 Сіздерді Жана Жылмен және Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаларыңызға ырыс-береке, үйлеріңізге молшылык тілеймін. Денімiз сау, елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын. Еліміз өзінің тәуелсіздігі жолында талай сындарды басынан өткерді. Бүгінде Қазақ елінің әлемдегі орны мен беделі жылдан-жылға нығайып, экономикасы дамуда. Елбасының жүргізіп отырған саясатына халық толық қолдау көрсетуде. Бұл да біздің береке-бірлігіміз. Кұрметті жерлестер! Осындайлық бірлігіміз артып, табыстан табысқа жете берейік, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Ізгі тілекпен, Ибрагим қажы Қарнақбайұлы, Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің бас имамы.
Төле бидің батасы Атасызға ата бол! Батасызға бата бол! Арып-ашқан қаріптің, Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол, Кек сақтамас бала бол! Дос сүйініп, қас сыйлар, Асу бермес дана бол!
Төле ата бата беріп жайды қолын: Қалидай нұрлы болсын оң мен солың, Рүстем дастанындай мәшһүр болып, Қарағым, қайда барсаң, болсын жолың!
|