Воскресенье, 07.12.2025, 06:39
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 32
Гостей: 32
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Март » 8 » Кенен Әзірбаев (1884-1976)
Кенен Әзірбаев (1884-1976)
10:02
Қалады-ау (соңғы әні,1976 жыл)
А-ау!
Қайран елім, туған жерім,
Ажал жетсе қалады-ау.
Қара көрге, қатты жерге
Халқым шулап салады-ау.
Жалғыз «көйлек» еншім тимек,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Есіл тәнім, салтанат-сәнім,
Жер астында қалады-ау.

Жарым, балам, іні-аға,
Жора-жолдас қалады-ау.
Ақ домбырам, қағаз-қалам,
Серік болған қалады-ау.
Қимас достар, тең құрдастар,
Кәрі, жастар қалады-ау.
Бірге жүрген, ойнап-күлген,
Замандастар қалады-ау.

Қала-дала, сай мен сала,
Жүрген жерлер қалады-ау.
Тау мен тастар, тартқан көкпар,
Әріптестер қалады-ау.
Сыңғыр қаққан, сырын айтқан,
Күміс бұлақ қалады-ау.
Жалғыздығың, шықпас үнің,
Тап сол жерде болады-ау.

А-ау!
Көпұлтты ұлы Отаным,
Одақтастар қалады-ау.
Қырғыз, қазақ, абақ-тарақ,
Ардақты елім қалады-ау.
Арғын, найман, қоңырат, қыпшақ,
Керей, уақ қалады-ау.
Әлім, адай, жағалбайлы,
Саңлақты елім қалады-ау.
Алтын, жаппас, тама, табын,
Жан-жақты елім қалады-ау.

Албан, суан, бірге туған
Қалың дулат қалады-ау.
Шапырашты, ысты, ошақты,
Сары үйсінім қалады-ау.
Ботбай, шымыр, сиқым, жаныс,
Бауырластар қалады-ау.

Жарылқамыс, қасқарауым,
Ораз, Бұқар қалады-ау.
Солтанкелді, Бөкен бауырым,
Сати-Боти қалады-ау.
Сыбаға алып, қазы салып,
Қай бауырым барады-ау?
Қазы салып, есіне алып,
Қай туысым барады-ау?

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1312 | Добавил: модератор | Рейтинг: 4.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Март 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz