар. Ал төмен болған жағдайда не істеу керек?
Назерке, Куршім ауданы.
Жауап:

Гипотония, яғни қан қысымының төмендеуі. Ел арасында жиі кездеседі. Мұндай дертке шалдыққан адамдар тез шаршап, жүйкесі жұқарып жүреді. Гипотония кезінде қан қысымы 100/60мм көтерілмейді. Гипотония кезіндетұт ағашы көмектеседі. Жерге түскен тұт ағашының жемісін  алсаңыз, сол жақсы көмектеседі. Дәл осындай  толып піскен жемістер қан қысымын көтеруге жақсы септеседі. Тұт ағашының жемісінен жасалған тосап та, компот та, сироп та   қан қысымын  төмендетуге әсер етеді. Көптеген емшілер қан қысымы түсіп кеткен кезде итбүлдіргеннің (брусника) шырынын ішкен пайдалы деп есептейді. Бірақ оны күнделікті үш мезгіл үзбей ішу керек.Сермене лимонник  жидектерінің зор пайдасын ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 533 | Добавил: модератор | Дата: 22.05.2016

Сұрақ: Менің қан қысымым жоғары. Соған қандай жеміс жидектер көмектеседі? Мен грейпфрут шырыны көмектеседі деп естідім. Сол рас па? Алдын ала рақмет.
Сандуғаш, Өскемен қаласы.
Жауап:
Грейпфрут жемістеріне тән ащы дәм олардың құрамындағы адам ағзасына өте пайдалы биологиялық белсенді зат-нарингиннің болуымен түсіндіріледі. Нарингин қан тамырларының қабырғаларын нығайтуға, асқорытудың жақсаруына, тәбетті арттыру және жалпы сергектікті көтеруге септігін тигізеді.
Күнделікті тамаққа стақан грейпфрут шырынын қосу арқылы ғана артық салмақты түсіруге көмектесетін «сиқырлы» грейпфрут диетасы пайда болады. Және бұл ретте өтке көмектесе отырып, майларды ыдыратуға  септігін тигізетін жоғарыда аталған нарингин себепші; ол сондай-ақ зат алмасуды үрдісін ынталандырады, соның нәтижесінде арықтауға мүмкіндік туады.
Грейпфруттың шырыны гипертонияда пайдалы және ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Білгіміз келеді | Просмотров: 193 | Добавил: модератор | Дата: 20.05.2016

Мерекелеріміз құтты болсын!
Сәкен Иманасов
Мамыр
Қарсы алып мамыра- жай мамыр айын,
Тағы да қағынайын, сабылайын,
Есімнен жаңылайын, жамырайын,-
Сәулелі күндерімді сағынайын.

Білмейтін ым- жымыңды, ымыраны,
Басталып баяғы асқақ ғұмыр әні,
Күн нұры қараулықтан қашып шығып,
Қорғана қолтығыма тығылады.

Кешегі күйініштің сарқыны ма,
Тығылып ащы бір жас алқымыма,
Аспанды айқыш-ұйқыш тілгілеген
Қараймын найзағайдың жарқылына.

Көл-көсір көкірекке жыр тұнғасын,
Шығады бұрынғыдан күлкің басым,-
Қаншама жыртылмасын көмекейің,
 Оны да енді бірақ кім тыңдасын!


Шыға ма беткейлерге жамырай гүл,
Тұра ма өзін-өзі танымай қыр.
Дүние мың ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 232 | Добавил: модератор | Дата: 10.05.2016

Күткен күн
(Берлиннен хат)
Күле қарап шығыс тұр
Жалтылдаған ту ұстап.
Күн астына шығып бір
Дамылдайық тыныстап.

Аспан асты кеңейіп,
Әлем бір жел ескендей;
Өміріміз көркейіп,
Көңіліміз өскендей.

Қанға бөккен жейдесін
Тастады әлем сыпырып,
Сәнді сұлу бейнесін
Жалт еткізді құлпырып:

Кеудеңді ашып бір қилы
Құшақтағың келгендей.
Сағындырған көп жылғы
Қимасынды көргендей!
1945 ж.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 237 | Добавил: модератор | Дата: 05.05.2016

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz