Жалғасы. Май мен шырынды толық ішіп болған соң 1-1,5 сағаттан кейін процедураның тиімділігін арттыра түсетін бірнеше шараны орындайсыз. Ол үшін өзіңізге ыңғайлы жағдайда, айталық, жүрелей отырып сол жақ мұрын тесігін мақтамен жауып оң жақ тесігімен демаласыз. Тіл астына оны аздап қуыратындай ащы бұрыш салады, ал бауыр айналасына Кузнецов аппликаторын қойса жақсы. Мұның бәрі де бауыр айналасына қосымша жылу мен қуат береді. Демді ішке терең тарту арқылы қарынды қолмен көтеріп, дем шығарғанда керу керек. Бұл арқылы сіз бауырды керемет массаж жасап, оның қан айналымын жақсартасыз. Өте баяу (минутына 4-6 рет) демалыңыз. Дем шығарғанда бауырға қарай ыстық от үрлегендей болыңыз. Мұны 20-30 минут бойына қайталау керек. Бір сағаттай демалып тағы қайталыңыз. Демалыс кезінде бауыр тұсына магнитті аппликатор немесе жай ғана магнит қоюдың да өзіндік ықпалы бар. Ол майда қан тамырларының жұмысын жақсартады. Түн жарымда немесе таңға жуық (бұл әркімде әрқалай ) іш жүріп, "қоқыр-соқырлар" түсе бастайды. Сонда сіз осыншама лас заттарды ішіңізде сақтап келгеніңізге, ол одан әрі жата бергенде қандай күйде душар болатыныңыздыелестетіп қайран болатыныңыз анық. Одан соң аз тыныстап барып таңертең тағы да тазалау клизмасын жасаймыз. Сіздің таңғы тамағыңыз қолдан сығылған сәбіз немесе алма мен қызылша қосындысының (1:5) шырыны болсын. Бұл бауырдың жұмысын (ересек адамдардың) тез қалыпқа түсереді. Күніне 2 литрдей жаңа сығылған алма шырынын ішу керек. Алманың қышқыл сортын таңдаңыз. Қызылша шырынының да маңызы ерекше. Мұнан соң салат, суға қайнатылған ботқа жеп барып екінші күні жай күнделікті тамақтануға көшуге болады. Міне, осымен процедура аяқталды. Г.П. Малахов пен Ю.А. Андреев ұсынған тәсілдер де осы тақылеттес.
|