Среда, 17.10.2018, 06:48
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Мақал-мәтелдер
1 2 3 ... 6 7 »

Танымаған жерде бой сыйлы,
Танымаған жерде тон сыйлы.

Тіріде сыйласпаған,
Өлгенде жыласпайды.

Отыз күн оразаның,
Бір айты бар
Әр қылған жақсылықтың,
Бір қайты бар.

Жаман үйдің қонағы билейді.

Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.

Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.

Далаға түнегенше,
Молаға түне.

Жолаушы ақысы жүрсе бітеді.

Жолға шықсаң сайлан,
Бес қаруыңды байлан.

Жартыны жарып жеген
Татулықтың белгісі.

Көп ақмақтың аға ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 406 | Добавил: модератор | Дата: 04.10.2015

Ел ішінде адам бол,
Ит ішінде арлан бол.

Құс қосағымен ұя салады.

Мүсәпірдің баласы,
Мықты болып өседі.

Байғұс тигенін жейді,
Бай сүйгенін жейді.

Жөтелгені-қарттың күлгені.

Жаман сөз қанша болса,
Жақсы сөз сонша.

Ұзаған сайын ауылдан
Ауылды жаның  сағынған.

Шақырмаған қонаққа
Шала піскен тамақ бар.

Жақсы ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 230 | Добавил: модератор | Дата: 13.07.2015

Жаздың бір күні-
Қыстың мың күніне татыр.

Тау мен тасты су бұзар,
Адам затты сөз бұзар.

Тау текенің тауға шықпаса,
Тұяғы қышыйды.

Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ болар.

Су аққан жерінен бір ағар.

Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көк дүркірер.

Қаз тойғанына семірмейді,
Орғанына семіреді.

Балық аулай алмаған,
Суды лайлар.

... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 789 | Добавил: модератор | Дата: 21.04.2015

Білім шексіз екен деп түңілме,
Мінім елеусіз екен деп бүлінбе.

Ана баланың тәнін шынықтырса,
Ұстаз баланың жанын шынықтырады.

Қайрауы келсе, қанжар өткір.

Сөз сөйлесе-ақылды-ақ,
Іске келсе-ақымақ.

Өз үйіңде отыңды бақ,
Кісі үйінде аузыңды бақ.

Ақылды көргенін айтады,
Ақылсыз жегенін айтады.

Төбеге шықсаң күндейді,
Төменде қалсаң, тілдейді.

Қаз қаңқылдаса, жаз келер,
Қарға қар ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 356 | Добавил: модератор | Дата: 02.04.2015

Алтыныңа сенгенше,
ақылыңа сен.

Үйдегі сөз базарға жарамайды.

Кісіде ақыл болмаса,
Көз дегенің құр әйнек.

Орақ ұстап әкең қалғанша,
Оймақ ұстап шешең қалсын.

Атың жүрдек болса,
Қамшы не керек.

Табыстың бір ұшы білекте,
Бір ұшы жүректе.

Көрге кірген тірі шықпас,
Үйге кірген құр шықпас.

Ұры айдан қорқады.

Жаманның кесепаты бір шақырым
 ілгері жүреді.

Қателескеннен қатені түзетпеген жаман.

Мұздан өтсең, ағып өт,
Ойылғанша өтерсің.
... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 375 | Добавил: модератор | Дата: 18.01.2015

Салақ әйелге-соқыр күйеу.

Қабаған итке-не тамақ, не таяқ.

Инеңді өткізбей жатып, бізіңді суырма.

Асқақ адам аспанды аяғымен таптасам дер.

Көктемге жеткен ешкі көк шөп табар.

Кенже шыққан балапаннан қораз күтпе.

Қазша қаңқылдап бағады,
Қарғаша жұмыртқа салады.

Жол алыс болса мейлі,
Тек тегіс болсын.

Танауын көтерген тасқа соғылар. ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 421 | Добавил: модератор | Дата: 19.11.2014

Қажыға қажы Мекеде кездеседі.

Өкпелетсең досыңды-қуантарсың қасыңды.

Ер жігіттің үш жауы бар:
 Қасың да жау, 
Досыңның қасы да жау,
Қасыңның досы да жау.

Сусағанның түсіне сылдыраған су кіреді.

Жалған сөздің шамы жарық бермес.

Сенен сескенгеннен сен де сескен. 

Адамды әкесіне қарай бағалама,
Ақылына қарап бағала.

Жақсылықты білмейтін кісіден
Жақсылықты білетін күшік артық.

Жамандықты тыюдың ерте-кеші жоқ.

Жақсы болса досың,
Ілгерілер көшің.

Достарыңмен тату бол, ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 432 | Добавил: модератор | Дата: 27.09.2014

Қойдың сүті қорғасын,
Қойды соққан оңбаған.

Малды бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан.

Арық қой тырысқақ,
Аш адам ұрысқақ.

Қой семізі-қойшыдан.

Қой өлсе-қозы болады,
Келер жылы өзі болады.

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,
Құлағынан айрылыпты.
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.

Көрмес, түйені де көрмес.

Жалғы ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 469 | Добавил: модератор | Дата: 09.08.2014

Ақшалы болса ақымақ та төре.

Кішіпейілділік-кемеңгерліктің көркі.

Удың да дәрі болар кезі бар.

Жеңілістің де жеңіс болатын кезі бар.

Адам әрекетсіз болмаса,
Ауру да жабыспайды.

Өмірдегі игіліктің ізгісі-ұзақ жасау.

Денсаулықты ойлауың-
Жақсы шипа сайлауың.

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 404 | Добавил: модератор | Дата: 08.06.2014

Данышпансыз, дәрігерсіз
Жұрттың бәрі дәрменсіз.

Арпасыз қапшыққа ат та жоламайды.

Жазда терлемеген қыста жаурайды. 

Олақ қасапшы не пышағын сындырар,
Не қайрағын күл қылар.

Жасыған шегені жаңа шеге айдап шығады.

Азаматтың мінін әйелінің көзінше айтпа.

Бір әйел сүйік,
Екі әйел-күйік.

Жолаушы жолым болса дейді,
Көлбақа көлім болса дейді.

Опасыздың өрісі тар.

Жастық шақтың қадірін-
Жасқа келіп, таныдым.

Сұмның қолынан соқыр есек те жем жемес.

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 478 | Добавил: модератор | Дата: 30.03.2014

Ет етке, сорпа бетке.

Қазаныңа не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінер.

Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста қасық жоқ.

Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама!

Ашаршылықта жеген
Құйқаның дәмі кетпес.

Қамысты жаққанменен
Шоғы болмас,
Көк суды ішкенменен
Тоғы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1281 | Добавил: модератор | Дата: 13.01.2014

Мал иесінің көзімен су ішеді.

Іс көп-темір аз,
Ұста көп-көмір аз.

Арпасы бар ат арымас.

Күмән сенімнен айырар.

Ақыры жоқтың, жақыны жоқ.

Достың айнасы-дос.

Өзін-өзі түсінген кемеңгер.

Жақсы әйел мен жақсы ат
Күлмей тұрып күлдірер.
Жаман әйел ме ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 526 | Добавил: модератор | Дата: 19.11.2013

Сөз атасы-құлақ,
Жол атасы-тұяқ,
Су атасы-бұлақ.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Аяғы жаман терді былғар,
Аузы жаман елді былғар.
 
Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.

Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.

Шешеннің сөзі мерген,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 708 | Добавил: модератор | Дата: 25.09.2013

Түйе көп болса жүк сыймас.

Бақауық демесең
Бағалы көлік түйе ғой;
Жаман да болса өз ұлың,
Өз малыңа ие ғой.

Түйе қараған жауға жолығар,
Сиыр қараған тойға жолығар.

Көтерем деп түйеден безбе,
Салтанатың емес пе,
Тебеген деп биеден безбе,
Қос қанатың емес пе.

Жалғыз шапқан ат жүйрік.
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 542 | Добавил: модератор | Дата: 08.09.2013

Жер тамырынан
Ел тамыры көп.

Жаманға басшы болғанша,
Жақсыға қосшы бол.

Атаға баланың алалығы жоқ.

Келелі сөзді келін де айтады.

Астыңдағы атың жақсы болса,
Алыстағыны жақындай көр.

Балам деп көп мақтанба,
Бара алмай топқа жатқанда.

Қоныс таңдағанша,
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 691 | Добавил: модератор | Дата: 25.08.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz