Ораза-мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Сондықтан мұсылмандар бұл айда әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған небір оғаш іс-әрекеттерін көріп, ашу шақырар сөздерін естісе де, жарылуға шақ қалған нәпсіне "Мен оразамын" деген жалғыз ауыз сөзбен тоқтау салып сабыр шақырады. Мұндай күтпеген сөзбен соққы алған сол әдеп білместіктердің өзі де терең ойға шомып, тәубасына келеді. Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ бірлігі берік болғай! Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
|