«Ауырмай тұрып ем ізде», демекші кез келген жағымсыз әрекеттердің алдын алуда уағыз-насихат жұмыстарының маңызы орасан зор екені баршаға мәлім.
Осы орайда, ҚМДБ-ның РАНТ-ның мүшесі Рүстем Сыздықов өңірімізге арнайы іссапармен келіп, уағыз-насихат жұмыстарымен Зайсан, Тарбағатай аудандарының бірқатар елді мекендерінде болып, мектеп оқушылары мен ұстаздарынан бастап, ауыл, аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесулер өткізіп қайтты.
Кездесу барысында ата-бабамыздың ежелден ұстанып келе жатқан Ханафи мәзһабының ерекшелігі тілге тиек етіліп, ел ішіндегі түрлі бағыттағы деструктивті ағымдардың қоғамға кері әсері және оның алдын алу жолдары әңгімеге арқау болды.
Уағыз-насихат барысында Рүстем Сыздықовпен бірге облыстық мешіттің наиб имамы Досжан Тулувхан, Зайсан ауданының бас имамы Болат Бағлаев, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы мешітінің бас имамы Амангелді Жарасовтар болды.
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
|