Воскресенье, 07.12.2025, 06:43
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Декабрь » 6 » БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!
БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!
11:07
Бисмиллахир - Рахманир - Рахим!

Аса мейірімді Алла тағала кемшіліктен пәк! Он сегіз мың ғалам иесі Хақ тағала жұмбақ әлемін яғни қайшылыққа толы ғажайып үйлесім дүниесін адамзат атаулының табанына төседі. Тіпті, қыбырлаған жәндігіне де ризық белгілеп берді. Сондықтан қазанында қайнаған алты миллиардтан асқан пенделері, оның ішінде керемет құламасы мен кемеңгері де Оған бас иеді. Иә - иә, әр мұсылман Аллаға иман келтіріп, жеті нәрсеге яғни Алланың хақ және жалғыз екендігі, Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға яғни жақсы пен жаман бір Алладан, өлгеннен кейін қайта тірілуіне сенуі парыз. Ал осы парыздардың ішіндегі ең қуаттысы әрбір пендеге, халыққа, жаратылысқа тағдыр дайындаушы Алла екендігіне кәміл илану!
Әлеміне бірінші қасиетті Ұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарды «Дүниенің рахымы» ретінде ерекше көркем тағдырмен «Мәңгілік мұсылмандардың патшасы» еткен Алла тағала сол тура жолда рухты жалғастыруға кезегімен дана төрелерін «Көсем» етіп, жіберіп отырады. Жаратушы оның тағдырын асықпай әуелден белгілейді. Махаббатымен ұлы қасиеттерге бөлеп, көкірегін нұрландырады. Құранның «Жақсылық пен жамандық бір Алладан» деген аятына қазақтың «Пешенесін» үйлестіруге болады. О бастан ата – бабаларымыз «Маңдайға не жазса, соны көресің» деп, маңдай тұсын екі сұқ саусағымен көрсеткен. Ал, қияметке дейінгі адам тағдырындағы үзілмейтін жақсылық пен жамандық пенделердің ниеті мен амалдарына қарай өзара бөлінеді.
Қазақ халқының ғасырлық ғұмырында сан қилы тағдыр қиғылығын өткерді. Бірақ, өткеніне қабақ түймей Отаншылдықтың отын өшірмей, болашағынан үміт үзген емес. Жаратқан Аллаға сансыз шүкірлік! Иманын жүрегіне мықтап бекіткен ата – әжелеріміз күні кешегі Кеңес дәуірінде де жүзін құбыладан бұрмай, оразасын үзбей, маңдайын сәждеден көтермей өткен. Қайғысы қасында күліп тұрса да, ниетін еш қашырмаған. Құранын оқып, батамен құмарланған. Сол рух бүгінгі еліміздің тәуелсіздігі. Ол әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлымен еншілес. «Халқына қарап басшысын, оған қарап елін таны» дегендей, біздің асқан көңіліміз бен дархан ниетімізге қарай алтын басты жомарт көшбасшының келуі Жаратқанның нығмет сыйы! Басшыны Алла тағайындайды яғни Елбасымыздың тағдыр жазмышында халқына басшылық ету жазылған. Ал, адам тағдырында мұндай жазым болмаса, адамзат тіптен әйелі мен балаларына да ие бола алмайды.
Дүниені ұстап тұрған бес себеп бар. Халқының әділ басшысы, ғұламалар білімі, қуаттының жомарттығы, кедейлердің дұға – тілегі. Алғашқысы - әділ басшы. Ол Алланың аманаты мен адалдығына бекем дара тұлға. Ал, енді осы төртеуінің басын бір жерге түйістірген не, ол «Халқыма жақсылық бере гөр!» деп, көз жасымен тілеп өткен бабалар баталарының шарапаты! Елінің еркіндігі мен халқының ынтымағын көксеген аталарымыздың дұға шарапаты бүгінгі таңда ат үстіндегі азаматтарды жетілдіріп, оларды үстінен бақылап тұрған Елбасымызға дарыған. Себебі, біріншіден қасиетті Қағба ішінде Хаққа сәжде етуі сонау өткен бабаларымыздың күте – күте көзі талған арман дүниесі еді. «Басшының елін бір сағат әділ басқаруы – бір жылдық нәпіл ғибадатқа тең» деген хадис құдси бар. Әр уақытта «Алла қаласа», «Құдай бұйыртса» деумен сөзін бастайтын бідің Елбасымыз мұсылмандығын танытқан иманды көшбасшы. «Иншаалласыз» ісін бастамаған қазақ, бұл сөздің Құранға жанасарын білгендей. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алдына сауалмен келген адамдарға «Ертең жауап беремін» деп, айтқанына Жебірейіл періште он бес күннен кейін Пайғамбардың «Иншаалла» сөзін айтпағаны үшін, осыншама уақытқа кешіккендігі туралы хабар бергендігі «Кахф» сүресінде баяндалады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қазаққа Елбасымыздың еңбегі көл дария. Алла тағала осыдан он тоғыз жыл бұрын құндақталған егеменді қазақ елін басқаруды нәсіп етті. Ел басқару оңай емес, машақаты мен қиындығына қабақ шытпастан, білегін сыбанған Елбасымыздың жылылық лебінен ескен күлкісінің өзі елдің үлкен үміті болды. Қамқорлығымен әлдилеген елін мәпелей білді, керек болса тіпті, арқалады. Салиқалы саясатымен елінің алғашқы қадамының тұсауын кесті. Дегенмен, жан – жаққа жалтақтаған қазақ жанының саябағында Елбасымыздың батыл шешімдері келешегімізге сенім болды. Алайда, рухын айбынды да азулы барыс бейнесімен әлем картасына паш еткен Президентіміз буыны қатаймаған жас қазағын еркелетпей тіпті, қалғытпады. «Қазақстан - 2030» даму бағдарламасымен жаңа өміріне ынтымақ пен тұрақтылықтың қазығын қағып, тыныштығын күзетті. Тәй – тәй басқан елінің әрбір қадамына әр тағатын арнады. «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін, бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін, ол сондай қажет. Ел басына күн туған нелер бір қилы замандарда да, халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағы мен бірлігі емес пе еді» - деген сөзіне үндес Алла тағаланың «Түп – түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай – ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір – біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылай Алла сендерге аяттарын тура жолға түсу үшін баян етеді» деген аяты бар. Айы оңынан, күні солынан туған қазақ елін әлемдік аспанда жарық жұлдыз еткен Елбасымызға Жаратқан Алла екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін! Өркендеу жолындағы Жолдауларын «Жаратқанға жалбарына жасаған дұғасы» деп, қабылдаймыз. Оның қай тұсы болсын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне жанасып, діннен бастау алғандай. Бір ғана мысал, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз үш адамға яғни жолда және қиындықта қалушыға, ата – ана мен үлкен кісілерге жақсылық жасауды бұйырған. Дүние жүзілік әлем бойынша еңбекке қысқарту жүргізіліп жатқанына қарамастан, экономикамыздың өркенімен жыл сайын қарттардың зейнетақысы, тіптен айлық жалақы, студент стипендиясы биылғы жылы отыз пайызға көтерілді. Бұл үлкеніміз бен кішімізге деген үлкен қуаныш пен құрмет. Жұмысқа жарамсыз, сал мүгедектердің күн көріс төлемақылары жыл сайын үстемеленуде. Жолда бейнетке түсіп, қаржы және ем - дәрілік көмекке қажет болғандарға аэромобильді тікұшақтармен көмек ету жағдайы белгіленген. Қазақтың санын көбейтуде әр туылған балаға жас аналарды ынталандыру төлемақылары тағы бар. Жағдайы төмен отбасы балалары, жұмысы бүгін бар, ертең жоқтың қатарындағы жүрген адамдарды оқыту, білімге тарту. Жұпыны отбасыларын үкімет тарапынан қамқорлыққа алу, қазіргі ауыл жағдайы мен ауыл – шаруашылығын өркендету бастамасы алдағы жарқын болашақтың іргесі!
Жүрегіне Алланың нұрын бекіткен Нұрсұлтан ағамыз Алатау баурайындағы туған жері Шамалғаннан бастап, Қазақстанның барлық ауыл - аймақтарына, ірі облыстар мен қалаларға көкке созылған мұнаралы Алланың зәулім үйлерін салдырумен қатар, еңселі Астана төрінен «Нұр - Астана» мешітінің есігін өзі ашып беруі де ерекше зор ғибадат. Ата – баба дәстүрімен әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерін еліміздің төріне дөңгелете жинап, діндераралық және ұлтаралық қатынасқа сыйластық пен түсіністікті құрақ етуге шақырған Елбасымыздың тұрақты діни саясаты – мұсылман қазақ босағасының тұтқасы. Кезінде Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз Хұдайбия жерінде кәпірлермен он жылға соғыспау туралы келісім шартқа отырған. Одан сол кезеңде мұсылман жамағаты көп жеңіске жетті. Ол жылдар мұсылмандардың алға басу кезеңі болды. Елімізде «Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш» деген қағида осыдан шыққан болуы тиіс. Жуырда ғана елімізде Еуропалық Ынтымақ Одақтастық Ұйымы (ЕЫОҰ) мемлекеттерінің басшылары ат тізгіндете бас қосқан Саммиті дүниелік тарихқа алтын әріппен мәңгілікке қашалып жазылды. «Бір ел мен жерге алыстан не жақыннан қонақ келсе, өзімен бірге қырық несібесін ала келеді. Қырықтың бір бөлігін өзі жеп, қалғанын сол мекенге қалдырады» деген хадис бар. Күні кеше еліміздегі Азиада ойынында салауатты өмір салтының туын салтанатпен тігуі үлкен дәреже. Міне, Алла тағала төресіне Өзі тағдыр жазуын да білген! Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан ағамызды нағыз мүмин деп, асыл дінімізге жанашыр да мейірімді істері жанымызға қуат беретінін айта келе, еліміздің төрінде ұзағынан отыруын бүкіл ел – халық болып, Жаратқан Алладан сұрайық деп тілеймін! Әумин, Аллаһу Әкбар!

Нұрлан Байжігітұлы Асанов
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Өскемен аймақтық өкіл имамы


oskemen-meshiti.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1194 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz