Воскресенье, 07.12.2025, 06:41
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Сентябрь » 15 » ЕЛІМІЗДЕГІ ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ЕЛІМІЗДЕГІ ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
02:12
Өкіл имам жиналыс өткізді

Мәшһүр Жүсіп мешітінің Бас имамы Исенов Нариман қажы облыстың барлық аудан имамдарымен жиналыс өткізді. Онда ол алда тұрған келелі міндеттерге тоқталды. Соған сәйкес, алдағы уақытта рухани іске көп көңіл бөлінетін болды. Бүкіл аудандарды аралап, ондағы жұмыс жағдайларымен танысуды жоспарға енгізген имамдар шәкірт оқытуға да жіті назар аударды. Сондай-ақ, қарилар даярлау, мешіт айналасын абаттандыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Н.Ермекұлы аудан имамдарының қызметін жақсарту мақсатында оларды белсенді түрде, тіпті бір-бірімен ізгі ниетте жарысып жұмыс істеуге шақырды.

Имам мешіт пен медреседе болды

Облысымыздың Бас имамы Нариман қажы Ермекұлы Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті мен медресесінде болып, ондағы жағдаймен танысты. Медреседе оқитын 45 шәкіртке жатар орындары тарлық ететінін, ұстаздар жетіспейтінін, еңбекақының төмендігін, демеуші жоқ екенін және үкіметке қарызы барын білген өкіл имам алдағы уақытта осы мәселелермен айналысатынын жеткізді.

Ауылда мешіт ашылды

Шарбақты ауданы, Хмельницкий ауылында Рамазанның соңғы күндерінің бірінде жаңа мешіттің ашылу салтанаты болды. Алғаш болып сөз алған ауыл әкімі Марат Халелұлы өз қаражатына мешіт салдырған Темір Солтанұлына алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Бақытылы Қалыбаева да: «Бұл мешіт болашақта жастардың тәрбие ордасына айналуын Алла нәсіп етсін», – деген тілегін жеткізді.

Өз кезегінде ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамы Нариман қажы Ермекұлы мешіт салудың сауабы жайлы айта келе: «Осындай игі іспен жерлестерін қуантқан Т.Солтанұлына Алланың нұры жаусын», – деді.

Мешітке ұзақ жыл дін жолында қызмет еткен молда Рамазанның аты берілді.

ҚМДБ-ның Павлодар облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Қамкөңіл жандарға қолдау білдірді

ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы Тыныштық қажы Яхияұлының ұйымдастыруымен қаламыздағы Әнет баба атындағы орталық мешітте жағдайы төмен 27 отбасының балаларына мектеп формалары мен аяқ киімдер табыс етілді. Қайырымдылық шарасына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Көмек көрсетілген отбасылар ішінде өзге ұлт өкілдері де бар. Балалардың жас мөлшері 9-16 жас аралығында. Барлық балалардың өлшемдері алдын-ала алынып, сол бойынша діни қызметкерлер киім-кешек алды. Орташа есеппен әр балаға 10-12 мың теңгенің киім-кешегі берілді. Өз кезегінде ата-аналар дін өкілдеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Дәл осындай қайырымдылық шаралары аймақтағы барлық мешіттерде өткізілуде. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тек киім-кешек емес, азық-түлік, отын-көмір де беріліп жатыр. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Дәулетхан Мұрзақасымов,
Семей қалалық Қос мұнаралы
орталық мешітінің іс басқарушысы

muftyat.kz
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1008 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz