Понедельник, 28.05.2018, 08:11
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Ел аузынан
1 2 3 ... 7 8 »

«Ел аузынан» дегенде көбіне өте ертеректе өткен оқиғалар сөз болады ғой. Менің айтайын деп отырғаным-өзіміздің шалғынды ауылының тұрғындарын көрші-көлеңдер ұмытпай жүрген бір жәйіт. Ол әке қамқорлығы турасында: таяуда Сейітқамза есімді қария қайтыс болды. Балалы-шағалы, жаман өмір сүрген жоқ. Соның әкесінің оған деген сүйіспеншілігін ел ұмытпай жүр. Әкесі Айтан ауруға ілігіп, алдында кемпірі қайтыс болып, өзі «алыс жолға жүріп кетсе, әлгі баласы Сейітқамза жалғыз қалып, не күн көреді» деген ой көпті ойландырмай қоймады.
Айтан ақсақал да бұдан тысқары қалмаған шығар, өзі қатты науқас деп жүргенімізде «Ойбой! Сейітқамза үйленетін болыпты» деген хабар жетті. Әрең отырған Айтекең «айруымнан жазылдым, енді баламды үйлендіріп, келін үйдің шырайын келтірсін» деп отырмын депті.
Көппен бірге мен де бардым. Жазыла қоймаған екен. Ол кезде жаспын. Бетіне  қайта-қайта қарай ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 417 | Добавил: модератор | Дата: 09.07.2015

Байдалы қартайып, үйден шықпай күндіз-түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті.
-Ой кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой!-дей беріпті. Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады.
-Е, шырағым, еліңе не айтып барасың?-депті Байдалы.
-Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін-дағы,-депті Мұса.
-Шырағым, оның рас. Үш айыз сөз сұрайын, соны шешіп  беріп кетші!-дейді қарт. Мұса «айтыңыз» деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда:
-Алыста не алыс?
 Жақында не жақын?
Тәттіде не тәтті-депті.
Сонда Байдалы қарт басын көтеріп:
-Балам, ақының әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 630 | Добавил: модератор | Дата: 04.04.2015

  Қазыбек биге бір адам "кім жақын, не қымбат, не қиын?" деген үш сұраққа жауап беріңізші" деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен:
1. Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдына тартқан адал асың,
Қимас жақын-қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын.
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын.
Өз ұрпағың-шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.

2. Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт берекең-атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың-әкең қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пен ар қымбат.
Өзің сүйген жар қымбат.

3. Арадан ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 523 | Добавил: модератор | Дата: 07.03.2015

Қаракерей Соқыр Абыздың Қошқарұлы Жәнібекке берген батасы:
Бедеуің беліңдегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын,
Қабағың жазық болсын,
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай төрені түзу бер,
Сонда қаумалаған халқың кетпес қасыңнан,
Олжа кездессе, жолдасыңа бөліп бер,
Сонда қаумалаған досың кетпес қасыңнан.
Бақытың кетпес басыңнан!-

дегенде әкесі берген ішікті Абыздың иығына қаусыра жапқанда қайыра берген батасы:
Адалдық пейіл менен санаң болсын,
Әуелі сыйынғаның панаң болсын.
Жүрегіңнің басына иман толып,
Аузыңа ақтық сөзі тобаң болсын.
Сонан соң алған жарың жақсы болсын.
Жаманат пен өсектен аман болсын.
Балаңның бәрі бірдей момын болмай,
Біреуі ел билейтін адам болсын.
Жан бергенге мал біткенше талап болсын,
Баладан да туғанның жо ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 751 | Добавил: модератор | Дата: 12.11.2014

Шортанбай қиыннан жол тауып жүйелей сөйлей де, жүйесін тауып орнымен айтылған сындарды сөзге тоқтай да біледі. Мұндай жағдай ол кісінің өзінің басынан да өтіп, ұтарлы сөзден ұтылып, оны айып тұтпай шын пейілмен мойындаған. Оған мысал мына жай. Қарақойлы Шерімбет сөзге шешен, ойын ойып, ойламаған жерден аяқтан шала астарлап айтатын кісі болған. Сол Шерімбет Шортанбайдың үйіне келіп, жайласа отырып, бір орайлы әңгіменің ұзақ сүрлеуіне түсіп кетіп, шешіліп сөйлеп келе жатса мазаңдаған майда балаларына кейістік білдіремін деп үй иесі әңгіме желісін қайта-қайта үзе беріпті. Сонда Шерімбет:
-Әй, Шортанбай Боқтыошағы жоқ үй жоққа жарымайды, боққа жарымаған үйге бақ та қонбайды. Балаң басындағы бағың емес пе?! Неменеге қайта-қайта қаққыштап, өзімнің қадірім мен сөзімнің нәрін кетіресің,- деген екен.
Мынадай ұтымды сөзден тосылып қалған Шортанбай:
-Апыр-ай, естімеген сөз елде көп екен ғой,-деп жанатая беріпті.
... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 415 | Добавил: модератор | Дата: 28.09.2014

Екі алаңғасар алыста тұрып керісіп, ақырында, ашуланысып келіп, жағаласа кетеді. Сөйтсе, екеуі шөгіп жатқан түйенің екі жағынан келіп ұстасқан екен. Асау атып тұрып, тулай жөнеледі. Жағадан ұсташылар түйенің үстінде алысып кете барады. Сонда олардың біреуі екіншісіне:
-Ақыры жағадан ұастастық, енді мықтап ұстасайық. Әйтпесе құлап, екеуіміз де өлеміз,-депті.

 

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 352 | Добавил: модератор | Дата: 02.08.2014

  Бір жолы қырғыз Қызылым қарт Жиреншеге кездесіп қалып:
-Шешен, сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шілдер жоғалттым. Осыған құлағдар болыңызшы,-дейді.
-Жарайды,-дейді Жиренше шешен.-Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз.
-Он бес жас құйын қуған желменен тең,
Жиырма бес дауыл ұрған перімен тең,
Отыз бес ағып жатқан селменен тең,
Қырық бес ағып жатқан селменен тең,
Жетпіс бесте көңілің жерменен тең.
Сексенде келкілдеген шал боларсың,
Тоқсанда толық миың орта түсер.
Жүз жаста дүниеден күдеріңді үз,
Өлмесең де өліден кем боларсың,-дейді
Әйттеген-ай. Өзім жиырма бестегі жігіттей едім, көңілімнің жердей болғанын қарашы,-бекер-ақ сұраған екенмін,-деп сонда Қызылым қарт жантая кеткен екен. 

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 406 | Добавил: модератор | Дата: 15.06.2014

  Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғалып, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрған бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:
  -Уа, кімсің?-дейді.
  -Кереймін,-дейді Нұрбай.
  -Керей болса атың кім?
  -Атым Нұрбай.
  -Нұрбай қарақшы сен бе едің?
  -Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде қалқайып жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді,-дейді Нұрбай батыр.
  -Жол болсын, неғып жүрсің?-дейді Шоң.
  -Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.
  -Сенің атың Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар,-дейді Шоң.
  -Бәрекелді өзім де сізді анығын айтар деп едім. Әділін айттыңыз,-дейді Нұрбай.
  -Қалжыңға түсінбейсің де-дейді Шоң.
  -Нұрбай:< ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 429 | Добавил: модератор | Дата: 31.05.2014

 Белді таянбайды. Себебі жақын адам қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады.
 Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
 Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл-қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
 Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
 Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
 Тізені құшақтамайды. Бұл-«ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
 Жуған қолды сілкісе, ырыс-несібе кетеді.
 Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.
 Екі қолды төбеге қо
йып отыруға болмайды. Басына қайғы қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 497 | Добавил: модератор | Дата: 15.03.2014

  Ерден бидің ауылы Қаракеңгір өзенінің бойында отырғанда оған атақты Орынбай ақын барыпты. Ерден ақынға зор құрмет көрсетіп, күтіп, көп өлең айтқызады. Орынбай сонда Ерден батырға былай деп өлеңдетіп сәлемдеседі:
Ассалаумағалейкум батыр Ерден,
Кетіпті бақ-дәулетің асып елден.
Ішінде көп қарғаның бір бүркіттей,
Көзіме көрінесің келген жерден.
Сұңқардың екі мұртың жебесіндей,
Ақылың оман дария кемесіндей.
Сұрасаң биіктігің мен айтайын,
Күн шалған Алатаудың төбесіндей.
Иілмес қарағайдай терегімсің,
Ақылдың кө ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 571 | Добавил: модератор | Дата: 04.01.2014

  Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:
  -Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, сенің есің неден кетіп еді?-дейді.
  -Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық,-деп жөніне жүре береді.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 460 | Добавил: модератор | Дата: 16.11.2013

  Жоңғарлармен ақтық айқаста түскен қырық жігіт ауылға жеңіспен оралады. Екі-үш жыл жау қолында болған төрт түлік малды бөлісіп алады. Ауылдың жалбыр шапанды, көн етекті, жалғыз есекті кедейі көп малдың ішінен өз түйесін тани кетеді. Бірақ түйені иемденген кісі оны кедейге бере қоймайды.
  Кедей Төле биге келіп, түйесінің белгілері ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 483 | Добавил: модератор | Дата: 02.11.2013

  Бір мәжілісте бас қосып сөйлесіп отырғанда Шоң биге Мұса мырза:
Ақ сауыт  деп нені айтамыз,
Арғымақ деп нені айтамыз?
Ақылды деп кімді айтамыз,
Ер жігіт деп кімді айтамыз?-деп сұрақ қойыпты.
  Бұған Шоң:
-Ақ сауыт деп айтамыз,
Атқанда оқ өтпесе.
Арғымақ деп айтамыз,
Желгенде жылқы жетпесе.
Ақылды деп айтамыз,
Тозған елді септесе,
Ер жігіт деп айтамыз,
Жауға тастап кетпесе!-депті.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 572 | Добавил: модератор | Дата: 23.09.2013

  Орман ағашын өгізіне сүйретіп, иен далаға шыққан диқан Төлеге кездесе кетеді. Биден ол тары қандай жерге егілсе мол түсімді болатынын сұрайды. Ана жерге деп би алдындағы құмдақ жерді қамшы сабымен нұқып көрсетеді. Шаруа сол жерге тары тұқымын себеді. Орақ кезінде диқан мол түсімге қарық болып қалады. Қырманы тарыға үйдей боп үйіліп жатқан диқанға Төле би келеді.
  -Құдайдың күні көп пе, әлде менің тарым көп пе?-дейді жалғыз өгізді шаруа дәулетіне мәз болып.
  -Әрине сенің тарың көп,-депті сонда Төле.
  -Тарының осы жерге егілгенде түсімді болатынын қайдан білдіңіз?
  -Тары өз жаулары: құрт-құмырсқа, тышқан, торғайы көп жерге жақсы шығады.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 517 | Добавил: модератор | Дата: 09.09.2013

  Балаби қартайған шағында халқын жиып:

Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?-деп,

төрт сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:

Жерден ауыр дегенім-ақыл, білім.
Судан терең дегенім-оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім-фани жалған, адамның өмірі.
Көктен биік дегенім-тәкәббардың көңілі.

Категория: Ел аузынан | Просмотров: 867 | Добавил: модератор | Дата: 24.08.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz