Воскресенье, 07.12.2025, 05:24
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2019 » Август » 7 » Ермек Мухатай, Ерлан Саиров: Дін – өз функциясын атқаруы тиіс
Ермек Мухатай, Ерлан Саиров: Дін – өз функциясын атқаруы тиіс
20:06

Жаһандану дәуірінде алпауыт күштер не түрлі қитұрқы ойындар ұйымдастырып, майлы ішекті шыбық салып айналдырдырғандай адами құндылықтарды құрал ретінде өз мақсаттарына ары тартып, бері тартып пайдаланып бағуда. Соның ішінде адам өмірінде ең маңызды рөл атқаратын дінді де саясаттың һәм өзге де фәнилік мүдделердің қолбаласы еткісі келетіні ешкімге жасырын емес. Осының әсерінен бүгінде қалың бұқара дін десе дереу астарына ши жүгіртіп, әңгіменің ауаны қайда ойысар екен деп үркектеп қарайтындай жағдайға жетті. Ғұмыр майданның «асуларын» еңсеру үшін не түрлі әдістер мен ұстанымдарды ту етіп көтеріп, түрлі діни ағымдар, жамағаттар ортаға шықты. Еншісі бөлінбеген Алаш баласы шөре-шөре болып бөлініп, шілдің тезегіндей шашырап, тәуелсіздік алып, нағыз бәсекеге түсер шақта болдырған аттай қожырап, рухани мешеулікке ұрынды. Діннің мәйегін жұтынбай, формасын ғана тұтынуда.
Не істеу керек? Қайтсек қалың бұқараны бұл рухани тығырықтан алып шыға аламыз?
Әлбетте, белгілі мерзім ішінде бітуге тиіс «жобалар» секілді қойыртпақтатып әкеліп, былдыр-быдырақ бірдеңелерді шимайлап, өміршеңдігі жоқ ойдан шығарылған шарттар мен қағидаларды тізбектеп, жеткізбейтін «сағымды» мақсат етіп көрсетіп, тұжырымдама жасай салу қиын емес. Бірақ, мұндай үсті-үстіне үйіп-төгіп он, жүз, мейлі мың «жоба» жасасақ та мәселені түбегейлі шеше алмаймыз. Неге? Өйткені, біз діннің ең негізгі айтарынан, арнасынан ауытқып кеттік. Дінге илаһи құндылық ретінде емес, өмір сүрудің спекулятивті құралы ретінде қарау тенденциясы басымдыққа ие болуда. Тіпті, базбіреулер дінді бақай есепке пайдалануда. Ұрыс-керістің тұздығына айналдыруда.
Әсілі, ең алдымен дін – Хақ сенімді нығайтатын күш. Дүниені толық танытатын илаһи ілім бұлағы. Сосын индивидтің бойына адамгершілік қасиеттерді егетін моральдік құндылықтардың қайнар-көзі. Дінді тұтынуші дінге жақындағанда діннің осы қырларын игерем деп ұмтылуға тиіс. Дінді үйретушіде де бұдан басқа мақсат болмауға тиіс. Яғни, дін өз функциясын атқаруы керек. Егер, айтушы мен тыңдаушының, үйретуші мен үйренушінің ындынында бұл ымыра болмаса, онда ыдырағанымыз ыдыраған, құлдырағанымыз құлдыраған.
Иә, халық сол баяғы божыраған күй кешуден шаршады. Бітеу түйсігіміздің көзін ашып, қайта өз-өзімізді бір сілкілемесек, игі өзгерістер жасай алмайтынымыз – Хақ!

facebook.com

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 475 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Август 2019  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz