Воскресенье, 07.12.2025, 06:43
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 30
Гостей: 30
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Сентябрь » 27 » ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ МЫҢ БЕС ЖҮЗІНШІ МЕШІТ АШЫЛДЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ МЫҢ БЕС ЖҮЗІНШІ МЕШІТ АШЫЛДЫ
13:15

Өткен жұма күні Алматы облысының Алакөл ауданындағы Қамысқала ауылында мешіт ашылды.

Осы қуанышты оқиғаға Орталық Азия мүфтилері кеңесінің төрағасы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі келді.

«Біздің тәуелсіздігіміздің, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында халқымыздың имандылығы артып, рухани бірлігі нығая түсуде. Бүгінде үлкендермен бірге, жастар мен балалар да Алла үйінде жиі келетін болды. Елімізде жыл сайын мешіттер саны көбейіп келеді, Қамысқалада Қазақстандағы 250-мешіт ашылып отыр, осы Алакөл ауданының өзінде 25 мешіт бар. Олардың бәрі де жамағат көптеп жиналатын қасиетті орынға айналды», - деп атап көрсетті ол.

Мерекелік намазға ауыл тұрғындары көп жиналды. Мұнда 1 083 адам тұрады. Бұрын мешіт болмағанда олар аудан орталығына баратын. Қамысқала ауылында мешіт салуға Алакөл өңіріне танымал Нөкербек Кәрімовтің балалары бастамашы болды. «Әкеміз осы жерге мешіт салуды ойлап жүрген. Бірақ ол кісі үлгере алмай кетті. Әкеміздің өсиетін орындауға тырыстық. Бздің бастамамызды ауыл тұрғындары қызу қолдады», - деді балаларының бірі Бақыт Кәрімов.

Осы салтанатты сәтте Нөгербек марқұмның екінші ұлы Асхан отбасыларының атынан жаңа мешіттің имамына автомашина сыйлады.

Оған риза болған ауыл тұрғындары Нөгербек Кәрімовтің ұлдарына арғымақ мінгізді.

Мешіттің ашылуына орай алғашқы намаз оқылып, қонақтарға дастарқан жайылды.

ТАЛДЫҚОРҒАН. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова

muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1082 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz