Воскресенье, 07.12.2025, 06:35
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 18
Гостей: 18
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2013 » Август » 3 » Елбасы атынан ауызашар берілді
Елбасы атынан ауызашар берілді
01:15
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,ҚМДБ баспасөз хатшысы:
Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан ауызашар берілді. Оған шаһар басшысы Ахметжан Есімов, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастаған діни басқарма қызметкерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ауызашар дастарханның беташарын Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қасиетті Құран аятымен ашты. Бас мүфти бата жасағаннан кейін құттықтау сөз Ахметжан Смағұлұлына берілді. Қала әкімі жамағатты мүбәрак рамазан айымен құттықтап, ізгі тілек-лебізін білдірді. Ислам дінінің асыл құндылықтарын халыққа паш етуде мүфтияттың сүбелі жұмысы туралы пікірлерімен бөлісті. Ол діни басқарманың қарқынды ізгі іс-шараларына ұдайы көңіл бөліп, өз тарапынан қолдау білдіретінін жеткізді.
Ауызашар дастарханында Ержан қажы Малғажыұлы жиналған жұртқа жүрекжарды тілегін айтып, мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Рамазан айында игі де ізгі, сауапты амалдарды атқарудың маңыздылығына тоқталды. Ел азаматтарын елдік мұрат пен халық игілігі, дәстүрлі дініміздің насихат жұмыстарына бір атаның баласындай қызмет етуге шақырды. Бүгінгідей бейбіт заманның қадірін сезініп, Жаратушыға жақсы істермен жақындауға үндеді.
Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз ораза ұстаудың мәні мен маңызы жайлы уағыз айтып, көпшілікке көп ой тастады.
Мерекелі һәм берекелі дастарханда зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері ізгі ниеттерін білдірсе, әншілер ғибратты ән мен жырдан шашу шашты.
muftyat.kz

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 742 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Август 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz