ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұсынысымен Өскемен қаласы әкімдігі Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының тапсырысы бойынша «Экспертиза и Аналитика» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің аула шамдарын жаңартып шықты.
Самаладай жарқыраған биік шырақтар қаланың көркіне сән беріп тұрған еңселі мешіттің көз тартар әсемдігін одан ары арттырып тұрғандай әсер береді.
«Облыстық мешіт – бұл Өскемен қаласындағы көрікті ғимараттардың бірі. Мұнда келушілер өте көп. Қаламызға келген қонақтар да осында келіп міндетті түрде тамашалап кетеді. Сондықтан мешіттің маңы сәнді болуы керек. Біз Өскемен қаласының әкімдігінің тапсырысымен мешіт ауласына биік шамдар орнатып аяқтадық. Бұл мешітке кешке, түнде келушілерге қолайлы жағдай туғызады және мешітке сән беріп, түнде де күндізгідей жарқырап тұратын болады» деп атап өтті, тапсырысты орындаушы «Экспертиза и Аналитика» ЖШС мамандары.
Өкілдік тарапынан және әкімдіктің қолдауымен мешіт ғимаратының сыртқы келбетінің әсемдігі мен тазалығы, реттілігі қашанда басты назарда.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|