ЖАНТ аясында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетіне арнайы барып, студент жастармен кездесу жасады.
Басқосуға қатысқан жастарға өкіл имам кері ағымдардың шығу тарихынан әңгімелей келе, оның терең зардаптарына жан-жақты тоқталды.
«Бүгінгі таңда лаңкестік күллі жаһанды алаңдатып отыр. Кері ағымдардан сақтану үшін халықтың діни сауаттылығы жақсы болуы керек. Жастар теріс ағымдарға ілесуден сақтанып, өздерінің діни сауаттылығын арттыру маңызды. Сонымен қатар ел ертеңі жастарымыз білімді, білікті мамандар болып қалыптасуы қажет. Исламда білімге құштарлық жайлы көптеген тағылымдар бар» деп атап өтті өкіл имам.
Жастар қауымы өкіл имамға өздері байыбына бара алмай жүрген сауалдырын қойып, жауап алды.
Кездесу рухани-танымдық әңгімеге толы болып, аса қызықты өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
|