Хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Кұрметті мүфти:
-Құран түскен қасиетті Қадір түнінде бүкіл періштелер, рухтар күннің батқаны мен таңның атқанына дейін бір-біріне сәлемдесіп, Алла тағалының пендеге ерекше алғыс бата беретін түні. Сол себептен де, Қадір түні қылған ғибадатқа мың айдың сауабын береді. Мың ай өмір сүру үшін адам 83 жыл 4 ай жасауы керек. Егер сол жасқа адам баласы парыздарын өтеп, намазын оқып келсе, оның дәрежесі де, ұлықтығы да көтерілетін болады. Қадір түнінде тек қана ұйықтамай отыру құлшылыққа жатпайды, сондықтан мүмкіндігінше Алладан тілек, дұға ету керек.
(«Жұлдыздар отбасы», №16, 2011 ж,)
|