Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында түс ауа Көкшетау-Алматы бағыты бойынша қатынайтын СКАТ әуекомпаниясы жолаушылар ұшағының Алматы маңында апатқа ұшырағаны туралы суық хабар тарады. Әуе кемесінде болған 20-22 отандас бауырларымыздың қаза болғанын естіп, қабырғамыз қайысып, барша халқымыз қасырет шегуде. Опат болғандардың туған-туыстарына, жақын-жұрағаттарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Бір Алла жар болсын! Қайғылы оқиға жетісімен, еліміздегі барлық мешіт имамдарына бақилық болғандарға Алладан медет, пайғамбардан шапағат тілеп, дұға етуге пәрмен бердім. Мүбарак Құранда: «Әрине, сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед ғ.с. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бip қайғы жетсе: «Олар шын мәнінде біз Алладан келдік және Аллаға қайтып ораламыз деді» («Бақара» сүресі, 155-156-аяттар), – делінген. Иә, адам өмірі өлшеулі. Кімнің қашан дәм-тұзы таусылатыны тек бір Аллаға аян. Жалған өмірді қамшының сабына теңеген ата-бабаларымыз бес күндік дүниені жақсылықпен өткізуді өсиет еткен. Пайғамбармыз да (с.ғ.с.) мына жалғанда жолаушыдай өмір сүруді абзал көрген. Хакім Абайдың да айтары осы: «Адамзат – бүгін адам, ертең – топырақ». Жаратушы Иеміз елімізді, жерімізді тосыннан келетін аппаттардан сақтағай! Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей!
Во имя Аллаха милостивого, милосердного!
От имени Духовного управления мусульман Казахстана выражаю глубокое соболезнование родным и близким погибших в крушении гражданского самолета авиакомпании «Скат» следовавшего по направлению Кокшетау - Алматы. Искренне сочувствую членам семьи и близким погибших. Всем сердцем разделяю их бесконечную боль. В Священном Коране говориться: « - и обрадуй терпеливых, – тех, которые, когда их постигнет бедствие, говорят: «Поистине, мы принадлежим Аллаху, и к нему мы возвращаемся! Это – те, над которыми благословения от их Господа и милость». (сура «Бакара», аят-156-157). Да, человеческие трагедии, тем более такого масштаба, "чужими" не бывают. Да помилует их Всевышний Аллах и да пребудут их души в раю. Вечная им память!
Председатель Духовного Управления Мусульман Казахстана, Председатель Совета Муфтиев Центральной Азии шейх Абдсаттар кажы Дербисали
muftyat.kz
|