Воскресенье, 07.12.2025, 06:41
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 32
Гостей: 32
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Март » 16 » Қазақы астрономиялық мәні
Қазақы астрономиялық мәні
11:43
Жалғасы бар...
Наурыздың 22-інен нағыз жаңа жыл, жаңа күн мен жаңару табиғи түрде бастау алатынын дәл есептеген ертедегі қазақ жұлдызшалары жер бетіне расытхана-обсерватория салған. Оның қалдығын ғалым П. И. Мариковский Алматыдан 142 шақырым жердегі Іле бойынан тапқан. Ол жерде көктемгі күн мен түн теңелетін тәуліктегі таң алдында түсетін Күн сәулесінің жолын көрсететін ап-анық сызық-арықтар бар. Ондағы сызықтарға Күн сәулесі жылдың бір мезгілінде, тек сол тәулікте ғана түседі. Сөйтіп, ол жаңа күн мен жаңа жылдың басталғанын, сол тәуліктен бастап түннің қысқара, күннің ұзара беретінін айғақтайды.
Қазақ халқы жыл санауында өзге халықтардағыдай ай мен күнге емес, негізінен, жұлдыздардың қозғалысына сүйенеді. Әлем астрономдарының өзі күн есебінің жұлдыздар арқылы жүргізілетін жүйесі туралы біле бермейді. Барлық күнтізбелер үшке бөлінеді: күн, ай және ай-күн бойынша есептеу жүйесі. Бұдан жұлдыз немесе ай-жұлдыз арқылы есептеу жұмбағы ашылмаған, зерттелмеген дүние екенін көреміз.
Қазақтар ай тоғысын, күнтізбе ретінде емес, шаруашылық жүргізуге ғана пайдаланған деген пікірлер бар. Бұл да қисынсыз емес сияқты. Өйткені ай мен үркер шоқжұлдызы бір жылда 13 рет тоғысады. Бірақ иісі қазақта бір жылда 13 ай болады деген сөз аты-затымен жоқ. Әрқайсысы 30 күннен 13 ай болды дейтін пікір шындыққа саяды. Енді есептеп көрелік: 30 күн * 12 ай =360 күн күн/жыл. Қазіргі есепке 5,5 күн жетпей тұр. Бірақ мұны қазақ күн санауының қатесі деуге болмайды. Бабаларымыз бұл бес күнді, көбісе жылдары–алты күн, «бес қонақ» деп атап, ерекше мән беріпті. Ешбір айға қоспай, жеке есептеген. Бұл наурыздың 17, 18, 19, 20, және 21-іне сәйкеседі. Оған дейін «ұзын сарының» уағы бар. Осы күндері ауа райының ең қолайсыз кезеңі саналады.
Жаңа жылдың наурыздың 22-інен басталуы Жердің Күнді айналуы жолындағы қозғалуы ерекшелігімен де сәйкес. Жердің бір жылдық айналымы біркелкі емес. Наурыздың 21-нен қыркүйектің 23-іне дейін-жазғы «жартыжылдық» 186 тәулік, ал 23 қыркүйектен-21 наурызға дейін-қысқы «жартыжылдық» 179 тәуліктен тұрады. Бұл жер ғаламшардың да жаңа жылды көктемнен бастағанын қалайтындай, қысқы мерзімге қарағанда баяу, асығып-аптықпай, жақсы мезгілді ұзақ етуге тырысқандай болатынын көрсетеді.
Отандық баспасөз беттерінен
(«Абыз» №3 наурыз 2011ж)

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 974 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Март 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz