Халқымыз ежелден сыйластықты қадір тұтқаны аян. Тіпті айнала қоршаған аң-құстың өзін барынша қадір тұтқан: "Қасқыр
да қас қылмайды жолдасына" деп, қасқыр екеш қасқырға да жаны ашыған.
Жаз айларында күшіктерін тойындыру үшін қасқыр алысқа жортып, бірнеше
күн болмай қалса, бөлтіріктері аштан өліп қалмас үшін оған ет әкеліп
тастап отырған. Осыны сезген қасқыр да "жақсылықты жақсылық" дегендей,
қойшы малына бөтен бөрілерді жолатпай қорғайды екен.
М. Қазбеков
|