(«Хадистер жинағы» (Риядус-Салихин) Мұхтасар Имам Нәуәуи Алматы 2011ж, 462б)
«Аллаһтың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару-оның мойнындағы Аллаһтың хақысы. Ал кімде-кім күпірлік қылып, мұны мойындамаса, Аллаһ тағала (оның қажылығына тіпті күллі әлемге зәредей де мұқтаж емес) («Әли Имран»сүресі, 97-аят).
Әбу һурайра (р.а.): «Бір күні Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге уағыз айтып тұрып: «Уа адамдар! Расында Аллаһ тағала сендерге қажылықты парыз қылды, ендеше қажылық парызын өтеңдер»,-деді. Сонда арамыздан бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Жыл сайын өтейміз бе?»-деп сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алғашында үндемеді. Әлгі кісі сұрағын үш қайтара сұраған соң, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер иә деп айтсам, мойындарыңа парыз болып қалар еді. Ал шынын айтқанда оған шамаларың жетпейді ғой»,-деді. Соңынан бәрімізге: «Сендерге (шариғаттың қандай да бір үкімін айтып) оны міндеттемегенімше, орынсыз көп қойып мені мазаламаңдар, өйткені сендерден бұрынғы қауымдардың түбіне жеткен-орынсыз қойған көп сауалдары мен пайғамбарларына қарсы шыққандықтары-тын. Ендеше, бұйырғандарымды шамаларың келгенше орындауға тырысыңдар! Не нәрседен тыйсам, содан бойларыңды аулақ ұстаңдар»,-деп ескертті,-деген. (Мүслим, хаж 412).
Әбу һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): Кімде-кім қажылық парызын өтеу барысында бос әрі жаман сөзден, сондай-ақ, үлкенді-кішілі күнәлардан бойын аулақ ұстаса, анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады»-деп айтқанын естідім,-деген (Бұхари, хаж 4; Мүслим, хаж438).
(жалғасы бар)
|