Понедельник, 28.05.2018, 08:12
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Салауатты өмір салты
1 2 3 ... 9 10 »

Тамақтан бұрын және соңында қолдарды жуу керек. Тамақтан бұрын қол жуғанда алдымен жастар, ал тамақтан кейін алдымен үлкендер бастап жуады.
Қолмен желінетін тағамдарды үш саусақпен жеген дұрыс.
Піскен етті пышақпен турамау керек.
Шақырмастан бұрын дастарханға отыруға болмайды.
«Тамақтан алыңыз!» деген сөзді үштен көп айтуға  болмайды. Ол қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.
Тамақта қорқынышты және жиіркенішті нәрселер, өлім, жаһаннам туралы айтпау керек.
Стақан, кесенің сынық жерінен және сабы жағымен су ішуге болмайды. Сондай ақ суды іші көрінбейтін шәйнек, құмыра, құман секілді ыдыстарынан ішпеу керек.
Тоймастан бұрын дастарханнан тұру, қарын ашпастан және дастарханнан тыс жерлерде тамақ жеу дұрыс емес. Су немесе шай ішкенде бір бөлігін немесе тамақ жеген кезде түбінде қалдыру мұсылманның үлкен қателігі.
Тамақты алдымен үлкендер бастауы керек.
Тамақт ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 303 | Добавил: модератор | Дата: 10.03.2016

Адамдардың күтімі де үлкен шаруа ғой. Өзіңе күтім жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған дұрыс салт. Әсіресе, білмекке құмарлығыңыз сөнбесін.
Бұрын бір газеттен бір рецепт оқып едім. Полиартритке қарсы ем ретінде жариялапты. Мен де соны істеп көрейін  дедім. Бұл кезде менің қолымның екі буыны ауыратын. Ал, осы жақпаны пайдалана отырып бастағаннан бері қолымның буындарының ауырғаны басылды. Бұл жақпаны дайындау жолы мынадай:
Бірдей мөлшерде  (10 мл ден ) медициналық өт,  глицерин, бал, йод және мүсәтір спиртін аламын. Жарты литрлік банкіге сылып, әбден шайқап, араластырамын. Тоңазытқышта сақтаймын. Қолданар алдында жылы жерге қойып, жылытып аламын. Түнде жатар кезде осы жақпадан буында жасаймын (компресс). Осындай ысытпадан кейін буындарымның ауырғаныны сап тиылды».
Г. Акбаева,
Шымкент

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 285 | Добавил: модератор | Дата: 10.11.2015

Қадірменді оқырман! «Өзім де білем...»  дегендей салғырт ойға салынбауыңыз қажет дейді салауатты өмір салтын сақтаушылар. Бұған қосылмасқа болмайды. «Өзім де оқи аламын, өзім де аяқ-қолымды ұйқалай аламын, басқаның кеңесі керек жоқ дегендерді өкініштерін көріп жүргендер көп. Сондықтан құлағыңыз түрік жүрсін деген оймен мына бір кеңесті жариялап отырмыз («Денсаулық әлемі», №5,2015ж)
Аяқ тамырларының басты дерті варикоз екенінен көпшілік хабардар. Варикозбен күресу үшін үнемі қажетті процедураларды төзімділікпен орындай білу керек. Варикоз кезіндегі массаж жақсы нәтиже беретін тиімді әдіс деп танылған. Дегенмен мұндай массажға бармас бұрын, өз дәрігеріңізбен кеңесіп алғаныңыз абзал. Өйткені бұл  аурудың массаж жасау кезінде бірқатар  шектеулері болады.
1.Аяғыңыздың шаршағанын сезсеңіз, көлденең түсіп жатыңыз. Аяғыңыздың астына жастық қойып, көтеріп қойыңыз. Қан тамырлар ... Толығымен (Подробнее)»

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 468 | Добавил: модератор | Дата: 13.06.2015

  Кей уақытта аурудың пайда болуына өзіміз себепкер болатынымызды ескере бермейміз. Соның бірі-ұйқының бұзылуы. Ол үшін мына жайларды ескеріп жүруіміз керек:
-Кешкі ас ауыр болмауы керек.
-Таңертең ерте және бір уақытта тұру керек.
-Ұйқы кеткенде тұрып, келгенде жату керек.
-Салқын, қараңғы және тыныш жерде ұйықтау керек.
-Күннің жоспарларын төсекте ойламау керек.
-Белгілі уақытта емес, қажет болған уақытта жату керек.
-Спортпен шұғылдану маңызды, бірақ жатар алдында болмауы керек.
-Жатудан бұрын дене ақыл белсенділігін азайту керек.
-Ұйқы шақыратын дәріні өте қажет болмайынша қолданбау керек.
-Спиртті ішімдік ұйқы үшін шара емес, ешқашан қолданбау керек.

