Воскресенье, 07.12.2025, 06:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 26
Гостей: 26
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Март » 16 » Ақтан Нұрбаев
Ақтан Нұрбаев
09:56
Болашағым көгерсін
Қартайып та барамыз, өмір өтіп,
Ай, күн, жылдар ауысып, желіп өтіп.
Бәрін берген табиғат бірақтағы,
Жаратпаған өзекті темір етіп.

Желкілдеген кешегі шөбі жетіп,
Жайлауымның қуарды көгі кетіп.
Сақалымды қайнатқан құртқа малды,
Самайымды сар таңдақ тебін етіп.

Қартайып барамыз-ау, өмір өтіп,
Жаратса да өмірге жемір етіп.
Қорғасыннан құйғандай ауырлады,
Аяқтағы кешегі жеңіл етік.

Ажарым, базарымның ебі кетіп,
Ұялшақ, қорғаншақтың кебі жетіп.
Бір күнде келіндерге қайнаға едім,
Енді міне барады келін етіп!

Қартайып барамыз-ау, өмір өтіп,
Дәрігердің болса да емі жетік.
Қол, аяқ, белдемені мүжіп жатыр,
Атасының қалғандай кегі кетіп.

Тұрмасын білгеннен соң тегі бекіп,
Бұл жазира жалғанның шегіне өтіп.
Өмірде өз еншісін өтеп болып,
Қалыпты құрдастардың көбі кетіп.

Ел іргесі гүлдесін толып жетіп,
Жастарымды жайнатсын көңілдетіп.
Мен өткен өміріме налымаймын,
Ұрпағымды жасартсын өмірлі етіп!

Көңілден күміс жаусын, көмір кетіп,
Арқадан арман түссін жеңілдетіп.
Абыржыма ағайын, күн де жақын,
Өмірді де қоятын темір етіп!..

(А. Нұрбаев «Айтып өткен ақында арман бар ма...» Өскемен «Медиа-Альянс» баспасы 2003ж)
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1220 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Март 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz