Сапарға кеткен ұлдарға сыбаға сақталатын-бұл күннің ең басты тағамы бар. Халық сенімінде наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. Аналарымыз осы күнге арнайы қысқы соғымның әбден сүрленген қадірлі мүшелерін сақтаған. Ал, басты көжеге сүрленген ет, тұз, езілген құрт, бидай, тары, күріш және де жалпы саны жеті тағам қосқан. Наурыз көжемен қоса, келген ауыл ақсақалдарына қойдың басы да тартылатын болған. Наурыз көжеге сүр ет салып пісірілуі-қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы-жаз тағамымен қауышудың мәнісін білдіреді. Әдетте наурыз күнгі қасиетті дәмнен алыс сапарда жүрген адамдарға, қадірменді ақсақалдарға, сыбаға сақталады.
|