Қазағым
Аман-есен өттің талай ғасырдан, Қазағым-ай не кешпедің басыңнан?! Асып-тасқан ақ көңілің кіршіксіз Талай рет су сепкендей басылған.
Айналайын жер-суыңнан, тасыңнан, Ай-күніңнен маған нұры шашылған. Гүлдене бер, құлпыр бүгін, қазағым, Қызғалдақтай жаңа ғана ашылған.
Шыңырауға туған халқын қия алмай, Терін төккен сан ер кетті-ау сия алмай... Игі ісін жалғастырам халқымның Көзіне оның қарау үшін ұялмай.
|