Таяуда бір топ дін қызметкерлері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі ҚМДБ төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы Мұхаммед-Хусейн Алсабеков пен Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Құлмұхаммед қажы Маханбетке мерекелік төсбелгіні салтанатты түрде тапсырды. Бас мүфти дін қызметкерлерін мемлекеттік марапаттарымен құттықтап, ел игілігі үшін жасап жатқан сауапты да салауатты жұмыстарын одан әрі жандандыра түсуіне тілек білдірді.
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы
|