Рамазан айы бәрімізге мүбәрәк болсын!
Рамазан айы жақындап қалды. Осыған сәйкес үлкендер жағы терең сезінген, ал кейінгі толқын жан-жақты ескерер деген бірер материалдарды назарларыңызға ұсынбақпыз.Айлардың сұлтаны-Рамазан
Жыл сайын рамазан айына, оразаға деген құрметте те қажылыққа баруға деген құштарлық та артып келеді. Республика бойынша қаншама мешіт бой көтерген. Осының бәрі әуелі Алла, содан соң билік басындағылардың ислам дініне деген оң көзқарасынан туса керек.Рамазан айында барлық тілек-дұғалар қабыл болады деседі. Осы қасиетті айда менің Алладан тілейтінім-халқымыздың басының амандығы, іргеміздің мықты, жұртымыздың ауызбіршілікте болуы. Елінің ертеңін ойлайтын салиқалы ұрпақтың көбеюін, өсіп-жетілуін тілеймін. Дана халқымыз жаңа туған балаға сол кезде болып жатқан құбылысқа қарай ат қойған. Олай болса, дәл осы айда әрбір шаңырақта Оразбай мен Рамазандар, Оразгүл мен Оразбектер көбейсін деп тілейік. Иісі мұсылман асыға күтетін шарапаты мен шапағаты мол, Жаратушы Жаппар Иенің құлына жасаған ұлы тартуы, айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі-Рамазан айы барлығымызға мүбәрәк болсын!А. Маратқызы(«Абыз» №8, 2011ж қысқартылып алынды)
|