Бас мүфтидің тапсырмасымен ақпан айы «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» айы болып жариялағаны белгілі. Осы тапсырманы жүзеге асыру, мүгедек жандарды рухани және материалдық жағынан қолдау мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен өкілдігі арнайы іс-шаралар жоспарын жасап, іске асыра бастады деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметінің мәлімтенше, мешіттің найб имамы Досжан Үмбет Өскемен қаласындағы «Мүгедек балаларға арналған мектеп-интернатында» болып, осындағы оқу мен спортта үздік оқушыларға спорттық құрал-жабдықтар тарту еткен. Қайырымдылық шарасы барысында мемлекетіміздің Әнұраны шырқалып, балалардың құрметіне әсем ән, күмбірлі күй төгілді. Сонымен қатар тағылымды қойылымдар ойналды.
Облыстық мешіттен жасалған қайырымдылық шарасына интернат оқушылары риза болды.
«Балалардың жүзінен қуаныш көру біз үшін зор мәртебе. Осындай игі шаралар жасап жатқан мешіт ұжымына алғыс айтамыз. Балалар үшін сауапты іс жасау кең өріс алса» деп атап өтті, осы мекеме тәрбиешілері.
baq.kz
|