Воскресенье, 07.12.2025, 06:38
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 31
Гостей: 31
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Март » 3 » Ұлыстың ұлы күні-Әз Наурыз Жақсы тілектер күні
Ұлыстың ұлы күні-Әз Наурыз Жақсы тілектер күні
10:11
(«Абыз», №3, 2011ж)
Ұлыстың ұлы күні «Наурыз құтты болсын!»-деп бір-бірімізді құттықтап жатамыз. Мерекенің «Ұлыстың ұлы күні» деп аталу себебі неде?
Бұл жайында халқымыздың жадында қалған аңыз бар. Әфсанаға сүйенсек, Бір күні Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Нұх пайғамбардың кемеден түскен барша тіршілік иелеріне ең ұлық мереке-күн мен түннің теңелуін, яғни, жаңа бір өмірдің басталуын тойлауға әмір бергені айтылыпты. Күн мен түннің теңелуі-табиғаттың мерекесі. Сол сәтте, жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскеннен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Адамзаттың бойына қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсінде қызғалдақтар құлпыра өсіп, бел-белестерге қызылды-жасылды кілем төселеді. Үй иелері бар ыдысты аққа, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады. Жылдың алғашқы күнінде қар жауса «ақша қар», жаңбыр жауса «нұр жауды» деп шаттанған. Ұлыс-жақсы тілектер күні. Араздасқандар төс қағысып, татуласады. Бұл күнгі қайын ата мен келін, күйеу бала мен қайын ата арасындағы әзіл де жарасымды.

Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1583 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Новости [240]
Жаңалықтар [277]
Поиск
Календарь
«  Март 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz