Воскресенье, 07.12.2025, 06:34
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 18
Гостей: 18
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Апрель » 13 » Басқосуда Бас мүфти не деді?
Басқосуда Бас мүфти не деді?
11:38
Бүгін Бас мүфти бастаған діни басқарма делегациясы Атырау қаласына ресми сапармен келді. Ержан қажы Малғажыұлы «Дін және жастар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, ел болашағы һәм жастар мәселесі жайлы баяндама жасады.
Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жүргізген айтулы басқосуда Бас мүфти жастар арасында кездесетін кейбір келеңсіздіктің, айтап айтқанда, нашақорлық, маскүнемдік, қылмысқа бейімдік, жұмыссыздық, білімге селқостық, жеке бас мәдениеттің төмендігі секілді бірқатар мәселелерді шешудің бір ғана жолы – рухани, имани иммунитетті көтеру екенін кесіп айтты.
Ержан қажы Малғажыұлының сөйлеген сөзінен қысқаша үзінді төмендегідей:  
«Дәстүрлі дініміз Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие. Алайда жастар арасындағы кері құбылыстар мұсылман бауырларымыздың арасында да кездесіп отырғаны жанға батуда. Қазақ қоғамы да осы шындықтармен бетпе-бет келуі жасырын емес. Сергектік жастарға тән қасиет болғандықтан, спортты іні-қарындастарымыздың жан серігіне айналдыра білу де маңызды. Хадистерде жастарды суға жүзу, жүгіру, күрес, садақ ату сынды спорт түрлеріне баулу керектігі айтылса да, бүгінде Ислам әлемі спортта өз биігінен көріне алмай отыр. Ендеше, бізде әлемдік додаларда топ жаратын мұсылман жастарды шығаруға атсалысуымыз қажет. Бүгінгі таңда жеткіншектер арасында семіздік ауруының кең тарап бара жатқаны да алаңдатады. Бұның да алдын алу қажет. Алайда мұның жауабы Исламда қамтылған. Яғни ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу керектігін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтып, ісжүзінде көрсетіп үлгі болып кеткен. Шариғатымызда ненің харам, ненің халал екені ашық та айқын көрсетілген.
Әлемде отбасы құндылығының беделі төмендеп, ажырасулардың азаймай отырғандығы да ел болашағына балта шабуда. Бір сәттік алдамшы сезімге бой алдырып, жоспарсыз жүкті болудың салдарынан жасанды түсік тастауға бейім бойжеткендердің мәселесі де баршамызды ойландыруы тиіс. Өскелең ұрпақты мұндай жаман қылықтардан арылту жолдары қандай? Біз бұл тұрғыда не істеуіміз керек? Ағаштың өзегін құрт жемес үшін діңгегін ақтағаны секілді, ертең жастарымыздың елімізге, дінімізге адал қызмет етуі үшін ислами түсінікті өз деңгейінде қалыптастыруға атсалысқанымыз абзал. Ал ол иммунитетті ата-бабаларымыздың сан ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан Ислам дінінен табарымыз сөзсіз. Ислам әрбір берілген нығметке аманат деп қарауды насихаттайды. Және әркім өзінің қол астындағыларға жауапты екенін де хадисте шегелеп берген. Олай болса, жастармен жұмыс істеуді бәріміз бірігіп қолға алған жағдайда ғана алдын алуға болатындығын айтқым келеді».
500-ден астам адам қатысқан алқалы жиында Бас мүфти дінді ұстанудың өлшемі осы екен деп, шектен шығып, өзінің ұстанатын пікірін дұрыс, өзгесін бұрыс санап жүрген жеткіншектерге де насихатын жеткізді. «Айналадағы адамдардың жағдайымен, халықтың әдет-ғұрпы, таным-түсінігімен санасқан дұрыс. Ислам шариғаты негіздерінде де «әдет-ғұрыптан үкім алынады» деген қағиданы ескерген абзал. Дініміз даналық жолын, орталықты ұстануға үндейді. Еліміздің бірлігі мен тыныштығы үшін кейбір мәселелерде қоғамның түсінігіне қарау қажет. Олай болмаған жағдайда, мұсылман жастарының арасында бөлінушілік, алауыздық орнайды. Ел бірлігі бұзылып, дініміз дүдәмал күй кешеді. Бұл – өте қауіпті», – деді Ержан қажы Маямеров.
Бас мүфти конференцияға қатысушыларды кемшілікке жол беріп, дінді ұстанамыз деп шектен шығып жатқан бауырларымызды өзімізден шеттетпей, олармен тығыз байланыс орнатып, дұрыс бағыт-бағдар беруге шақырды. Біреуге кінә арту оңай, ал оны дұрыс жолға салу тағаттылықты талап етеді.
Ержан қажы Малғажыұлы жоғары оқу орындары басшыларын, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жастарды имандылыққа шақыру жолында ізгілікті іс-шараларды бірігіп атқаруға үндеді.
Конференцияның секциялық отырысында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз «Исламдағы жастар тәрбиесінің кейбір қырлары» тақырында уағыз айтты. Ал ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров «Жастар және уақыт құндылығы» жайлы ойларымен бөлісті.
Конференция мүшелері қоғамдық дүниетанымды және адамның тұрмыс қалпын қалыптастырудағы діннің рөлін, сондай-ақ қоғам мен мемлекетті дамытудағы жастардың үлкен әлеуетін ескере келе, ел жастарына үндеу жолдады. Онда: «Жастарымыз алтын уақыттарын озық білім алуға жұмсап, өз істерінің нағыз маманы болуға ұмтылуы тиіс. Жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер заманында жастардың бар күш-жігері мемлекет пен қоғамның өсіп өркендеуі мен игілігінің артуына бағытталуы қажет», – делінген.    
 
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,
ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы
Атырау
www.muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 735 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz