Понедельник, 17.12.2018, 18:09
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Тәлім өлең
1 2 3 ... 8 9 »

Ассалаумағалейкүм, би Наурызбай,
Жігітке дәулет бітсе көңілі жай.
Кетпейді жүрегімнен өлгенімше
Шекерсіз бесінде ішкен үш кесе шай.

Дегенің «қонақ кәде» қайдан шықты,
Шекерсіз бесінде ішкен шайдан шықты.
Сабада күмпілдеген қымыз тұрып,
Күбіден быршып кеткен айран шықты.

Қартайсаң түрлі қайғы түседі еске,
Байпаңдап біз ақсақ нар ерген көшке.
Үйіне Науанжанның қонайын деп,
Қонаға шабан көкпен келдім кешке.

Науанжан қылған істің бәрі бекер,
Қыпшақты Қарабалық қылдың нөкер,
Көрмедім келін иттей көргенсізді,
Салмады дастарханға жалғыз шекер.
Көп беріп көргендінің қызын алсаң,
Үйіңе мейман келсе, құрмет етер.
Аз ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 279 | Добавил: модератор | Дата: 24.03.2017

Қарасу
Қырық жыл Қарасуға бара алмадым,
Сағыныш жүректегі бар арманым.
Шерімбай жағасында жүгіргенде,
Балалық қуаныштан жаралғанмын.

Осынау балалығым-бақытым да,
Осынау балалығым-жақұтым да.
Білемін, қайта маған келмейсің ғой,
Бермейді, бермейді ғой ақысын да.

Қарасу-сағынышым көңілдегі,
Қарасу-сағынышым өмірдегі.
Есіме түскен шақта елжіреймін,
Тербетіп бал дәуреннің сезімдері.

Қасиетіңді өлеңмен жаза алдым ба?
Қазыналы Қарасу көз алдымда.
Алмасын орыс шалдың ұрлаушы едік,
Асыр сап айтақыр мен бозаң құмда.

Қарбызы Қарасудың қандай еді?!
Қандай еді, дәмі де балдай ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 387 | Добавил: модератор | Дата: 12.09.2016

Замана
Уа, замана, дауылсың,
Қыдыра көшкен ауылсың.
Тоқым салмай, жайдақтап
Әркім мінген жауырсың!

Уа, замана, бөрісің,
Кедейдің шықпас төрісің.
Ата-бала тартысқан
Қызықты көкпар терісің!

Уа, замана, ескісің,
Ертеңгі білмес кешкісін.
Кедейлердің өткіздің
Шегене айдап ешкісін...

Уа, замана, қырланған,
Аунаған жерің сырланған.
Не төбелер бос қалып,
Не ерлер келіп құрланған.

Басы бүрлі бәйтерек-
Бұлтқа жетіп ырғалған,
Жеткен күні бір ажал
Ара салып түбінен,
Жермен-жексен бір қылған!

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 604 | Добавил: модератор | Дата: 22.06.2016

Күткен күн
(Берлиннен хат)
Күле қарап шығыс тұр
Жалтылдаған ту ұстап.
Күн астына шығып бір
Дамылдайық тыныстап.

Аспан асты кеңейіп,
Әлем бір жел ескендей;
Өміріміз көркейіп,
Көңіліміз өскендей.

Қанға бөккен жейдесін
Тастады әлем сыпырып,
Сәнді сұлу бейнесін
Жалт еткізді құлпырып:

Кеудеңді ашып бір қилы
Құшақтағың келгендей.
Сағындырған көп жылғы
Қимасынды көргендей!
1945 ж.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 344 | Добавил: модератор | Дата: 05.05.2016

Қонысбай Әбіл,
 Қазақстанның халық ақыны

Ауылым, сені қимаушы ем,
Анамдай жақын көрініп.
Алыстан қолды бұлғаушы ең,
Түтінің көкке өріліп.

Болсаң да қанша төзімді,
Бар еді қандай жазығың.
Сағынған кезде өзіңді,
Ат байлар алтын қазығым.

Ұшақпен бірге аспандап,
Пойыздарменен қоса ақтым.
Көшерде көзден жас парлап,
Өшіргем отын ошақтың.

Сыйлайық атақонысты,
Бүл күнде жағдай өзгерді.
Ауыл алдында борышты
Өтейтін енді кез келді.

-Қызмет етем халқыма,
Риза болғай,-деп,-ата-анам.
Алдыңа келді партия,
«Ауыл& ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 272 | Добавил: модератор | Дата: 23.03.2016

Жеменей

Жеменейдің бардым тағы басына,
Тізе бүктім толқын сүйген тасына.
Ақындардың өлеңіндей сылдырап,
Ерке ағыс екпіндейді асыға.
Жағалауда әсерленіп көп тұрдым,
Маңдайымды самалына өптірдім,
Тал-теректер баяғыдай шулайды,
Қайда кеткен, думан қуған дос-құрбым?

