Мәулітті атап өтуді бидғат, адасушылық деп санайтындар имам Әбу Даудтың жеткізген хадисіне сүйеніп, соны дәлел ретінде алға тартады. Ирбад бин Сария атты сахабадан пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Жаңа істерден сақ болыңдар. Өйткені, әрбір жаңа іс-адасушылық»,-деп айтқаны жеткізіледі. Насаидің риуаятында: «Әрбір бидғат тозаққа жетелейді»,-делінген хадис те бар. Алайда, бұл хадистердің астарында үлкен мағыналар мен үкімдер жатқанын ескеру керек. Себебі пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір бидғат-адасушылық»,-деп Исламға, яғни Құран мен сүннетке қарсы келетін жаңалықтарды айтқан. Сондықтан да бұл жоғарыда айтып кеткен хадистердің сыртқы мағынасына мән бермесек, басқа сахих хадистерге қарсы шыққан боламыз. Мысалы Имам Мүслім Жаририбн Абдулла әл-Бәжәлиден
пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кім Исламға қарсы жол салса (жол түзсе), ол үшін оған және соған амал еткендердің де сауабы жазылады, олардың ешқайсысының сауаптары кемімейді. Кім Исламға жаман жол салса, ол үшін оған да, қасына ергендердің де күнә жазылады. Бірақ ешқайсысының күнәлары кемімейді»,-деген хадисін жеткізді. Демек ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): мәулітін атап өту шариғатымызда мақұлданған жақсы амалға, яғни салынған жақсы жолға жататынын айтуымыз керек.
Осы мағынада Айша анамыз (р.а) жеткізген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер де біреу біздің дінімізге сай келмейтін жаңалық енгізсе, ол жаңалық тәрк етіледі»,-дейді (Бухари, Мүслім). Бұл жерде дінімізге «сай келмейтін» жаңалық дегені шариғатқа қарсы келген болса, оның тәрк етілуін, ол шариғатқа сай келмейтін жаңалықтың қабылданатынын меңзейді деп түсінген дұрыс.
|