Бауыржан Ескелді,
Аягөз қаласы

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 357 | Добавил: модератор | Дата: 03.12.2014

  Шылым шегуден арылуға арналған емдік әдістің ішінде менің таныстарыма қатты әсер еткен емдік әдіс туралы айтсам деймін.

Дайындау  және қолдану әдісі. 1 кг жуылған сұлыны ыдысқа салып, үстінен 1 литр су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта жарты сағат қайнату керек. Судан сұлыны сүзіп алып тастайсыз да, әлгі суға 2 ас қасық қырмызыгүл салып, 8 сағаттай жылы орап қойыңыз. Қырмызыгүлді сүзіп тастап, күніне 2 стақаннан жылытып ішу керек. Екі апта бойы ішсеңіз, темекіге тәбетіңіз тарпай, өзінен-ақ одан  бас тартатын боласыз. Дәрілік сусын таусылып қалса, оны қайтадан осындай жолмен даярлап алып қолданыңыз.  
 

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 407 | Добавил: модератор | Дата: 06.07.2014

  Кебекте өте көп мөлшерде химиялық тұздар мен В және Е тобының дәрумендері бар. Ондағы фосфорлы зат пен глютен ағзаға таусылмас қуат береді, ауруды өз бетінше жеңіп шығуға да жәрдем. Кебек аралас ұнға пісірілген тағамды (нан, печенье) көбірек тұтану ас қорытуды жақсартып, тырнақ пен шаштың сынғыштығын кетіретіні сондықтан. Бидай кебегі бүйрек пен бауыр ауруларын болдырмайды, ішектерді тазалайды.
Ертеректе қуығына суық тиген жанның табанына кебек қыздырып басатын тәсіл болатын. Оның тиімділігін әжелер әлі күнге мойындайды. Шыжың мазалайтын жас балаларды жазда күн астында тұрып қызған кебек үстіне отырғызатыны бекер емес. Олай болса кебекке мал азығы деп қана қарамаңыз.
Е. Еркежан.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 528 | Добавил: модератор | Дата: 19.04.2014

  Ей, перзентім, білгенің жақсы, данышпандар ұйқыны кіші өлім деген екен. Сондықтан да өлген адамды мәңгі ұйықтаған адаммен теңейді. Бұл екеуі де дүниеден хабарсыз болады. Біріншісі-жаны жоқ өлік, екіншісі-жаны бар өлік.
  Көп ұйықтау-жаман әдеттің бірі. Денеңді ауырлатып, табиғатыңды талқандап, жүзіңді кесел адамға ұқсатады.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 469 | Добавил: модератор | Дата: 14.12.2013

  Ғалымдар адам терінің иісін құртатын ерекше таблетка ойлап тапты. Ол дәріні жұтқан соң адамның денесінен шығып тұратын тердің жағымсыз иісі бірнеше сағатқа жойылады.
  Бұған дейін қолданытып келген парфюмериялық заттарға қарағанда дезодорант-таблетка денеден шыққан тер иісін құртып қана қоймай, сол тердің өзін де өзгеше бір жағымды иіске айналдырады екен. Ал оның қандай иіс екенін ешкім алдын-ала білмейді. Себебі дәріні жұтқан соң жағымды тер иісі адамның генетикалық құрылысына қарай шығып тұрады.
  Ал «жұтатын парфюмнің» қашан сатылымға түсетінін оны жасаушылар әзірге құпия сақтап отыр. Соған қарағанда олар косметикалық заттар шығаратын ірі компаниялардың тапсырыс күтіп отырса керек.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 425 | Добавил: модератор | Дата: 08.10.2013

  Салауатты өмір салтын сақтаушылардың көбі артық салмақтың мол әуре әкелетінін жақсы біледі. Біразы жөнді көңіл бөлмей, жеңіл жолдар іздейді деседі амандар.
  Дәрігер көмегіне жүгінбестеріңізге болмас. Әзірше бір жеңіл тәсілін еске алайық.
  Күніне 4-5 рет тамақ алдында қырыққабат шырынын ішіп жүру де салмақтың қалыпты болуына көмектеседі. Бұл тәсілді 1 ай бойына жалғастырса жақсы.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 430 | Добавил: модератор | Дата: 16.09.2013

  Балық майы жақсы деп жатамыз. Мамандардың айтуынша әр нәрсені нақтырақ білген дұрыс көрінеді. Мұның өзі тіпті, дәрі-дәрмектің сіңімді болуына да әсер етеді екен...
  Балық майының құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер қоры өте көп. Мәселен, оның құрамындағы А дәрумені-көздің көру қабілетін арттырады, тыныс алу және асқорыту, балаларда сүйектің дамуы мен тіс эмалінің дұрыс қалыптасуы, иммундық жүйе, ағзаның бактерия және вирустармен күресуде күш береді. Ал Д дәрумені-дені сау сүйек пен тістің кепілі болады.
  Балық майының жағымсыздау иісі мен дәмі бар. Ол сары, ақ, қоңыр түсті келеді. Соңғысын (ашық сары түсті) медицинада емдік шараға қолданады. Оның арнайы құтыда және капсула түрінде кездеседі.
  Жалпы балық майы көп ауру түрлеріне шипа. Көреген бабалар: «Кез келген заттың емдік қасиет ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 457 | Добавил: модератор | Дата: 19.08.2013

  Тырнақтың ішке қарай кіріп өсуі жаныңызға бататыны сөзсіз. Бұл көбіне аяқта, бас бармақта болатын жай. Одан құтылу үшін аяқты бұлау керек. Сосын жайсыз тырнақ өскен жерді спиртпен сүртіп, тазартып, тырнақтың ортасын 3 миллиметрдей ойып алып қою керек. Бірер күн өткен соң ауырған жер өздігінен басылады.  

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 903 | Добавил: модератор | Дата: 05.08.2013

Тазалыққа келгенде «ұсақ-түйек» нәрсе болмайтынын ескерген жөн.
Осыған орай айтарымыз бар.
Тамақ, тәтті тағам немесе тамақ салынған ыдысқа құмырсқа қонаққа келмеу үшін ыдыстың айналасына өсімдік майын жағып қойыңыз, Құмырсқа өсімдік майының иісін сезсе болды, оған жоламайды.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 391 | Добавил: модератор | Дата: 19.07.2013

 («Емші» №18 (214) 2012ж)
...Сіздерге бар жүрегіммен денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін. Құдай сіздерге менің жасымды берсін-96 жас, ары қарай әркім қалай соза алса, солай созсын.
  Сонымен 1996 жылы менің жүрегім қатты ауыра бастады. Диагноз: ишемия мен жүрек талмасы болды. Жылдың аяғын дейін мен мынандай қоспамен емделдім.
  Біріншісі-500 г табиғи бал мен 500 г арақ алыңыз. Арақты бір литрлік банкіге құйып, үстіне бал салып, бөлме температурасында бал толықтай еріп кеткенінше сақтаңыз.
  Екінші қоспа-емдік шөптер қажет болады: сасықшөп (пустырник), сушеница топянная, үгітілген шүйгін тамыры (валериана), қастауыш (құмырсқалық) спорыш (муравьиный) және дәріханалық түймедақ. Осы шөптердің барлығынан 1 ас қасықтан алып, 1 л суда тұндырып, суығанша қойып қойы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 536 | Добавил: модератор | Дата: 05.07.2013

 («Саламатты өмір» №05 (08) Наурыз 2013 ж)
 Ұйқының бұзылуы адамның мінез-құлқын да өзгертуі мүмкін. АҚШ-тың Беркли университетінің ғалымдар  ы ұзақ уақыт бойы ұйқысы қанбай жүрген адамның ұрысқақ, уайымшыл әрі өзімшіл бола бастайтынын анықтады.
 The Daily Mail-дың хабарлауынша, мамандар 18 бен 56 жас аралығындағы ерлі-зайыптылардың 60 жұбын қатыстырып, зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында жұптардың ұйықтау уақыты, мінез-құлқы есепке алынды. Ерлі-зайыптылардың өмірі бейнежазбаға да түсірілді. Сынақтың нәтижесінде үнемі ұйқысы қанбайтын адамдардың ұрысқақ келетіні, серіктерін жиі кінәлайтыны, өзін ғана ойлап, уайымға берілетіні расталды. Ғалымдар сол себепті адамдарға толыққанды ұйқы кестесін жоспарлап алуға кеңес береді. Айта кетейік, бүгінде Жер шарының  әрбір үшінші тұрғыны  созылмалы ұйқысыздық ауруына ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 424 | Добавил: модератор | Дата: 22.06.2013

  Ұйықтар алдында банан жеу өте пайдалы. Бананның құрамында серотонин мен мелатониннен басқа бұлшық еттерді босаңсытатын магний элементі болады.
  Бұдан басқа түймедағынан дайындалған шай (ромашковый чай) ішудің маңызы зор. Ағзаны тыныштандыратын сусындар арасында алдыңғы орында тұрған бұл сусын ұйқы шақыратын қасиетке ие.
  Англия мен АҚШ-та ұйықтар алдында жылы сүт ішу әдетке айналған.  Сүттің құрамында ағзаны тыныштандыратын триптофан деген амин қышқылы мен триптофанның миға сіңірілуіне көмектесетін кальций элементі бар. Мұнан басқа сүт адам психикасына да ықпал етеді. Жылы сүтке немесе өсімдік шайларына шамалы бал қосып ішсе, нәтижесі тіптен керемет болады.

Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 414 | Добавил: модератор | Дата: 11.06.2013

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Май 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2018Создать бесплатный сайт с uCoz