Егде тартқан адамдардың шашына ақ кіруі-табиғи заң. Белгілі жасқа жеткеннен кейін, әр адамда әртүрлі мезгілде шаш өзінің бұрынғы түрін жоғалтып, ең әуелі сұрғылт тартып, сонан соң ақ кіріп, ақырында біржола аппақ болады. Жеке ақ шаштар көбінесе 30-40 жастан бастап-ақ көріне бастайды. 60-65 жасқа келгенде әдетте шаштың бәрі ағарады. Бірақ кейбіреулердің шашы мезгілінен бұрын ағарып кетсе, кейбіреулер әбден қартайғанда да шашы бұрынғы қалпында тұрады. Жас адамдарда шаштың ағаруы көбінесе жүйке (нерв) жүйесінің бұзылуына, эндокрин аппаратының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты. Ағарған шаш өзінің бұрынғы түсіне келе алмайды, бірақ В, В1, В2, В6 дәрумендерін (витаминдерін) қолдану жалпы ағзаны (организмді) нығайтып, шаштың ағаруын шабандатады. Н.В. Федорова
|