Жеменейдің шарлап сая аңғарын,
Балалықтың қызығына қанғамын.
Бозбала боп үміт боп отын тұтатып,
Жігіт болып жалын атып, маздадым.

Ән айтқанмын жартастарды жаңғартып,
Жыр толғағам шабытыма жал бітіп.
Жүрегіндей толғанатын толқындар,
Сезімімдей мөлдірейтін таңғы шық.
Қиялымды қозғайтұғын ағысың,
О, Жеменей, жастығымның бағысың.
Жыл құсының ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 443 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2016

әні мен сөзі Болат Сыбановтікі
Уа, ағайын, мен де өлермін кезінде,
Соншалықты аза тұтып егілме.
Өзім кетсем әнім қалар соңымда.
Қадірімді содан білер тегінде.
Жауыма да қас болмап ем өмірде,
Әншілікпен атым шықты еліме.
Адам көзі топыраққа тоюшы еді,
Болды арманым бұл тірліктен менің де.
Демім бітіп, қайран денем қуарар,
Соңғы сапар мені де үйден шығарар.
Дос күрсініп мені де  жауым тынып ішінен,
Өлігіме көртышқандар қуанар.
Ақыретімді орамаңдаршы араққа.
Бәсекелік керек емес өлікке,
Маскүнемдер  шомылсын-ақ шарапқа.
Той думанның қызығына болдым мас,
Бірақ арақ, темекіге жаным қас.
Өлікке арнап арақ беріп біреулер,
Мода үшін әдетке енген кәрі, жас.
Ата-бабаң туып па еді арақтан,
Не қылған күш сені араққа қаратқан.
«Ақылгөйім, оқымыстым сабазым»,
Азып кетпе, адамшылық ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 238 | Добавил: модератор | Дата: 16.02.2016

Қазақтың белгілі ақын қызы, Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы

Қайран Баян, қайран Жібек, Еңлігім,
Зар заманда ала алмаған теңдігін.
Дәлелдеп-ақ кеттіңдер ғой, арулар,
Дүниенің бірі қалыс, кемдігін!

Қозы-Қөрпеш, Ер Кебек пен Төлеген,
Жүректерің тап-таза еді не деген?!
Дар алдында тайсалдырмай демеген.
Махаббаттың күші екен ғой жебеген.

Кері айналып доңғалағы заманның,
Дегендері болып жатыр адамның.
Бай да оралды, керуенді көшімен,
Таз кепешін киіп басқа наданның!

Керуенде байлығы бар әлемнің,
Тө ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 280 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2016

Қазақтың белгілі ақын қызы, Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы
Періште емес, пендемін,
Мәңгі емеспін, демдемін!
Көрдім талай мықтының,
Мықыны көктен келгенін!

Періште емес, пендемін,
Көкте емеспін, жердемін.
Бағаламас бақырға,
Бақ қонғанын көргенмін!

Тасасында иықтың,
Шындыққа бас иіппін.
Шаужайына жармаспай,
Үзеңгісі биіктің!

Арман өлмей, көктедің,
Сезімімді шектедім.
Шотын тауып біреудің,
Көтермедім кетпенін!

 Періште емес, пендемін,
Астана емес, елдемін.
Бил ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 426 | Добавил: модератор | Дата: 30.01.2016

Авторы ақын, жазушы, драматург Ақылбек Шаяхмет
Әнім қалса төгіліп елде менің,
Дәнім қалса себіліп жерде менің,
«Жүзеге асты арманың қалай?»-десе
Атамекен, асырған сен дер едім!

Жүргізетін өмірдің дөңгелегін,
Ата салты, дәстүрім-ең керегім.
«Тіршілікке нәр берген кім?»-дегенде,
Атамекен, қуатым сен дер едім!

Аға сөзін құптаймын, жөн көремін,
Талай істі қапысыз меңгеремін.
«Мұның бәрін үйрендің кімнен?»- десе,
Атамекен, үйреткен, сен дер едім!

Өріс кеңіп, толса егер төлге жерім,
Аққу жүзсе жұптасып көлге керім,
Сұлулықты ғажайып тұрған сақтап,
Атамекен, қорғаным сен дер едім!

Сары алтындай жарқырап белдегі егін,
Шалқып жатса ырысым жерде менің, ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 301 | Добавил: модератор | Дата: 19.12.2015

Сәндібек Жұбаниязов

Түрің бар-ау сағындырмақ,
Қылығыңда ақыл басым.
Тұрсың міне, қолың бұлғап,
Армандарың шақырғасын.

