Сауд Арабиясының қажылыққа жауапты мемлекеттік мекемелерінің дерегі бойынша биыл 2,5 миллион мұсылман бесінші парызын өтеу үшін қасиетті мекенге ат басын тіреді. Әрбір елдің миллион тұрғынына шаққанда 1000 адамға квота бөлінген. Соған сәйкес Индонезиядан биыл 200 мың мүмін қажылық парызын өтеуге келген. Ел билігі қажылық кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 63 мың полицияны жұмылдыруда. Оның 3500 мыңы арнайы бөлім жауынгерлері. Сондай-ақ, Мекке көшелерін 22 мың әскерилер өз бақылауына алса, 450 бронетранспортер олардың қажетіне жарамақ. Әл-Харам мешітін айнала 1500 жасырын камера орналастырылып, жаңадан 29 полиция бөлімі ашылып, тәулік бойы жұмыс істеуде. Ал, қажыларға 20 мыңнан астам дәрігерлер мен медбикелер медициналық қызмет көрсетуге дайын. 5 тіұшақ пен бірнеше құтқару бөлімшелері де қажет кезінде қажыларға қол ұшін созуға әзір. 12 мыңна астам гидтер жұмыстарына кірісіп кетті.