Воскресенье, 07.12.2025, 06:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Июнь » 5 » 5 маусым - Ұлттық аза тұту күні
5 маусым - Ұлттық аза тұту күні
18:36
egemen.kz 5 маусым 2012 жыл. Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты МӘЛІМДЕМЕСІ
Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам қаза болған қайғылы оқиға қазақстандықтардың ешқайсысын да бейжай қалдырмады.
Менің тапсырмаммен қазіргі кезде тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Мамандар мен комиссия өз қорытындысын жасайтын болады. Біз оқиғаның мән-жайын анықтаймыз, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды табамыз. Сөйтіп, бұл трагедияға айыптылар тиісті жазасын тартатын болады.
Шекарашылар елдің шебін қорғау кезінде, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау қызметінде тұрғанда қаза болды. Олар Қазақстанның бейбітшілігі мен болашағы жолында қыршынынан қиылды.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл күндері қаза тапқандардың отбасыларына барынша қолдау көрсетіп, қажетті көмектің бәрін жасауда.
Бұл трагедия қаза тапқандардың отбасылары мен ағайын-туғандарын ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр.
Сондықтан бір күндік ұлттық қаралы күн жариялаймын.

Астана қаласы, Ақорда, 2012 жылғы 4 маусым.

egemen.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 862 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Июнь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz