Халқымыз о бастан-ақ, жыл мөлшерлеу мен күнтізбе жасаудың бірнеше тәсілін білген. Оны аспандағы жеке жарық жұлдыздар және шоқжұлдыздармен байланыстырып отырған. Жылдың төрт мезгілін, ол мезгілдердегі ауа райының құбылуын, тәулік пен сағаттық мезгілдерді жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың, аспан денелерінің қозғалыстарына қарап дәл аңғарған. Халқымыз жыл басы наурыздың жаңа күнін 22-інен санайды. Бұл көктемнің келуі, жер бетінің ақ қардан арылып, жіпсіп, тоң еріп, бәйшешек гүлі бас көтеріп, шөп жайқалып, қой қоздап, қорада шу болатындықтан емес, қысқы ұзақ түн қысқара-қысқара келіп, наурыздың 21-інде 12 де 12 сағаттық уақыт болып теңеліп, 22-наурызда секөндтеп жарығы ұзара беретін ғаламдық заңдылыққа сәйкес келетіндігімен байланыстырған. Бұдан 2,5 мың жылға жуық уақыт бұрын күн мен түннің аспандағы теңелу нүктесі тоқты шоқжұлдызы тұсында болған. Ал шоқжұлдыздың басқа емес, тоқты аталуының өзі бабаларымыздың наурызды сонша жыл бұрын бастағанына айғақ бола алады. Бабаларымыз ол шоқжұлдыздан қойдың өзін, оның мүйізін көзге елестеткен. Оның астрономиялық таңбасы да осы жануардың мүйізіне келеді. Жалғасы бар...
|