Саған ұқсап алыс кетіп,
Соқпақтарда сор кешіп ек.
Талабыңды табысты етіп,
Мен көргенді көрмеші тек.

Тазаға ынтық жанарлардан,
Төгіп өткен жаңбыр едім.
Құлай сеніп, сан алданған,
Қайран, менің пәк жүрегім!


Сезіледі жырымда мұң,
Қалған белгі сол күндерден,
Кештеу ұғып соның бәрін,
Жылдамырақ өлгім келген...

Әсерлер ғой бұл да өткінші,
Бар, ақ ботам, жолдан қалдың.
Мен жы ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 438 | Добавил: модератор | Дата: 05.12.2015

Не жаман?

Біріншіде не жаман?
Білімсіз болған ұл жаман.
Екіншіде не жаман?
Ананың тілін алмаған,
Қасарысқан қыз жаман.
Үшіншіде не жаман?
Үш жерінен буғызып,
Көрге салған сол жаман.
Төртіншіде не жаман?
Төресін ғаділ бермеген,
Парақор болған би жаман.
Алтыншыда не жаман?
Алғашқы алған әйелің,
Көп ішінде кеңкілдеп,
Тіл алмаған сол жаман.
Жетіншіде не жаман?
Жеткіншекте оқ тиіп,
Жетпей қалсаң, сол жаман.
Сегізіншіде не жаман?
Серке санды ат мініп,
Сергелдең болған сол жаман.
Тоғызыншыда не жаман?
Торғайдай болған бір басың
Топқа түскен сол жаман.
Оныншыда не жаман?
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Бір перзенттің жоғынан,
Мұңлық болған сол жаман.

 

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 321 | Добавил: модератор | Дата: 08.11.2015

-Суықтан қорғану үшін бірнеше қабат киім киіңіз. Қабат-қабат киімнің арасында қалатын ауа денедегі жылуды сақтап қалуға көмектеседі.
-Аязды күні тоңып қалмас үшін киініп қана қоймай, дұрыс тамақтану да керек. Біздің халқымыз қыста ыстық сорпа мен ет жеп, көже ішіп үйренген. Мамандардың айтуынша, бұл өте дұрыс екен. Күн суықта диета ұстаған орынсыз. Өйткені бізге белгілі диеталардың дені ауа райы жұмсақ елдерге лайықталған. Ал аязды күндері және қара суықта адам ағзасындағы энергияның көбі денені жылытуға жұмсалады, сондықтан күнделікті ас мәзірінде май мен протеиннің мол болғаны жөн. Мұндай тағамдар жылу беріп қана қоймай, асқазан ішек, жүрек-қан тамыры жүйелерінің жұмысына қажетті майлы қышқылдармен қамтамасыз етеді. Ауа райы күрт суытқан күндері сүт өнімдерін азайтқан дұрыс.

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 278 | Добавил: модератор | Дата: 09.10.2015

Күрт көбейіп, жаназа, қонақасы,
Жиі келер жер болды мола қасы.
Барлық жолдың бақиға апаратын
Атақтысы бүгінде-жол апаты!

Теріс іске кей пенде текке еліктер,
Терден оған орын жоқ-тексеріп көр.
Ұшақша ұшып, ажалға құшақ ашар
Тасып аққан тас жолда көп көліктер.

Келешектен осы шақ сый күткенді,
Ентелейді  күйкі істерді.
Қия жолда бір таныс қыршын кетіп,
Бір досымның аяғы гипстелді.

Кімге аяусыз тырнағын өлім салса,
Сол сезеді тұрарын өмір қанша.
Темір тұлпар жүйткіген
Қас-қағымда
Ұқсап тынар табытқа-темір қаңқа.

Серт берсең де мың жерден шошымасқа,
Се ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 358 | Добавил: модератор | Дата: 06.10.2015

Тағы да артта қалып тастанды қыр,
Тағы да қайталанып аққан дүбір,
Сайланып сонау жылы сары күзде
Ауылдан Алматыға аттанды ұл...

Ұл еді тағдырына көктен  қарар,
Ол жақтан білінбей тұр көптен хабар.
Бір міні тым сенгіштін...
(кім біліпті?).
Сенімді аяқ асты еткен де бар.

Орман ой талабына от тілетер,
Демегей –маңдай терін төкті бекер,
Тапты да іздегенін нән қаладан,
Көздеген мақсатына жетті ме екен?

Әйтеуір, ел үміті ескермеді,
Әзірге жаманаты естілмеді.
«Керемет тарту етем де-
дейтін еді-
Ойымнан шықпай қойған ес білгелі».

Жазмыштың жайлы тиген заңы кімге,
Самал жел, сарыуайым сарының не?
Айта сал амандығын-
Тосып жүр кейуана әлі күнге.

... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 311 | Добавил: модератор | Дата: 27.09.2015

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz