Таяуда Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті жанынан Дінтану зерттеулер орталығы ашылды.
Орталықтың ашылуы Өскемен қаласының «Единство» қоғамдық қоры, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастырған «Қазақстандағы конфессияаралық келісімді дамытудың негізгі аспектілері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті. Орталық дін саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен, аймақтағы діни жағдайды талдау мен оған мониторинг жасаумен, қазақстандық конфессияаралық келісім моделін зерттеу және насихаттаумен, мемлекеттік органдарға халық арасында ақпараттық-ағарту, түсіндіружұмыстарын жүргізуге көмек көрсетумен, дін мәселелері жөнінде ақпараттық-насихаттық топ мүшелерін қайта даярлаумен айналысады.
|