Өскемен орталық мешітінің баспасөз қызметі: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қалалық № 26 орыс
мектебінің өскелең жас ұрпағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарынан
ислам діні жайлы үздіксіз беріліп жатқан мәліметтерінен өз ара
құштарлығы туындап, ұстазының соңынан балапандарша тізіліп,
қызығушылығын Алланың жердегі үйі мешіттен бастады. Өскемен орталық
мешітінің сыртынан басталған саяхат әжептәуір уақытқа созылды. Саяхатшы
балалардың көңілі ғибадаттың сырлы қатпарындағы мұсылман өмірі мен
бейнесіне үңілді. Ислам дінінің құндылықтарымен таныса келе, кішкене
санасына ұялаған сұрақтарын қойып, ойларын сараптады. Саяхат бойында
өздеріне ұнаған тұстары мен әсерлерін бөлісуден тартынбады. Оқушыларының
қуанышты жүзін көрген ұстазы лебізін білдірді. Өскемен орталық
мешітінің азаншысы Кабидолдин Даулеттің орыс тілінде жүргізген уағызын
мұқият тыңдап, бір уақ құран тыңдады. Алғыстарын айта келе, қала
орталығында жаңадан салынып жатқан үлкен мешітке саяхатын
жалғастыратынын жасырмады. Мешіттен ұзап бара жатқан саяхатшы балаларды
«Келесі кездескенше өрелі келешек!» деген көңіліміздің жылы шуағы оларды
орта жолға дейін шығарып салды.