Жалғасы.
Айша анамыз (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Расулаллаһ! Біз (әйелдер қауымы) Аллаһ жолындағы күресті амалдардың ең абзалы деп білеміз. Олай болса, біз де Аллаһ жолындағы күреске қатыспаймыз ба?» - дедім. Сонда ол: «Сендер үшін ең абзал жиһад-мінсіз өтеліп, қабыл болған қажылық»,-деп айтты»,-деген (Бұхари, хаж4).
Айша анамыз (р.а.): «Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһ тағаланың құл дарын тозақтан ең көп азат ететін күні-Арафа күні», 206-деп айтты», деген Мүслим, хаж 436).
Ибн Аббас (р.а.): Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Рамазан айында өтелген умра (кіші қажылық) –үлкен қажылықпен немесе менімен бірге өтелген қажылықпен тең»,-деген (Бұхари, умра 4; Мүслим, хаж 221).
Лақит ибн Амир (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз « (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Әкем қалтылдаған қарт адам. Қажылықты да, умраны да өз бетімен өтеуге тіпті жол жүруге де қауқары жоқ,-дедім. Сонда ол: «Олай болса, әкеңнің орнына қажылыққа барып, умраны да орындап қайт , деп айтты»-деген (Әбу Дәуіт, мәнәсик 25; Тирмизи, хаж87).
Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Рауха деп аталатын өңірге табаны тигенде әлдебір керуенге кезігіп олардан: «Бұл қай қауым?» -деп сұрады. Керуендегілер: «Біз мұсылманбыз. Ал, сен кім боласың?»-деді. Ол «Аллаһтың елшісімін!»-деді. Сонда бір әйел кішкене баласын жоғары көтеріп: «Мынаған қажылыққа баруға бола ма?»-деп сұрады. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иә (нәпіл ретінде) баруына болады, сен де сол үшін сауап аласың»,-деп жауап берді»-деген. (Мүслим, хаж 409).
|