Балалар айтқанымызды орындап, тілімізді алуы үшін қайсымыз болсын оларға жылтыраған ойыншық әперіп жүреміз. Бала ананы алып бер, мынаны әпер деп қиғылық салғанда да тыныштандыру үшін талай дүниені әперетін болып уәде береміз. Әңгіме балаға ешқандайбір затты тілімізді алғызу мақсатында әпермеу керек деген қағида туралы болып отыр. Мұндай мақсатпен бірдеңе әпергенде біз оның дұрыс деуге келмейтін бір тілегін тежеп, екінші тілекке аударамыз, қайсыбір қиын кезде мұны әутеуір тыныштандырудың амалы ғой деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде талап-тілегін көбейте түсеміз. Ылғи осылай дегенін істей берсе, бала не ойласа соны істеудің амалын жасайды. Баланың мұндай алдарқатусыз психологиялық тұрғыдан кемелденуі қамын жасау керек. Егер бала дегенін істеткізіп әдеттеніп қалған болса, мұны үзілді-кесілді тоқтату керек. Бала бұған көндіккісі келмей біраз уақыт қиғылық салғанына төзу керек болады. Аспандағы айды әперемін демей-ақ, мейірімді де ақжарқын, ақпейіл ата-ана болуға күш салыңыз.
|